"Менің отбасымдағы аяулы жандар"
Өмірде әркімнің өз отбасысы, жанұясы болады. Мысалы, менің өз жанұям бар, "отан отбасынан басталады" деген қазақта сөз бар. Менің отбасым атамнан, әжемнен, әкемнен, ананман және інімнен құралған. Бұл жандардың бәрі де маған қымбат! Әкем мені күніге оқыған білімімді тексереді. Тексерген есептерді ақыл таразысына салады. Ал анам болса, мені тазалыққа жетелейді, менің өскенде жақсы маман таңдағанымды қарайды. Ешкімнің ала жібін аттама деп үйретеді. Ал әжем мен атамның бізге үйреткен нәрселері өте көп. Інім екеумізді көзінің ағы мен қарасындай көреді. Мен өзімнің отбасымды мақтан тұтамын!
Менің есімім Ғазиза. Бұл есімді əкем қойған. Анам мен əкемнің Ғазиза деген достары болыпты. Барлығы тойлап отқан кезде сол кісі менің мамам босанардан бұрын əкеме былай депті: "Осыдан жұбайың қыз туса оған менің атымды бересің". Əкем келісіп, атым солай қойылды.
Мағынасы əкемнің айтуы бойынша "Ғазиз" деген сөзден шыққан. Ол қазақ сөзінде кең, кеңпейіл байтақ деген мағынаны білдіреді екен. Сол "Ғазиз" деген сөзге орыс тілі бойынша -а суффикс жалғап женский род жасаған. Ал араб тілінен "Ғазиз" сөзі қымбат, асыл деген мағына береді екен.