составьте вопросы Мәтінді тыңда. Мәтінге тақырып қой. Жоспар құр. -тапсырма. 7 әркімнің өмірлік капиталы, Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт Адамның босқа кеткен әрбір минуты отқа жаққан теңгемен тең. Адамның ақшалай уақыты адамның өзіне байланысты. Біреудің бір сағаты мың теңге болса, енді біреулердікі бір тиын. тек оны әркім әр түрліше пайдаланады. Байларға да, қарапайым адамдарға да Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар, берілетін мерзім адамдардың қатарына қосыла алады. Адам уақытты бағалай білгенде ғана өзін артық демократия жоқ. Кім уақытын бағалай білсе, сол ғана табысты тәулігіне жиырма төрт сағат. Дүниеде уақыт белгілегеннен өзі қадағалап отырады. Күнделікті жоспарын құрады. Сол арқылы ең жаман дерт — еріншектікті жеңеді. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығады.
Астана арман қала
Астана - Еуразияның қақ ортасында орналасқан еліміздің бас қаласы. Бұрынғы аты - Ақмола, Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша "әлем қаласы" атағын алды.
Жаңа қала Астана қарқынды дамып келеді. Небәрі жиырма жылдың ішінде қалада қаншама зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Халық саны басында 270 мыңнан қазір миллион тұрғынға жетті. Елордада халықаралық, мемлекеттік ұйымдардың бас филиалдары орналасқан. 2011 жылы Астанада 7 - ші Азия ойындары өткізілген болатын, ал 2017 жылы Халықаралық EXPO 2017 көрмесі өткізілді.
Елордамыз әлемдік қартада өзіндік ерекше орны бар, қайталанбас тарихы мен мәдениеті бар астана ретінде танылған.
Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. Оның өзі Елбасының ізгі саясаты, көрегендігі мен кеменгер ойының жемісі, арманы, мақсаты, халқының тарихынан нәр алғандығы шығар. Астанамыздың шаңырағы биікке көтеріліп, уығы нық қадалып, керегесі келісті жайылды деуге болады. Астана қазірдің өзінде азиялық байтақтардың арасындағы ең бір еуропалық қала. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуразиялық ел екенін, оның астанасының орасан зор қос құрлықтың өкпе тұсында орналасқанын, демек келешекте қаланың осынау ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, 21 ғасырдағы экономикалық, технологиялық, ақпараттар тасқынының арнасына айналатынын атап көрсеткен болатын.