Объяснение:
Қазақ даласы қилы тағдырды басынан кешті. Дала төсінде ежелгі сақ, ғұн, түркі, қыпшақ тайпалары мекен етті. Сайын дала сол перзенттерін жат көрмеді, құшағына келгенін бауырына басып, табан тірер мекені болды.
1465 жылы Керей мен Жәнібек хан қазіргі Шу өңірінде Қозыбасы деген жерде Қазақ хандығын құрды. Қазақ халқының хандық жүйеде мемлекет ретінде өмір сүру XIX ғасырдың бірінші жартысына дейін жалғасты. Осы кезеңнен бастап тәуелсіздік алған 1991 жылға дейін Қазақстан Ресей мен Кеңес Одағының құрамында болып келді. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының 60 пайыздан астамын қазақ ұлты құрайтыны бәрімізге аян.
XX ғасырдың басында қазақ зиялылары бастаған ұлт-азаттық көтерілісті өрістетті.Ол тарихта «Алаш қозғалысы» деген атпен енді. «Алаш қозғалысына» ат салысқан азаматтар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Дулатұлы, Ә.Ермеков, М.Тынышбаев, М.Шоқай т.б. ұлы қайраткерлер 1917 жылы шілде, желтоқсан айларында өткен жалпықазақ съездерінде «Алаш» партиясын және «Алаш автономиясын» құрды.
Өткен ғасырдың соңына қарай Кеңес өкіметі ыдырап, соның нәтижесінде 1991 жылы қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізді.1990 жылы 25 қазанда Тәуелсіздік жөніндегі декларация қабылданды, ал 1991жылғы 16 желтоқсанында Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады.
Әр ұлт үшін тәуелсіз ел болу – ұлы арман. Дүниежүзінде алты мыңға жуық ұлттар мен ұлыстар бар екен. Солардың ішінде екі жүздей ұлт қана тәуелсіз мемлекет болып отыр.Сондықтан тәуелсіздік әрбір азаматқа қымбат болуы тиіс. Еліміз жерінін аумағы жағынан шамамен жетпісінші орындарда. Бұл халқымыздың дүниедегі үлкен ұлттардың бірі екендігін көрсетеді.
«Біз Тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын» - деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, 1991 жыл – еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 27 жыл да өте шықты.Қазіргі кезде Қазақстанымыз әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие.Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді.Экономикалық байланысымыз даму үстінде. Қазақ жерінің байлығы, мол табиғи қорлары еліміздің әлеуметтік дамуының негізі болуда. Осының бәрі – тұғырлы тәуелсіздік тұсында қол жеткізген жеңістер мен табыстар деп білемін...
Қазіргі таңда жас мемлекетіміз көптеген елдерден әлдеқайда алда тұр.Ол ауызбіршілікте, ынтымақта, туыстық қарым-қатынаста, жақсы ниетпен, өмір сүрдің айғағы.Мәңгілік Тәуелсіздік елімізге оңайлықпен тиген жоқ, оны да естен шығармағанымыз жөн. Осындай еркін теңдесі жоқ, бостандықты алып берген ағаларымыз бен апаларымызға мың да бір алғыс!
Дұріс болмаса кешір :(
Қазақстан – Алтайдан Атырауға, Қаратаудан Көкшеге созылып жатқан қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы, ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең байтақ жер.
Жазира жерді мекендеген ата-бабамыз басынан қиын-қыстау күндерді аз кешірген жоқ. Жаугершілік замандарда қаншама батыр ұлдарынан айырылып, ұлы –құл, қызы – күң болып кетпесін деп, елін, жерін сақтап қалу жолында қаншама тер төкті. Ер басына күн туса етегімен су кешуге даяр ерлер ұлтарақтай жері үшін қасықтай қаны қалғанша аянып қалмады. Соның барлығы да жері, елі, ұрпағы үшін күресіп, жер жастанғандар. «Ер ел үшін туып, ел үшін өледі» деген мақал осыдан қалса керек. Тәуелсіздік жолында шейіт болған батырларын еліміз ұмытпай, еліміз үшін күресті.
Міне, табалдырықтан аттаған жаңа жылмен келген ел тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығы – азаттық ұранын ұрпағына ұлағат еткен бабалар үрдісінің жалғасы. Тарих үшін қас-қағым сәт азаттық аңсаған Алаш баласы ғасырдан қымбат, мың жылға айырбастамас – жиырма бес жыл! Ал ел тарихы бұл жиырма бес жылмен шектелмейді. Ғасырлар керуенінен түзілген тарих қатпарларында халқымыздың әлі де толық қатталмаған том-том шежірелері жатыр.
Бүгінде біз – тәуелсіздіктің берік тұғырына мінген егеменді елміз. Бейбітшілік нұры тұнған көк аспанда көк туымыз желбіреп, ұранымыз қалықтайды. Ұлан ғайыр кең байтақ жерімізде ұлты, діні басқа 130-дан астам ұлт өкілдері биік шаңырақтың астында бейбіт өмір сүріп жатыр.
Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. Жаһандық мәселелер талқыға түскен ЕҚЫҰ-ның саммиті, Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас мемлекетіміздің мерейін үстем етііп, абыройын асқақтатты. Осындай көшелі істердің жалғасы ретінде Қазақстан 166 жылдық тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізуге бел буды. Қазақстан әлемдік қауымдастыққа «Болашақ энергиясы»тақырыбын ұсынғаны белгілі.
Еуразияның жүрегі атанған Астанамызда Қазақстанның бірлігі жарасымды екенін дәлелдейтін тамаша Пирамида – келісім мен ынтымақтастықтың сарайы бой көтергеніне бірнеше жылдың көзі болды.
Қазақстан – бүгін, міне, жеке отау салтанаты жарасқан,
Бір отбасы, бір туысқан, бір-біріне қарасқан,
Тәуелсіздік астарынан барласқан,
Бір шынардың бұтағындай, күн нұрына таласқан, - демекші, бүгін міне достықтың туын тіккен, тәуелсіздігін алған Қазақстанымыз тіл мәртебесінің де туын биікке көтерген күн.
Еліміз Егемендік алған жылдардан кейін көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Өз тарихымыз, салт-дәстүріміз марапатталынып, Қазақстан Республикасының экономикасы, әлеуметтік тұрмысы тұрақты дамып келе жатқан Орта Азиядағы белді, беделді мемлекеттер қатарына қосылды.
Осындай Тәуелсіз, көркейген ел ішінде өмір сүріп, сапалы білім алып отырған біз, жастар, елдің болашағына жауаптымыз. Мәңгілік елді білімді ұрпақ қана жалғай алады. Ендеше, мол білімді ұрпақ – Қазақстан мына – біздер!
Менің отбасым толық. Отбасы атадан, әжеден, әкеден, анадан, ағалар мен әпкелерден тұрады. Біздің отбасымызда бала туылса шашу жасаймыз деген дәстүр бар. Егер отбасының кез келген мүшесіне күн келсе, біз бауырсақ, челпеки, бешпармак жасаңыз