М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
smile1506
smile1506
11.07.2022 11:14 •  Қазақ тiлi

Абай Кунанбаев 32 кара соз котерилген маселе

👇
Ответ:
ЯрославР1
ЯрославР1
11.07.2022

Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас.

Әуелі - білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.

Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған шешеңнің мейірімі секілді болады. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.

Екінші - ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңіліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Оның себебі әрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас хусідшілікті зорайтады, адамшылықты зорайтпайды, бәлкім, азайтады. Және мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды, а шатастырып, жалған сөзге жеңдірмекші болады. Мұндай қиял өзі де бұзықтарда болады. Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас - өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хирслану жарамайды. Егер хирсланса, өз сөзімшіл ғурурлық, мақтаншақтық, хусідшілік бойын жеңсе, ондай адам бойына қорлық келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-төбелесуден де қашық болмайды.

Үшінші - әрбір хақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма! Егерде ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады? Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?

Төртінші - білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі - мұлахаза қылу, екіншісі - берік мұхафаза қылу. Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде болу керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.

Бесінші - осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі деген төрт нәрсе бар. Содан қашық болу керек. Соның ішінде уайымсыз салғырттық деген бір нәрсе бар, зинһар, жаным, соған бек сақ бол, әсіресе, әуелі - құданың, екінші - халықтың, үшінші - дәулеттің, төртінші - ғибраттың, бесінші - ақылдың, ардың -бәрінің дұшпаны. Ол бар жерде бұлар болмайды.

Алтыншы - ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл, ар үшін болсын!

4,7(10 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
dinamur03
dinamur03
11.07.2022
Спорт - адам өмірінде өте маңызды. Ол бізге күш денсаулық және ұзақ өмірді береді.Спорт əрқашан жəне бəріне керек. Қазір 1000 (мыңнан )астам спорт түрі бар. Сен кез келген спорт түрін тандап алуға болады. Егер сен спортпен шүғылдансан сен əдемі көрінесін,сенде ешқандай мәселе болмайды. АҚШта толық адамдар 60 %,ал жасөспірім саны одан да артық. Менің ойымша ең жақсы спорт ол - жігіру. Өйткені оған ешқандай арнайы жабдық керек емес. Егер сіз жақсы нәтиже көргініз келсе сізге алдымен 40 минут содан кейін уақытты кеңейту қажет. Қорытындыда мен сізге айтарым спортсыз біз өмір сүралмайміз.
4,8(22 оценок)
Ответ:
dulat15
dulat15
11.07.2022

 Менiң атым Аcя. Мен сiзбiн менiң шығармамында менiң қалаулы американдық жазушы Волта Витманым туралы әңгiмелегiм келер едiм. Мысалы, ол дастандарға аса көп жазды "Мен Америка естимiн өлең айтады", "Шөптiң жапырақтары", "Таныстыратын әлем бөпе". Оның бiрiншi дастаны қашан ол басып шығарған әр түрлi пiкiрлер шақырды. В.Витман американдық адамдар және олардың жұмысын мадақтады. Ол ересек өмiрдiң рухы және өмiрдiң олардың әдемiлiгiн мадақтады. Витман жүрекке романтик болғандығымен. Оның поэзиясы Романтиковтың басқа жазушылары поэзия тәрiзденбедi. Мысалы, егер ол өмiр сүрiлiп болар едi болса, маған болып көрiнедi, ол американдық адамдар туралы өз дастанын қайта басып шығарды және жұмыс астронавттарының тiзiмiне, кәсiпкер, менеджер, дизайнер қосар едi тағы басқалар.

4,8(69 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ