М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
dariaglaowa1
dariaglaowa1
09.04.2021 11:27 •  Қазақ тiлi

9-тапсырма. Төменде берілген тұжырымдарға сәйкес «Бағалай білсең уақытты...» тақырыбында өз ерекеңді ұсынып жаз. Тыныс белгілеріне сай
кідірістің (пауза) екі түрін асырат.
1. Бір күннің қадірін ауырып жатқан науқас біледі.
2. Бір сағаттың қадірін кездесуге асыққан адам біледі.
3. Бір минуттың қадірін жолдан қалып қойған жолаушы біледі.
4. Бір секундтың қадірін жеңіске жете алмай қалған спортшы біледі.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Жеткізген халыққа жаңалық,Тілші деген өте ғажап мамандық.         Мамандық. Мамандық таңдау – өмірдегі ең маңызды оқиғалардың бірі. Бұл  қаншама адамның тағдырын шешеді, болашағын бағдарлайды. Бүгінгі таңда мамандық таңдау оңай шаруа емес. Санаулы уақыттардан соң аяулы алтын ұя мектебімізбен қоштасқалы отырған оқушыларды сан алуан мамандықтар әлемі қол бұлғап, әр қиырына шақырғандай болады. Арман жетегінде, болашаққа бастайтын мамандықтар әлеміне еніп бара жатқандаймыз. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басатын түлектердің алдында мыңдаған мамандықтың лайықтысын таңдау міндеті тұрады. Халқымыздың көрнекті жазушысы Жүсіпбек Аймауытов  “Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе”, - деген екен.    Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін біздің елімізде де әр түрлі өндіріс салаларына байланысты жаңа мамандықтардың пайда болуына байланысты,оларды басқаратын мамандар қосылды. Жаңа мамандықтар өзіне лайық білікті жаңа мамандарды талап етеді. Ескі мамандарды жаңа мамандар ығыстырып,өмір ағысына өзгеріс енгізетін жаңа тұлғаларды шығарады. Осылайша бұрынғыларға ұқсамайтын талабы мол,талғамы зор жаңа адамдарды қалыптастырады. Мамандық санымен емес, сапасымен өлшенеді. Жаман мамандық болмайды, тек жаман жұмыскер ғана болады.Жаман жұмыскерлер қатарын көбейтпес үшін көп еңбектенуіміз қажет. Бүгінгі таңда адамның қабілеті мен талғамына сәйкес мамандық таңдап алуға жол ашық.
4,8(39 оценок)
Ответ:
0667543784u76ju
0667543784u76ju
09.04.2021

...Біздің ішімізде менен екі-үш жас үлкендігі бар Тортай атты бала болушы еді. Әке-шешеден тым ерте айырылып, алыстан қосылар аталастарының есігінде жүретін. Қой аузынан шөп алмас жуас, құлағының сәл мүкісі бар, бала болып көп ойнамайтын жасқаншақ еді. Бәрімізден гөрі ерекшелігі, таңертеңнен кешке дейін бас алмай кітап оқи беретін. Қолына не тисе, соны талғамсыз оқитын Тортай арамыздағы білгішіміз, аузымызды ашып тыңдар абызымыз сықылды... Тортай, әсіресе, мені жақсы көрді. Жанынан бір елі қалдырмайтын. Әкем – ферма меңгерушісі, үйде ішіп-жем мол, ит басына іркіт төгіліп жатушы еді. Шешемнің қолынан – бір, жолынан – екі алып, әр күн сайын Тортайға таситынмын. Ол мені алдап тамақ үшін дос болмайтын, қайта «мен аш жүргенім жоқ, әкеле берме» деп ұрысатын-ды. Өз бейілімен, көңіл хошы болмаса, ләм деп аузын ашпайтын, әрі құлағы қақас еститін болған соң, әңгімеге зауқы бола бермейтін. Тек менімен ғана оңаша сәттерде ағыл-тегіл әңгіме құрушы еді...»

Тортайды абыз санап, оның айқандарын мүлт жібергісі келмейтін Ораштың досына деген қарым-қатынасын осы үзіндіден көруге болады. Ораш Тортайдың жалғыздығын ойлап, ата-анасынан ерте айырылғанын сезініп, жанашырлықпен қарайды. Оған үйінен тамақ әкеп беріп, әңгімесін тыңдау үшін жанынан қалмайды. Тіпті Тортайды алыс ағайыны үйінен қуып жібергенде, Ораш жаңбырлы күні таудың арасынандағы үңгірден тауып алып, оған үйінен ұрлап әкелген наны мен ірімшігін берген еді. Тортайдың Орашқа «Әке-шешең іздеп жүрер, үйіңе қайт, қорықсаң – мен шығарып салайын» деген сөзінен, әсіресе, «қорықсаң» дегені оның ағалық пейілін көруге болады. Жандары кітапқа құмар жас жеткіншектердің арманы да ерек.

4,4(93 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ