М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
LunnayaLiliya
LunnayaLiliya
01.11.2021 10:55 •  Қазақ тiлi

составьте 4 вопроса по тексту и выпишите слова с множ. числом


составьте 4 вопроса по тексту и выпишите слова с множ. числом

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Nika096
Nika096
01.11.2021

1991 жыл 1-желтоқсан-тәуелсіз Қазақстан өз басшысына таңдау жасады. Халықтың басым көпшілігі үлкен сенім артып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты билікке лайық деп таныды.

Қарапайым қазақ отбасында туып-өсіп, еңбек жолын қатардағы металлург ретінде бастаған Нұрсұлтан Әбішұлы өзіндік еңбекқорлығы, табандылығы арқасында бүтін бір ұлтты басқаратын көшбасшы атанды. Оның бойындағы ұлтжандылығы мен тапқырлығының нәтижесі - бүгінгі Қазақстан. Қазақтың айбарлы да айбынды хандарының үзілген шежіресін қайта жалғаған көшбасшы елі үшін аянып қалған жоқ. Барлық сәтте ұлтымен бірге болып, ел болашағының баянды болуы үшін аянбай тер төкті. Бүгінде айшықты даму жолына түскен, кең  байтақ далалы, 550 жылдық тарихы бар қазақ  дейтін қайсар ұлтты әлем мойындайды. Қазақ елі тәуелсіздігіне қол жеткізген соң елбасы барлық мәселелерді бірізділікке түсіріп, елдің діні мен тілінің қоғамдағы өз орнын белгілеп берді. Тәуелсіздіктегі алғашқы жылдардан бастап-ақ ұлт көшбасшысы өзінің табандылығымен көзге түсе бастады. Көптеген алпауыт елдермен ынтымақ орнатып, екі жақты келісімдер жасасуға, қарапайым халықтың жағдайларын жақсартуға күш салды. Алғаш болып ядролық қарудан да бас тартып, әлемді бейбіт өмірге бастады. Оның әрбір қабылдаған шешімі халық тарапынан қолдауға ие болып отырды.

Нұрсұлтан Назарбаев 25 жыл президент болып келе жатыр. Осы ширек ғасыр ішінде еліміз көптеген жетістіктерге жетіп, ел экономикасы алға жылжып, ішкі және сыртқы саясатымыздың ауқымы кеңейді.

Назарбаев сонымен қатар көптеген ынтымақтастық ұйымдарының негізін қалаушылардың қатарында. ТМД, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Кеден одағы, Еуразия одағы сынды әлемдік ұйымдардың негізін салушылардың қатарында біздің елбасымыз да бар. Мұның мәнісі қазақ елінің әлемдік аренадағы орнын қалыптастыру.

Елбасымыз көбінесе мәдениет пен өркениеттің, білімнің дамуына көп көңіл бөледі. Елдің рухани дамуы үшін көптеген жобаларды жарыққа шығарды. Елбасы бастамасымен көптеген оқу орындары өз жұмысын бастады. Сонымен қатар «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырылып 1994 жылы көптеген жастар білім жолында мұхит асты. Бүгінгі күнде де Қазақстан азаматтары дүниежүзінің түкпір-түкпірінде беделді оқу орындарында білім алып жатыр. Осындай жобаларды жүзеге асырып жүрген президентіміз еліміздің жастарына кәміл сенеді. Ел болашағы жастардың қолында екенін ұғынады.

Елбасымыз - Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі «Алтын Қыран» орденімен, сонымен қатар әлемнің көптеген мемлекеттерінің жоғары наградаларымен марапатталып жүр. Әлемнің қай елі болмасын Қазақстанды даму жолындағы айрықша мемлекеттер қатарына жатқызады. Әлемдік аренада Қазақстанның беделі жоғары. Әрине осының барлығы - Елбасымыздың ерен еңбегінің жемісі. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекетті басқару кезіндегі, жүргізіп келе жатқан саясаты өзге елдерге қарағанда озық, сапалы және тиімді. Қысқа мерзім ішінде үлкен дәрежеге жеткен Қазақстан халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды

Объяснение:

4,4(56 оценок)
Ответ:
r2973548
r2973548
01.11.2021
  Наурыз - түркі тайпаларының мүшел есебі бойынша жыл басы саналатын бірінші ай, ойын-сауық мерекесі. Бұл күні қазақтар да наурыз көже пісіріп, наурыз жырын айтып, наурыз тойын еткізеді. 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін қүрылған Кеңес екіметі бұл мерекені діни кертартпа рәсім деп тауып, 1926 жылдан ресми тойлауға тыйым салды. Тек елімізде демократиялық ағым бел ала бастаған 1988 жылдан бүкілхалықтық мейрам ретінде атап өтілетін болды. Абай «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» деген тарихи мақаласында Наурыз тарихын көшпелі халықтардың сонау «хибаги», «хүзағи» деп аталған заманға дейін апарып: «Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызнама қыламыз деп, тамаша қылады екен. Сол күнін «Ұлыстың Ұлы күні» дейді екен», - деп жазады. Ақын Наурыз тойын дінге жанастырмай, кектем мерекесі екенін ашық жазады да, «Ұлыстың Ұлы күні» деген сөздің өз заманында алғашқы мәнін өзгертіп, Құрбан айтқа байланысты айтыла бастағанын ескертеді.
    Наурыз, март (парсыша «нау» (жаңа) және «рыз» (күн) – Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол – күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс (гуіл) естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан – жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» деген.
4,8(3 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ