ә сынып оқушылары арасында өткен аптада өткен аптада осы айда өткен аптада өткен аптада осы айда өткен жылы ғана сомасы туралы есептеме мемлекеттік рәміздер бос орындар байланыс біздің ұжым аймақтық жиілік қазақ радиосына сұхбат берді алматыда екі жыл ішінде сыбайлас жемқорлық туралы заң форум өтетінін жариялайды жаңалықтарға жазылу жаңаөзен қаласы
Қазақ әдебиеті — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.Халық фольклоры мен поэзиясының негiзi сол тайпалар шығарған ертегi, аңыз, мақал-мәтелдерде жатыр. Батырлардың отаншылдық сезiмi, туған халқының азаттығы жолындағы күрестерiн жырға қосқан батырлық эпостар («Қобыланды батыр», «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», т.б.), халық арасына кең тарап, сүйiктi шығармасына айналған, жастардың адал махаббаты, алмағайып тағдыры жырланған лиро-эпикалық дастандар («Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Қыз Жiбек», т.б.) қазiргi қазақ әдебиетінiң өз алдына мол мұрасы болып саналады
Тақырыбы: Тіл қисыны Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас. Үй салуға, мәселен, түрлі зат керек. Ол керек зат-топырақ болса, оны біріктіріп илейді, иленген балшықтан кірпіш құяды. Кірпішті қалап, неше түрлі үй қылып шығарады. Жоба жасайтын сәулет өнерпазы қиялға неғұрлым бай болса, салған үй де соғұрлым сәулетті, әдемі болып шықпақ.
Сөзден құрастырып , пікірлі әңгіме шығару үшін жұмсалатын зат-сөздер. Топырақтан иленіп, кірпіш жасалған сияқты, дыбыстан құралып, сөз жасалған; кірпіштен қалап түрлі үй жасау сияқты, сөзден бірігіп, түрлі әңгімелер айтылады. Үйдің түрлі болып шығуы балшығынан , кірпішінен, әсіресе, қалауынан болатыны сияқты, әңгіменің түрлі болып шығатыны тілдің дыбысынан, сөзінен, әсіресе, сөздің тізілуінен. Балшық жаман болса, кірпіші жақсы болмайды, кірпіші жақсы болмаса, үй жақсы болып шықпайды. Сол сияқты тілдің дыбысы жаман болса, дыбыстың қосылуы жақсы болмаса , сөз құлаққа жағымды болып шықпайтыны рас. Сәулет өнерпазы қиялға неғұрлым бай болса, салған үй де соғұрлым сәулетті, әдемі болып шығатыны сияқты, жазушы қиялға неғұрлым бай, пікірге шебер болса, шығарған сөз де соғұрлым пікірлі, әсерлі, әдемі болып шықпақ. (160 сөз)
ә сынып оқушылары арасында өткен аптада өткен аптада осы айда өткен аптада өткен аптада осы айда өткен жылы ғана сомасы туралы есептеме мемлекеттік рәміздер бос орындар байланыс біздің ұжым аймақтық жиілік қазақ радиосына сұхбат берді алматыда екі жыл ішінде сыбайлас жемқорлық туралы заң форум өтетінін жариялайды жаңалықтарға жазылу жаңаөзен қаласы