Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген тоқсан жеті метрлік сәулет өнерінің бірегей туындысы - Бәйтерек. Бәйтерек монументі - Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі.
Аңыз бойынша, киелі құс Самұрық өмір ағашына ұмтылады, өмір ағашы - Бәйтерек. Самұрық ағаштың алтын ұшар басында алтын жұмыртқаны тастау үшін қорғанады. Алтын ұрық - ол өмір және үміт беретін Күн. Сол күнді аш Айдаһар түбінде аңдып отырады.Бұл - жақсылық пен жамандықтың мәңгілік күресінің бейнесі. Ағып жатқан Бейбітшілік өзенінің бойында тұрған Бәйтерек аспанды тіреп тұрғандай көрінеді.
Бүгінгі таңда «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі.
Шишигина Ольга Васильевна (1968 жыл Алматы қаласы, Қазақстан) - қазақстандық жеңіл атлет, спринтерші, Сидней олимпиадасының чемпионы (2000), Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.
Биографиясы
Шишигина Ольга Васильевна 1968 жылдың 23 желтоқсанында Алматы қаласында туылған.
Жеңіл атлетикамен (Кедергілерден 100 метрлік спринтерлі орғу) 1978 жылдан бері шұғылданады.
1985 жылы КСРО құрама командасы сапына кірген.
1986 жылдан Кеңестер Одағының көптеген чемпионаттарына қатысқан және одан бірнеше дүркін жүлделерге ие болған.
1992 жылы ТМД елдерінің "Жастар ойыны" жарысының таңдаулы төрттігіне енген (Донецк қаласы).
1994 жылы Санкт-Петербург қаласында өткізілген ойында Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындаған.
1994 жылғы Жапонияның Хиросима қаласында өткен Азия ойындарында жеңімпаз болған, осыдан кейін оған "Қазақстан Республикасының спортқа еңбек сіңірген шебері" атағы берілген.
1995 жылдардағы жазғы (Гетеборг, Швеция) және қысқы (Барселона) әлем чемпионаттарының күміс медаль иегері. Одан кейін 1999 жылғы жабық жайда өткен (Маэбаши, Жапония) әлем чемпионатында алтын жүлде мен 2000 жылғы Сидней олимпиадасындағы жеңісі.
2007 жылы Канаданың Эдмонтон қаласында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдені иеленді. Содан кейін спортшы жарақат алуына орай үлкен спортпен қоштасты.
2002 жылы Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт Академиясын бітірген. Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт Академиясының жеңіл атлетика кафедрасының меңгерушісі.
Марапаттары
І дәрежелі “Барыс”, “Құрмет”, “Дарын” ордендері.
Жалғаулар
Жалғау— сөз бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Жалғаудың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік. Жалғаулар бірінен соң бірі жалғана береді. Мұндай жағдайда көбінесе алдымен көптік, онан соң тәуелдік, сөз соңында септік жалғаулары жалғанады, жіктік жалғауы да сөз соңында жалғанады: оқушы-лар-ымыз-ға, бала-мыз, келе-сіз.
Көптік жалғаулар: дар/дер л, м, н, ң, ж, з
тар/тер қатаң дауыссыздар + б, в, г, д
лар/лер дауыстылар + й, р, у
қағаздар, емтихандар, кiлемдер, жолдастар, мектептер, таулар, үйлер.
Септік жалғаулар арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де, есімдер өзді-өздері де жалғасып әр алуан қарым-қатынасқа түседі.
Атау септік: – еш жалғаусыз.
Ілік септік: - ның, - нің, - дың, - дің, - тың, - тің.
Барыс септік: ға,ге,қа,ке.
Табыс септік: - ны,- ні, - ды, - ді, - ты, - ті.
Жатыс септік: - да, - де, - та, - те.
Шығыс септік: - нан, - нен, - дан, - ден, - тан,- тен.
Көмектес септік: - мен, - бен, - пен.
Мысалы:
Кітап/мектеп
Кітаптың/мектептің
Кітапқа/мектепке
Кітапты/мектепті
Кітапта/мектепте
Кітаптан/мектептен
Кітаппен/мектеппен
Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді
I жақ: -м, - ым, - ім.
II жақ: –ң, - ың, - ің.
II жақ: –ңыз, - ңіз, -ыңыз, - іңіз.
III жақ: -сы, - сі, -ы, -і.
Мысалы:
Жекеше:
Менің досым/дәптерім
Сенің досың/дәптерің
Сіздің досыңыз/дәптеріңіз
Оның досы/дәптері
Көпше:
Біздің досымыз/дәптеріміз
Сендердің достарың/дәптерлерің
Сіздердің достарыңыз/дәптерлеріңіз
Олардың достары/дәптерлері
Жіктік жалғау - баяндауышқа ғана тән жалғау. Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқарады.
Жіктеу категориясы - қазіргі қазақ тілінде тек етістікке ғана тән қасиет емес, баяндауыш болып қызмет атқара алатын өзге де сөз таптарына, соның ішінде есімдерге де тән қасиет.
Жекеше /// көпше
І жақ -мын, -мін, -бын, -бін, -пын, -пін /// І жақ - мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз.
ІІ жақ -сың, -сің /// ІІ жақ -сыңдар, -сіңдер
ІІ жақ -сыз, -сіз /// ІІ жақ -сіздер, -сыздар
ІІІ жақ – ///ІІІ жақ-
Оқушымын /Оқушымыз
Оқушысың/ Оқушысыңдар
Оқушысыз /Оқушысыздар
Оқушы/ Оқушылар.