М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
aksu4
aksu4
02.05.2020 02:51 •  Қазақ тiлi

Топпен жұмыс. Берілген тақырыптар бойынша постер қурыңдар. Сыйлық беру - сүйіспеншілік белгісі. Сыйлық беру - өнер, кез келген өнер сияқты, оны да үйренуге болады.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
coldenye
coldenye
02.05.2020

Ата жұрт, атамекен - өте кең ұғым. Атамекен - адамның ата - бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп - өніп келе жатқан жері. Өмірден көретін қызығы мен бақытының тұрағы.

Біздің халқымызда ата-мекенді ардақтау сезімі өте тереңде жатыр. Туған жерді қасиет тұту - қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған.

Бұдан бірнеше ғасыр бұрын айтылған, атап айтқанда, Күлтегін ескерткішінде жазылған:

Қызыл қанымды ағыздым,

Қара терімді төктім.

Түн ұйықтамадым,

Күндіз отырмадым,

Тізеліні бүктірдім.

Бастыны еңкейттім,

Түрік болғаным үшін,- деген жолдар атамекен құдіретін, Ұлы Дала елін айқындай түсетіндей. Біздің ата-мекеніміз - Қазақстан! Қазақ деген намысшыл ұлттың ұрпағымыз

Міне, осындай намысшыл елдің ұрпағы болғаныма мақтанамын! Тарихы тереңде жатқан елімнің өткен жолдары тарих беттерінде өшпестей із қалдырған. Қаншама қиындықтан өткен елімнің болашағынан үміт күткен бабаларымыздың арманы орындалып, бүкіл әлем қызыға да, қызғана да қарайтын Тәуелсіз Мемлекетке айналдық.

4,4(70 оценок)
Ответ:
agadoraaa
agadoraaa
02.05.2020
Ақсақ киік"- ертеден ауыздан ауызға таралып келе жатқан байғұс киіктің аянышты жолмен қаза болғаны жайындағы аңыз. Осы аңыздың Сәкен Сейфуллин жазған қысқаша үзіндісі бар:

Арқаның Бетпақ деген даласы бар, Бетпақ шөл, ойлы-қырлы панасы бар. Сол жерде ел жоқ, көл жоқ өсіп-өнген, Жәндіктің киік деген баласы бар...

Киікті қазақ және дейді бөкен, Бетпақты байғұс бөкен қылған мекен. Киікті атып аңшы өлтіргенде, Жазықсыз жан өлді деп ойлай ма екен...

Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім, Басқаға жануарды-ау теңгермедім. Көздері мөлдір қара ақ бөкенді, А кем көрмедім...

Азайды соңғы кезде байғұс бөкен, Мың-мыңдап баяғыда жүреді екен. Бұл күнде келе жатқан жолаушыға, Кездесіп анда-санда саяқ некен.

Кей қазақ әдет қылған киікті атып, Мүйізін пайда қылып, шетке сатып. Сандалған бір киікке ұшырастым, Бір жылы Бетпақ шөлде келе жатып.

Бетпақта келе жатты ақсақ киік, Сандалып қаңғырақтап басын иіп. Пана іздеп шыбын жанға сүйретіліп, Мергеннің кеудесінде оғы тиіп.

Тамады қара жерге аққан қаны, Қиналып ентігеді шыбын жаны. Боялып ақ денесі қызыл қанға, Келеді әлі бітіп, жығылады...

Сандалып келе жатты ақсақ киік, Бір тоқтап, анда-санда әлін жиып. Ақбөкен сахараның бота көзі, Атты екен қандай мерген көзі қиып?..

Бота көз сахарада қына терген, Кім екен жапан түзде сені көрген? Аяныш сезімі жоқ бір қазақ-ау, Дәл көздеп жүрегіңе атқан мерген!..
4,7(66 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ