Диффу́зия (лат. diffusio «распространение, растекание, рассеивание; взаимодействие») — процесс взаимного проникновения молекул или атомов одного вещества между молекулами или атомами другого вещества, приводящий к самопроизвольному выравниванию их концентраций по всему занимаемому объёму[1]. В некоторых ситуациях одно из веществ уже имеет выровненную концентрацию и говорят о диффузии одного вещества в другом. При этом перенос вещества происходит из области с высокой концентрацией в область с низкой концентрацией (противоположно направлению вектора градиента концентрации).
Диффузия в газах
В газах диффузия происходит еще быстрее, чем в жидкости, связи между частицами газообразных веществ практически отсутствуют, и никак не сцепленные частицы легко перемешиваются друг с другом, проникая в молекулы других газов. Небольшие коррективы при диффузии газов может вносить разве только гравитация.
Мәтін үш бөліктен тұрады,себебі бұл мәтінде;басы,негізгі бөлімі,соңы бар.Соның арқасында анықтадым.
Мәтіннің үшінші және екінші бөліктерін жалғастыру;
Біраздан соң бұл өсімдіктер көктей бастады.Балалар оларға күтім жасады.Арман гүлге су құйды,ал Мерей мен Батыр топырағына тыңайтқыш салды.Әсем мен Айаулым гүлдерді күннің алдына қойды.Көктем мезгілі аяқталы жаз келді.Жазда алуан түсті гүлдер жайқалып өсті.Барлығы бірге гүлдерді жинап аналарына сыйлады!
Мәтінге ат;Еңбекшіл балалар,Еңбектің жемісі.
Объяснение:
Осылай жазуыңызға болады!
Талай соғысты бастан кешкен халқымыз әр заманның талабына сай өзінің әскери машығын дамытып, соғысу тәсілдері мен қажетті қару-жарағын, киім-кешегін жетілдіріп отырған. Қазақ ұсталарының қолынан шыққан сауыт-сайман көшпелі тіршілікке ыңғайлы етіп жасалған, оңайлықпен оқ өткізбейтін берік болған, ал қылыштары жау қалқанын қақ жаратын мықты еді. Бұл – ұсталық дәстүрдің атадан балаға дұрыс берілуі мен көп жылғы тәжірибенің, еңбектің нәтижесі екені сөзсіз. Көптеген жырларда сипатталатын сол сауыт-сайманның жасалу әдісіне қарай атаулары да әртүрлі. Бүгінгі ұрпақ бабалар салған сара жолды жалғастырып, тапқыр, заман талабына ілесе алатын алғыр болсын деген оймен өткенге көз жүгіртіп, қазақ батырлары жаугершілік заманда киген сауыттарының тізімін ұсынбақпыз.
Сауыт – садақ, қылыш, найза сынды қарулардан қорғануға арналған киім. Сауыттың тарихы тереңде жатыр. Қазақ жерін ежелде мекен еткен сақ тайпалары да сауыт жасағаны белгілі.
Ақ сауыт – ең берік құрыштан жасалған сауыттың түрі.
Көзе сауыт - садақ оғы, найза ұшы, қылыш жүзін өткізбейтін оғыс киімі. Көзе сауыт көбінесе бас киім, қалқан, кеудеге қақтаған шарайна, білекке, тізеге жабатын қыш қоруыштар түрінде жасалады.
Көк сауыт – темір шығыршықтармен үзбелеген сауыттың атауы.
Торғауыт – сауыттың бір түрі. Торғауыт тайпасының атымен аталып кеткен. Көшпелі түрік, моңғол халықтарында кең тараған. Ол қалың, тұтас тері таспаларды бір-біріне қайыс баумен байланыстыру арқылы жасалады. Сыртқы пішіні жағынан торғауыт сауыт қысқа жеңді, ұзын етекті бешпентке ұқсас етіп жасалады.
Ақ көбе – ақ сауыттың көп түймелі түрі. Едіге жырында: "Тоқсан баулы ақ көбе, Тоғысқан жерден кигенмін", - деген жолдар кездеседі.
Көбе – кебенек сыртынан киілетін темір сауыттың түрі. Оның жасалу жолы әр алуан. Бір нұсқада жүректі, білекті, тізені, иықты садақтың оғынан, қылыштан қорғау үшін жалпақ темірден жасаса, тағы бір нұсқада бүкіл кеудені қорғау үшін тырнақ көбесіне ұқсас қола, мыс, алтынды қобылап, қатпарлап тізіп, немесе темір шынжырларды біріктіріп, көйлек тәрізді етіп жасайды.
Қанды көбе – әрдайым ұрыс майданында жүретін батырлар үшін дайындалатын көбенің түрі. Садақ оғы бұл көбені бұза алмаған соң "көбе бұзар қозы жауырын" жебені шығарған. Кейде ұсталар аттың арқасын жабатын көбелер де жасағаны белгілі.
Құяқ – жеңі қысқа, етек жағы ұзындау келген жауынгерлік киімнің бір түрі. Дөңгелек, кейде төрт бұрышты келген темір кесінділерді балықтың қабыршақтарындай етіп орналастырып жасайды. Бұл әдіспен жасалған киімдер садақ жебесі мен найзадан жақсы қорғаныс болған және өзігің ыңғайлығына байланысты адамның еркін қимылдап шайқасуына мүмкіндік берген.
Аймауыт – асыл болаттан соғылған, ұсақ шынжыр торлы сауыт, батырлардың ұрысқа киетін киімі. Соғылуы қиын болғандықтан өте қымбат бағаланып, кез келген батырдың қолына түсе бермеген. Аймауыттың шынжыр торы денеге батпас үшін ішінен киіз кебенек киіледі.
Шарайна – темiр айналардан жасалған шығыс сауыты. Оның бірнеше түрі бар. Қазақ батырлары үлкен төрт бұрышты айналардан құралатын түрін киген.
Шарболат – оқ өтпес үшін батырлар төсіне киетін металл қаптама. Мысалы, "Қобыланды батыр" жырында: "Белге киген шарболат, денеге керек жалаңқат", - деген жолдар кездеседі.
Берен, береңгілі сауыт – "Болат темірлі сауыт" - деген мағына береді. Тері, матаға болат, темір тақталарды шегелеп, қатарлап бекіту арқылы жасалған. Кейде береннің иықтары мен етегін аң терілерімен жиектеген.
Ақберен – жапырақ торлы сауыт. Аcыл болаттан соғылады. Оны қылыш кеспейді, найза теспейді. Қазақтар сауытқа денені терлетпеу үшін көздер тесіп салатын болған.
Кіреуке – жейде түрінде жасалған, дөңгелек металл шығыршықтардан өрілген торлы сауыт. Омырау жағасы ашық жасалып, қайыс баумен немесе темір ілгекпен байланады. Кіреукені тоқығанда шеберлер сауыттың беріктігін ғана емес, әсемдігін де ескеріп отырған. Сондықтан әшекей ретінде кіреуке өрімінде түсті металдан жасалған шығыршықтар да пайдаланылды.
Бадана – сақина торлы болат сауыт. Оның етек-жеңі ұзын да, қысқа да болуы мүмкін. Қазақ ауыз әдебиетінде шығыршықты кіреуке сауыттың көзіне асыл темірден дөңгелек жапырақ бастырып соғылған түрік бадана немесе бадана көзді кіреуке деп атаған. Махамбет Өтемісұлының жырларында: "Баданамды баса бөктеріп, қасыма жаттан жолдас ертіп, күн-түн демей жүргенім" деген жолдар кездеседі.
Зере – кеудеге киетін шынжыр сауыт. Оны бір қабат киімнің сыртынан киген. Зеренің кеуде тұсындағы жүректі қорғап тұратын екі бөлек табақша темір қалқысы болған. Көбінесе мыс, қола, жез, күміс сияқты жылтырауық шығырлырды үзбелестіру арқылы жасалатындықтан мұндай сауытты зере деп атаған. Зерені әскер басшылары, атақты батырлар киген.
Томақап, темір томақап – көшпелілердің қорғаныс киімі. Ол ат үстінде отырып соғыс әдістерін жүргізуге ыңғайлы етіп жасалады. Жеңіл әрі оқты оңайлықпен өткізбейді.