Егер де мен жазушы болсам, қайырсыз әкенің кесірінен тағдырына тұсау түсіп, адал сүйген жарынан айырылып, одан қалды опасыз Жұманның тепкісін көрген қызды боранды түні үйінен қашып шыққан жерінен, белгісіз бір жақсы адамға жолықтырып, сол кісінің ықпалымен үлкен қалаға келіп, жаңа өмір бастатушы едім. Оқып, білімін кеңейтіп, қараңғы өмірден жарыққа ұмтылдырушы едім. Әрине, қорлық көрген қызды соңында боранды күні адастырып, ажал құштыра салу-кез келген оқырманның да үмітіне су сепкендей болады ғой
Отан отбасыдан басталады деп бекер айтпаған екен ата-бабамыз. Әрине қазақ халқында отбасы туралы нақыл сөздері көп. Алайда оның астында терең мағына жатқанын бірі ұғынса, бірі ұғынбас. Ел боламын десең бесігіңді түзе деген. Шыныменде сен дені дұрыс ұрпақ тәрбиелей алмасаң, өзіңеде, ұрпағыңа да, отаныңа да жасаған үлкен қиянатың.
Отбасы - ең жылы мекен. Жылулығы соншалық басқа бақыттарға қарағың келмейді. Басқа бақыт деп ақша, мүлікті меңзеп отырмын. Егер сенің денің сау, отбасы мүшелерің аман болса, мен бақытты, бай жансың
Объяснение:
Бізде Қараханидтер дәуіріндегі екі үлкен әдеби ескерткіш бар. Біріншісі-Баласағұн ұлы Жүсіп Баласағұнидің «Құтадғу білік», екіншісі-Махмұт Қашқаридің «Дивани лұғат ат-түрік» туындысы. Жүсіп Баласағұни «Құтадғу білікті» он сегіз айда жазды. Әлеуметтік мәні терең және халықтың моральдық -этикалық бағдарламасы болып табылатын бұл туынды Қарахан мемлекетінің билеушісі Табғаш Арслан хан Богратегинге ұсынылды. Бұл классикалық туынды сол кезде тарихи -идеологиялық, психологиялық -педагогикалық, әдеби -мәдени дәстүрлердің, көркемдік -эстетикалық білімнің белгілі бір мектебі болғанын меңзейді. Мұндай ауқымды шығармалардың дүниеге келуі мен жазылуы тұтас шығармашылық кезеңнің нәтижесі.
Жүсіп Баласағын шығармашылығында ғылыми да, діни де деректер қолданылады, сондықтан ол интеллектуалды және рухани даму үшін азық ретінде бүгінгі күнге дейін өзекті болып табылады.