Біз бейбіт өмірді дәріптейміз.Жер шарындағы әрбір адам бейбіт өмірді қалайды. Менің ойымша, дүниедегі ең үлкен бақыт – соғыстың болмауы. Қарулы қақтығыстар жиі болатын мемлекеттерде, адамдар үнемі қорқыныш пен үрейде өмір сүреді. Тіпті, қарсыласын жеңіп, аумағын ұлғайтқанның өзінде, ешқандай халық өзін қуанышты сезінбейді. Өйткені, соғыс бар жерде, өлім де бар. Ұлдарынан, күйеулерінен және әкелерінен айырылған отбасылар, олардың батыр екенін білгенімен, қаза болған жақындарын қайтара алмайды. Соғыс адамзаттың дамуына кедергі келтіреді. Ол көптеген табиғи ресурстарды, ақшаны, уақытты және адам өмірін қажет етеді. Әскери жанжалдардың кесірінен, біз маңызды технологиялық жетістіктерге кеш жеттік. Әрине, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерімізге үлкен алғысымды айтамын және жеңіске жету қаншалықты қиын болғанын түсінемін. Бірақ, мұндай соғыстың болашақта қайталанбауын қалаймын. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы, басқа мемлекеттермен достық қарым-қатынаста. Біз ертең не жейтіңіміз, қайда ұйықтайтыңымыз туралы ойланбай, толыққанды өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан, осы бейбіт өмірді сақтап қалуға тырысыумыз керек.
Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шыңжаң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (Ф. вон Ріцһтһофен) бен А. Һерман (А Һерман) 19 ғасырда ұсынған.[1] Ұлы Жібек жолы - адамзат өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы ЫЫ ғасырдан басталған бұл жол, Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір болған. Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында, ВЫ ғасырдан бастап екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып, Шығыс Түркістан Қашқар арқылы Жетісуға, содан Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.