ЖАЛҒАСЫ-> -> -> мектеп бағдарламасынын саясатын, тәжірибелік қызметін және қорын баскару үшін Үйлестірушіні сайлауы тиіс Кенес Үйлестірушісінін кызметі: Окушылардың денсаулығы мен кауінсіздігіне жауанты мектеп кызметкерлерінің бірлескен жұмысына септестік ету. Аудандарда және баска мектептерде денсаулық сақтау және кауіпсіздік бағдардамасына жауанты тұлғалар мен мектептін арасындағы байланыс күралы ретінде болу: денсаулык сақтау және қауіпсіздік саласындағы басымдылықтар туралы мектеп лиректорына, кызметкерлерге, ата-аналарга және оқушыларга хабарлау; мектептегі денсаулық сақтау және қауіпсіздік саласындағы кызметті қолдау үшін сенімді каржыландыруда (субсидия алу) немесе баска кормен камтамасыз стуге комектесу: сауыктыру бойынка мектен бағдарламасының материалдык корын баскару; мектептегі денсаулык сақтау және киуіпсіздік саласынын материалларын дамытуда, сондай ақ, оқу материалдарын тандауда септестік ету; Оқушыларды сауықтыру бойынша Мектеп Кеңесін ұйымдастыру және өткізу; Мектеп қызмектерлері үшін кәсіптік даму бағдарламасын енгізуге септестік сту. 1-мәтін. 2-мәтін. Кұжаттарлың ататулары (жанрлары). Кұжаттар кандай стильде жазылған? Ұқсастықтары неде? Айырмашылықтары қандай? 2. Мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мен кауіпсіздігін қамтамасыз ету максатында қоғамдық орындар мен көшеде сақтау керек талаптардын нұсқаулығын жазыныз.
Үш тұғырлы тілді меңгеру – заман талабы. Оны оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдегі ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Әр адам рухани-адамгершілігін арттыруы үшін бүгінгі тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, еңбек етуі үшін жан-жақты болуы қажет. Ел экономикасы мен өндірісін, тұрмысын көтеру мәселелері де бүгінгі таңда шетелдік жаңа технологияларға байланысты. Осы ретте де ағылшын тілін білу қажеттігі айқын байқалады. Бүгінгі күні өмірдің барлық салаларында ағылшын тілін меңгеру қажеттігі туындап отыр. Сондықтан мектептерде қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту тәжірибесінің енгізілуін өмір талабынан туындаған, көпшілік көңілінен шығатын жаңашылдық деп қабылдау керек. Қазіргі кезеңде мектептерде ағылшын тілін оқыту оң жолға қойыла бастады. Оқушылардың ағылшын тілін тек біліп қана қоймай, оның тарихын, ұлттық мәдениетін білуіне көп көңіл бөлінеді. Оқушылар олимпиада, конкурстарға жиі қатысады. Ағылшын тілі сабағы оқушылардың тілін дамыту, сөйлеу білік-дағдыларын қалыптастыру, яғни ағылшын тілін қарым-қатынастық мақсатта оқыту, тіл арқылы халықтың рухани байлығын, тарихын танытуды көздейді. Оқушылар сабақта әңгімелесу, бір-біріне сұрақ қою, берілген заттарды сипаттау бойынша анықтау, аударма жасау, сахналық қойылымдарға қатысу арқылы ағылшын тілін үйренеді, меңгереді. Топтар арасында сайыстар, мәнерлеп оқу жарыстары өтіп тұрады. Ағылшын тілін үйрету – қиын да қызықты міндет. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған басты талаптардың бірі – жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы және терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру. Бұл тілдерді үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Оны оқыту үдерісінде тілді дұрыс үйрету, ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқу өте маңызды. Шет тілі пәні бойынша оқушы ереже немесе ұғымдар анықтамасын тек қана жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық мәселелер мен қағидаларды меңгерту тиімді болып табылады. Әлемдік деңгейдегі игіліктерді жақындататын мақсатқа жету үшін бізге бірінші кезекте халықаралық қатынас тілі болған ағылшын тілін үйренуге жастарымызды жатпай-тұрмай баулуымыз керек. Оның өте қажет екенін уақыт өткен сайын өткір сезініп келеміз. Соны Елбасымыз асқан көрегендікпен тап басып, балаларымыздың АҚШ-тың, Англияның, басқа да шетелдердің жоғары оқу орындарында мемлекеттік грант бойынша білім алу квотасын жыл өткен сайын көбейте түсуде. Мысалы, биыл осындай қамқорлықтың арқасында сыртта оқитын студенттеріміздің саны үш мыңнан асты. Айта кетейік, бұлардың қатарында ағылшын тілін білмейтін бірде-бір бала жоқ және ондай ұл-қыздарымыз одан басқа пәннің бәрін білсе де шетелдік оқуға қабылданбайды. Сондықтан балалардың өз мектептерімізде ағылшынша біліп шығуы өте тиімді екеніне көзіміз жетіп отыр. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында «Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді», дей келіп, оны орындаудың нақтылы жолдарын атап көрсеткенін ешкім жоққа шығара алмайды. Демек, ұлттық тіліміз үш тұғырлы тілдің көлеңкесінде қалады деп үрейлену негізсіз. Қазақстанның жедел дамып отырған адамзат қоғамының көшінен қалмай, қазіргі заманға лайық биіктен көрінуі, Мемлекет басшысы Жолдауда атап көрсеткендей, ұлттық білім беру жүйесінің деңгейіне байланысты. Елдің ертеңгі өрісі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірмен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет. Еліміздің білім беру саласында жүріп жатқан реформаның ең басты мақсаты да осы. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім беру жүйесі бойынша әрбір облыста өздері таңдаған 1 не 2 мектеп эксперимент алаңы ретінде белгіленіп, олардағы 7-сыныптарда жаратылыстану-математикалық циклдың 1 пәні ағылшын тілінде оқытылуда. Мұндай эксперименттік оқыту жүйесі өзім жұмыс жасайтын білім ордасы – дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінде де жүргізілуде. Үш тілде оқытылатын мамандандырылған мектептердің негізгі мақсаты бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіби өзін-өзі тануға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру болып табылады. Үш тілде оқытатын сыныптарда ағылшын тілі пәні кеңейтіле оқытылады, ал биология, физика пәндері ағылшын тілінде жүргізіледі. Қазіргі дүниеде қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ететін бірден-бір фактор – тіл.
1. -қан, -кен, -ған, -ген жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады: ал-ған, көр-ген, берме-ген, айт-қан, көрсет-кен, жүргіз-ген т. б. Сөздің соңғы дыбысы дауысты, не үнді, не ұяң болса, жуан буыннан кейін -ған жіңішке буыннан кейін -ген жалғанады. Қатаң дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -қан, жіңішке буыннан кейін -кен жалғанады. 2. -ар, -ер, -р және болымсыз етістіктен кейін -с жұрнақтары арқылы болжалды келер шақ есімше жасалады: бар-ар, көр-ер, айт-ар, сөйле-р, жургіз-ер, берме-с, көрме-с, айтпа-с т. б. Дауыссыз дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -ар, жіңішке буыннан кейін -ер жалғанады да, дауысты дыбысқа біткен сөзге -р, болымсыз тұлғасынан кейін -с жалғанады. 3. -мак,, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтары арқылы мақсатты келер шақ есімше жасалады: бар-мақ, кел-мек, қара-мақ, сен-бек, жаз-бақ, кет-пек, жарат-пақ т. б. Сөздің соңғы дыбысы дауысты не ауыз жолды үнді (л, р, у, й) болса, жуан буыннан кейін -мақ, жіңішке буыннан кейін -мек жалғанады. Сөздің соңгы дыбысы мұрын жолды үңді (м, н, ң) немесе ұяң болса, жуан буыннан кейін -бақ, жіңішке буыннан кейін -бек жалғанады. Қатаң дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -пақ, жіңішке буыннан кейін -пек жалғанады. Ескерту: Бұл жұрнак етістіктің болымсыз тұлғасына жалғанбайды. 4. -атын, -етін, -йтін, -йтын жұрнақтары арқылы өткен шак есімше жасалады: бар-атын, кел-етін, қара-йтын, сөйле-йтін т. б. Дауыссыз дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -йтын, жіңішке буыннан кейін -йтін жалғанады. Бұл жұрнақ — кұранды қосымша, -тын, -тін, бөлегі тұрған деген көмекші етістік болған да, ол — -а, -ө, -й тұлғалы көсемшемен тіркесіп қолданып, бара-бара косымшаға айналып кеткен: бар-атын деген сөз, о баста бара тұрған болған да, кейін баратұғын болып, одан баратын болып қалыптасып кеткен. Есімше тұлғаларына емес, жоқ сөздері тіркесіп, болымсыздык мағына беріледі: барған емес, барар емес, бармақ емес, жоқ сөзі -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшемен ғана тіркеседі: барған жок.
Объяснение: