Алып Ер Тоңға - түркі халықтарының арғы ата-тегі саналатын сақтар тарихынан сыр шертетін қаһармандық жыр. Біздің заманымызға “Алып ер тоңға” дастанының жалпы сюжеттік желісі мен жекелеген үзінділері ғана жеткен.
Дастанның басты қаһарманы Алып Ер Тоңға - аты аңызға айналған тарихи тұлға. Ол - біздің заманымыздан бұрынғы VII ғасырда өмір сүрген Тұран елінің әміршісі. көреген көсемі, сақтар әскерінің қолбасшысы, ержүрек батыры, "Алып" - сақтармен ғұндар заманынан бері ел қорғаған батырлардың қолбасшы ерлердің атына қосылып айтылып келе жатқан мәртебелі есім.
Бозбаланың киімі нағыз ер қазақ киіміне сай
келеді.Оның басындағы бөрігі аң терісінен істелген жиегіне жұрын жүргізілген,матамен тысталынған, құлақсыз дөңгелектенген.Сап-сары болған ішіндегі желеңі кең,қой матасынан жасалған.Ал шапаншасы түйе жүнінен,сырып тігілген,дембет белбеуі күмістелген,күміс жабылған.Шалбары түсі жасыл
матадан тігілген, балағы аяқ басына жетеді
Аяғындағы шабата жөкеден,талдан тоқылған жазға арналған жеңіл аяқ киім.
Бойжеткеннің киіміндегі сұлулықта сөз жоқ.Қыздың сары,қызыл бөрігі баршаның көзіне ілінетіндей әрлендірілетін.Оның төбесіне үкі, жібек шашақ тағылған.Үстіндегі көйлегіне көшсек,ол аса бос емес,керісінше өзіне шақ,тіпті кеудесінен тарлау,ыңғайлы, қыз баланың кеудесін жауып тұр,ал етегі ұзын және қос етекті.Қос етек көйлек қызғылт түсті қымбат жібектен,тігілген.Желеткесіне түсі қызыл,мақпал сияқты аса қымбат және де сапалы мата,ал асыл тастарына торғын пайдаланылған,киімнің өзі де әдемі тастармен,оюмен әрленген.Аяғындағы аяқ киімі құнды теріден жасалған.
Осы жазғаным болатын шығар деген үміттемін.