1) "Одан асқан жоқ шежіре,одан асқан жоқ дана".Оның тарихты,күллі құндылықты сақтай білетін ақылгөй қасиеті туралы деп ойлаймын.Себебі,домбыра да сәлет ескерткіштері,жазба әдебиеті үлгілері секілді сол дәуірдің өткені мен кеткенін жеткізе алады.Осы домбырадағы сазды күй арқылы тарих білмейтін көп мәлеметті ұға аламыз десек,қателеспейміз.
2) "Ол мылқауды сөйлетеді,жылатады кереңді" деген пікірмен толықтай келісемін.Бұл оның киелі аспап екендігін тағы бір мәрте дәлелдейді.Адамдар жаза,оқи алмаған замандарда қайғылы хабарды не қуанышты жаңалықтарды осы аспаппен жеткізе білген.Ал халық болса күйді сол мезетте-ақ түсініп іс-әрекет жасағанын өткен тарихымыздан білеміз.
Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен ауру деңгейіӨңдеу
Адамның денсаулығының төмендеп, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз — бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық.
Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50—52%-ы — өмір сүру салтына, 20-25%-ы — тұқым қуалау факторларына, 18—20%-ы — қоршаған орта жағдайларына, ал 7—12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады. Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаган жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксеиобиотиктер (грек тілінен аударғанда хеnos —бөтен) адам мен басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар. Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге және т.б., яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стресстік құбылыстар арқылы әсер етеді. 9-кестеде халықтың өліміне әр түрлі аурулардың әсері көрсетілген.