Менің Отаным – Қазақстан. Мен Қазақстан тек ғана сол жерде тұрғаным үшін емес, оның кең даласын, тауларын, шыңдарына қанатын бұлттарын, мөлдір көлде- рін жақсы көремін.
Әр жыл мезгілдерінде Қазақстан тамаша!
Көк темде әр түрлі боялармен безендіріеген: он жақта – қызыл дала, сол жақ- та – сары, ал ортасында көк шөп көрінеді. Самал жел жусай ісінен ауаны толты- рады.
Жазғы шілдеде мен тауда демалуды жақсы көремін, әсіресе Үлкен Алматы көлінде. Оның жағасында бәрінде ұмытуға болады: адамдар, ыстық күн туралы. Басқа бір тамаша, арманың орындалатын әлемде болғандай өзінді сезінесің.
Күз мезгілінде барлық дала алтынмен безендіріледі. Таулар бор көгілдір туман басқандай, сондықтан ол көзге суық көрінеді.
Қыста бәрі күмістей, қар жатады. Таулар, дала, ағаштар – бәпрі қармен жа- былған.
Отанымның тарихы сонау жалдардан баталады. Қазақстан жерін хандар басшылығына алған. Бірақ қазақ елі өз мәдениетін дамытқан ел. Ән шығарма- шылығында айтыстың маңызы үлкен. Айтыс көне кезінен келе жатқан және салт-дәстүр, әдетғұрыпта дамыған өлең. Айтыс – жиітпен қыздың арасындаға өлең-диалог, бұл ақындыққа айналған өнер. Айтыста ақын өз шешендігін көрсету керек. Соу өнері маңызды, ақындық өнерін көрсеткен ақын айтыста жеңеді. Айтыста қөғам өміріндегі әлеуметтік жағдай туралы сұрақтар қозғалған.
Қазақ халқының музықалық әспаптары көп. Ең таралған спап – домбыра. Домбыра ағаштан жасалады, оның екі ішегі бар. Домбырада ойнаудың екі түрлі бар: саусақтармен домбыраның ішегін тарту және уру арқылы. Қазақ халқының ішегі бар музыка аспаптарының арасында қобыз җәне жетіген бар.
Қазақ халқының тағы үрлеу және уру арқылы ойналатын музыка аспаптары бар: керней, сыбызғы, адырна, даңғыра, дауылпаз, дабыл, асатаяқ, шындауыл.
Қазақ хақының естелік жерлері бар, ол жерде ғұлама адамдар туып-өскен және өмір сүрген. Соның бір – Шынғыстау, өйткені бұл жерде Абай, Шәкәрім және Мұхтар Әуезов сияқтыданалар Кегінбай, Өскенбай, Құнанбай, дастаншы Нысан тағы басқалары өмір сүрген.
Қазақстан Республикасы рәміздерінің элементтері ежелгіден алынған. Тудың көгілдир түсі аспанның түсін кейіптейді ежелде қазақтар Тәңірге табынған.
Ою-өрнек – алын жабағыға, қойға табынудын ізі. Ежелден ою-өрнекте адамдарды қорғайтык сиқырлықтың күшін көрген.
Қырын – ол құс патшасы.
Тюркі қағанаты пайда болуға дейін Қазақ жерінде сақ тайпалары мекендеген. Сақткардың ою-өрнектері бойынша Республиканың елтаңбасы жасалған. Қазақстан - өрнін тарихын, мәдениетті, ірі ғұламаларын, ежелгі таңбаларын әлемдегі ең ірі мемлекет сақтаған.
Мен Отанымды жақсы көремін.
Қазақстан жерінде сүтқоректілердің - 180, құстың - 500, бауырымен жорғалаушылардың - 52, қос мекенділердің - 12, балықтың 104-ке жуық түрі бар. Омыртқасыз жәндіктер шаян тәрізділер, ұлулар, құрттар, т.б.) бұдан да көп. Тек жәндіктер түрлерінің өзі-ақ 30 мыңнан асады.
"Қазақстан жануарлары"Қазақстанның солтүстігіндегі орманды дала белдемінде бұлан, елік, ақ қоян, сұр тышқан, су егеуқұйрығы, орман тышқаны, бұлдырық, ақ кекілік, көл айдындарын су құстары – аққу, қаз, үйрек, шағала, тарғақ, қасқалдақ мекендеген. Еділ өзенінің жағалауынан Алтай тауы бөктеріне дейінгі астық тұқымдас шөп пен жусан, бетеге өскен далалық белдемде суыр, дала алақоржыны, сүйірбас сұр тышқан, кәдімгі сұр тышқан, дала тышқаны, саршұнақ, ал құстан – дуадақ, безгелдек, жылқышы, сұңқар, бозторғайлар, қыранқара, дала құладыны кездеседі. Көктемнен күзге дейін бұл жерлерде ақ бөкен үйірлері жайылады, олар қысқа қарай шөлді аймаққа ығысады.Едәуір бөлігін Жайық өзенінің аңғарындағы орман алып жатқан далалық белдемнің батыс бөлігін бұлан, елік жайлаған, мұнда еуропалық қара күзен, жұпартышқан, орман сусары да кездеседі. Бұдан 200 жыл бұрын түгелдей жойылуға жақын қалған құндыз қайта пайда бола бастады. Қосмекенділерден Жайық, т.б. өзендердің аңғарында тарбақа, орман бақасы, т.б. кездеседі. Мұнда бұлдырық, сұр кекілік, тырна, бозторғай көп. Далалық белдемнің шығысында суыр, дала тышқаны, далашақылдағы, ақ қоян, сілеусін, елік, арқар мекендеген. Өсімдік жамылғысы әркелкі шөлейт белдемде саршұнақтар мен қосаяқтың, құм тышқаны мен қоянның бірнеше түрі кездеседі. Мұнда ақ бөкен де, сондай-ақ 20 ғ-дың 40 – 50 жылдарында қарақұйрық та көптеп кездесетін. Бұл белдемде құстан дуадақ, шіл, қылқұйрық, бозторғай, т.б. бар. Қыста қар тоқтап, көктемде қар суы жиналатын Үстірт пен Маңғыстау жартастарының арасында кездесетін үстірт арқары жұтаң өсімдіктермен қоректеніп, ащы суды қанағат етеді. Үстіртте ұзын инелі кірпі, қарақұйрық, шөл сілеусіні – қарақал кездеседі.Сазды және қиыршық тасты шөл дала жануарларынан Қазақстаннан басқа жерде кездеспейтін ерекше тұқымдас өкілі – жалманды атап өткен жөн. Ол тек Бетпақдалада, Балқаш көлінің солтүстік жағалауындағы кейбір аудандарда, Алакөл және Зайсан қазаншұңқырында ғана бар. Солүстік Балқаш маңындағы бірнеше жерден ғана тіршілік ететін бес башайлы ергежейлі қосаяқ та ерекше жануар. Мұнда құстан шіл, қылқұйрық, тырна, жек дуадақ кездеседі. Оңтүстік Балқаш құмында осы араға ғана тән сексеуіл жорға торғайы, шөл дала жапалағы тіршілік етеді. Құмайтты шөлде бірқатар кесіртке (жұмырбас, ешкіемер), жылан (оқ жылан, айдаһар, қара шұбар жылан, т.б.) түрлері, дала тасбақасы тараған. Республиканың қиыр оңтүстігіндегі кейбір жерлерде келес сақталып қалған. Өзен-көл аңғарларындағы орман-тоғайларда елік, жабайы шошқа, құм қояны, қырғауыл, т.б. кездеседі. Балқаш, Сасықкөл, т.б. көлдердің жағалауындағы қалың қамыс арасында бірқазан, жалбағай, ақ құтан, көк құтан, қарақаз, шағала бар. Алакөл айдынын өте сирек кездесетін, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген реликт шағала қоныстайды. Қазақстанның шығысы мен оңтүстігін қоршап жатқан таулардың жануарлар дүниесі де сан алуан. Қылқан жапырақты Алтай ормандарында бұлан, марал, құдыр, сібір таутекесі, арқар, алтай көртышқаны, қоңыр аю, бұлғын, құну, күзен, барыс, тиін, борша тышқан, алтай суыры, құр, шіл, т.б. кездеседі.