?. 4. Деңгейлік тапсырманы орындаңдар. 1-деңгей. Мәтіннен орфоэпиялық норма бойынша жазылған сөздерді тауып, оны келе- сі бағанға орфографиялық норма бойынша жазыңдар. 2-деңгей. Өздерің ерін үндестігіне мысалдар жазып, заңдылығын түсіндіріңдер. 3-деңгей. Қара бидің батасындағы қою қаріппен терілген жолдарды қалай түсінген- деріңді жазыңдар. Қошқарүлү Жәнібек он үш жасында қара биден бата алмақ болып, жолға шығады. Бірақ оның сәті түспей, жаугершілік басталып, үлкөн соғыстың ара- сынан өте алмайтын болған соң кері қайтады. Содан арада үш жыл өтіп, ол он алты жасқа шығады, соғыс та аяқталады, Қара биге келіп, сәлем береді. Қара би онұң сәлемін қабылдап тұрып: - Әй, мен сені осыдан үш жыл бұрын күтіп едім, сонда неге келмедің? - депті. Жәнібек болған оқиғаны айтады. - Е, онда жөн басқа, - дейді Қара би. - Менде қандай бұйұмтайың бар? - Оны өзіңіз де білесіз, маған керегі – сіздің батаңыз, - дейді Жәнібек. Сол кезде би қолын жайып: Бедері жоқ қамқадан Берік тоқұлған бөз артық. Бірлігі жоқ туыстан Берік сөйлескен жат артық. Пайданы алыстан қылғайсың, Залалды жақыннан қылғайсың, деп батасын беріпті.
1 тапсырма.
Қасқырды неліктен "дала санитары" деп атайды?
с) Өйткені ол ауру жануарлармен қоректенеді.
Қасқыр қандай аң?
Қасқыр - күшті, жыртқаш аң.
Қасқырдың сыртқы сипаты қандай?
Оның түсі сұр, қара болады. Аяқтары ұзын болып келеді.
Қасқыр қай жануарға ұқсайды?
Қасқырдың денесі итке ұқсас келеді.
Қасқырдың баласын қалай атайды?
Қасқырдың баласын "бөлтірік" деп атайды.
2 тапсырма.
Қасқыр туралы.
Қасқыр - жыртқыш аң.
Басқа атаулары да белгілі: бөрі, бері.
Қасқыр еркіндікті жақсы көретін аң. Оны қолға үйрету қиынның қиыны. Қасқыр қақтығыстан қайтпайды. Не жеңеді, не өледі. Әйтеуір аяғына дейін жеткізеді. Ол өзінің маңдай терімен ұстаған олжасын ғана жейді.
Қасқыр — қайсар, аса сақ хайуан. Қайсарлығы — оның кез келген айқаста жеңіске жеткенше не жеңіліп, не демі үзілгенше шайқасуынан көрінеді.
Қасқыр — дала тағысы. Киелі саналатын көкбөрі тұқымына қатысты тағы бір дерек, ол — оның отбасына беріктігі. Қасқыр бір ғана отбасына ие және ол — бөлтірік тәрбиесін толықтай өз мойнына алған хайуан. Ауыздандыру, бөлтірігін көкжалға айналдыру, бәрі-бәрі — осы ата қасқырдың құзырындағы міндет. Өзге хайуандарда жоқ осы қасиеттер киелі жаратылыс иесін әр кез даралап тұрады.