М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
AlexCairon5
AlexCairon5
07.08.2021 02:22 •  Қазақ тiлi

2014 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің шешімімен 18 мамыр «Түркі жазуы күні» деп жарияланып, Үкімет шешімімен бекітілді. Бұл датаның таңдалу себебі, дәл осы күні ежелгі түркі сөздері жазылған Күлтегіннің көк тасының көшірмесі Моңғолия даласынан Астанаға әкелінген болатын. Бұл жөнінде Астанада өткен түркі жазбалары мен мәдени күндерінің аясында Кимек мемлекетінің 1100 жылдығына арналған «Еуразия қыпшақтары: тарих, тіл және жазба ескерткіштері» халықаралық ғылыми конференциясында түркітанушы ғалым Алдан Смайыл мәлім етті: «Көне жазулардың тарихын мектеп оқушылары білмейді. Біз соны осы күнге дейін тереңдетіп оқыта алмай отырмыз. Сонда не істеуіміз керек? Осының барлығын ойлай келе, өткен жылы Үкіметке тағы да хат жолдадық. Хаттың негізгі мақсаты – руна жазуының күндерін біз арнайы өткізуіміз керек. Ғылыми тұрғыда, салтанатты тұрғыда дейсіз бе, әйтеуір өткізуіміз қажет», – деді ол. Ғалым, осы ретте, славян елдерінің бізге үлгі көрсетіп келе жатқанына талай жылдың болғанын атап өтті. «Славян жазуы күнінің халықаралық деңгейде өткізіліп келе жатқанына он жылдан асып кетті. Олар жай ғана өткізбей, славян мәдениетінің ұлылығын дәлелдеуге арнайды. Әлемде тек қана бір тіл ғана болған сияқты, ол славян жазуы сияқты өткізеді. Соған әлемдегі бүкіл славянтанушы ғалымдарды шақырады, тіпті барлық республикада, Қазақстанның өзінде өткізіп келе жатырмыз. Целиноград қаласы болып тұрғанда, славян жазбасының күні осы жерде өтті. Ал руна-сына жазуы туралы ештеңе демейміз. Сол тойлар өтіп жатқанда, іштей қынжылатынбыз. Одан да бұрын пайда болған көне жазуымыз бар. Тіпті кейбір ғалымдардың дәлелдеуінше, грек әліпбиіне, кириллицаға негіз болған руна жазуын неге дәріптемейміз деп іштей толғанатынбыз», – деп ой бөлісті түркітанушы. Осыған байланысты ғалымдар таяуда тағы да республика Премьер-министріне сауал жолдаған. Олар сына жазуының, жалпы түркі жазбаларының тарихын мектепте және жоғары оқу орындарында тереңдеп болмаса да, жеткілікті деңгейде оқыту қажеттігін алға тартқан. Ол үшін арнайы ғылыми-әдістемелік бағдарлама әзірлеу керек. «Екіншіден, Қазақстанда жыл сайын сына жазуы күнін атап өтуіміз керек. Осыған тек қана біз емес, түркі тілдес елдердің ынтымақтастығы кеңесі, халықаралық түркі академиясы, түркі тілдес елдердің парламенттік ассамблеясының күшін біріктіре отырып, түркі әлемінде өткізу туралы ұсыныс жасаған едім. Біздің ұсынысымызды мақұлдаған жауап алып отырмыз», – деп сөзін түйіндеді түркітанушы ғалым.
Сұрақтар:
1) Көне руна жазуын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы мәселені кім қайда қашан көтерді?
2) Бұл бастаманы қолдаушылар көне руна жазуының күндерін арнайы атап өту не үшін маңызды деп санайды?
3) Көне жазулардың ішінде ұзақ жылдар бойы аталып, ерекше тойланып келе жатқандары бар ма?
4) Көне руна жазуының мәртебесін көтеру мақсатында ел ағалары қандай шаралар атқаруда?

👇
Открыть все ответы
Ответ:
virusvirus93
virusvirus93
07.08.2021

Нағыз дос жолдасын жамандыққа қимайды, сатқындық жасамайды, жауға бермейді. Сондықтан досы көптің олжасы да көп екені анық. Доссыз адам - қанатсыз құспен тең . Тек доспен ғана өмірің жарқ етіп , мәнді болады. Адамның жақындарына да айта алмайтын сырлары болады. Сондай кездері ішіңдегіні досыңа ғана ақтарып айтып, сенім арта аласың.Досыңмен күнде ыржың-тыржың етіп күлген жөн. Доспен бірге зоопаркте қаңқ еткен құсты , суда былқ етіп жүзіп жүрген балықтарды , ербелең - ербелең еткен маймылдарды , т.б. жануарларды көруге болады .Тарс - гүрс еткен найзағайды көргенде кейде қорқып , одан кейін бір-бірлеріңнің қалай қорыққандарыңды айтып , ыржыңдап күлесіңдер. Ондайда енді болып тұрады жақын достарда .

Иә, қазіргі заманда достыққа деген құрмет пен сенім түсіп кеткен. Ақшаң үшін байлығың үшін араласатын достар қаншама, қиын шақта жаныңнан табылатын еш кім болмайды.Бетіңе күліп қарап артыңнан пышық сұғатың достар көбейген.Өзіңе адал дос табу өте қиын. Достар әрбір қиын кезде кенеттен шыққан даудамайда қасыңда болуы тиіс . Қап-қараңғы жерде жарқ-жарқ етіп бір бірлеріңді қорғай білу керексіңдер .

Доссыз жаның тарс-тарс етіп , қайғы жейсің...

Досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген. Күнделікті өмірде көңіліңе шапағат сәулесін шашып, сенің төрт құбылаңды тең ететін айналаңдағы достарыңның басы бұзылмағаны қандай жақсы.

Көмектескен шығармын Кешірші егер бір нарседен ұрыс естісең

4,6(100 оценок)
Ответ:
miro4ka4546
miro4ka4546
07.08.2021

1 тапсырма

Деректі зат есім:

1)Айбике кітап оқып отыр.

2)Мектепте оқушылар бар.

Дерексіз зат есім:

1)Ол өте ақылды бала.

2)Ауа көзге көрінбейді.

2 тапсырма.

Сапалық сын есім:

1)Менің анам өте кербез адам.

2)Қайың ағашының бұтағы ұзын.

Қатыстық сын есім:

1)Айдос бойшаң бала.

2)Ұстазым ойшыл адам болған.

3 тапсырма

Есептік сан есім:

Дүкеннен төрт қалам сатып алдым.

Реттік сан есім:

Спортшы мәреге екінші болып келді.

Жинақтық сан есім:

Төртеу түгел болса төбедегі келеді.

Болжалдық сан есім :

Жиналысқа ондаған ата-ана келді.

Топтау сан есім:

Ойыншылар бес-бестен болып бөлінді.

Бөлшектік сан есім:

Судың үштен екісі мұхитқа тиесілі.

4,5(56 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ