Қыздыра Ауа ваннасын түске дейін қабылдаған жөн. Алдымен 5-10 минут,
содан кейін уақытты біртіндеп бірнеше сағатқа дейін ұзартады. Әлсіз,
суыққа төзімсіз адамдар бастапқыда ваннаны киіммен қабылдағаны
дұрыс. Ауа ваннасын серуендегенде, бау-бақта т.б. жұмыс істегенде
шомылумен жалғастырған өте пайдалы. Қыста ауа ваннасын бөлмеде
белуарға дейін жалаңаштап қабылдауға болады. Ауа ваннасын ора
малмен сүртініп, ысқыланумен, душқа түсумен, теңізге немесе өзенне
қабылдауға болады. Ол үшін төсектен тұрғаннан кейін, киінбей тұрып
терезені ашып қойып, гимнастикалық жаттығулар жасау керек.
Ауа ваннасын дәрігер белгілейді. Ол шынығу үшін, әсіресе бала
лар ағзасын нығайту үшін пайдалы. Сондай-ақ суық мезгілде ұйықтау
қапшығына оранып, дәлізде немесе балконда ұйықтауға болады.
Осыларды талдауга комектесиниздерши отиниш аттарын жазу керек з.е. Деген сынайлы
Менің сүйікті қалам
Алматы - менің сүйікті қалам. Не себепті деп сұрасаңыз, Алматы - Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.
Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.