Ғалым деп ғылыми методтар арқылы адамзат білімін жетілдіру мен молайтуға үлес қосқан адамды айтамыз. Ол жүйелі түрде фактлер мен деректерді жинайды, оларды қорыта отырып гипотеза және тексеру жүргізеді, сосын сол бойынша ғылыми эксперимент жасап және қорытындыны қайта-қайта нақтылап, жаңа әрі сенімді білімге қол жеткізеді. Демек ғалым болу ғылыммен айналысу ретінде логикалық ойлауды негіз етеді, табиғаттың және қоғамдық өмірдің, адам болмысының нақты, тұрақты заңдарын ашуды көздейді, ол соған дейінгі өз саласынан мол ақпараттық/білімдік мағлұматы болады, ол мәлім ғылыми методтарды пайдаланады, эксперимент жасайды, өлшейді, салыстырады, есептейді, анализдейді, синтездйеді, сөйтіп әр тұжырымы мен қорытындысын нақты факт пен аргументке негіздейді.
Күшігім еркелей білетін,
Кейде ол шәуілдеп үретін.
Жата қап аяғын көтерсе
Көргендер еріксіз күлетін.
Тойған соң томпайып жататын,
Бір тәтті ұйқыға бататын.
Түсінде мысықпен алысып,
Жүретін бөлмеде жарысып.
Қарасам, міне енді өсіпті,
Ит бопты кәдімгі қабаған.
Әуелі өзіме өшікті
Күнәм жоқ бір рет сабаған.
Мақтайды біреулер даурығып,
Қасқыр деп итімді қабаған.
Мен жүрмін кете алмай айығып,
Өз итім түсірген жарадан,
***
Отырсам үндемей үйімде,
Тоқмейіл, ақпейіл күйімде.
Келуші көбейіп кетеді
Шашымның ағынан сүюге.
Мақтауға бәрі әзір, жайдары
Мейрімнің ағаға шегі жоқ.
Ақтарар сырларын қайдағы,
Бірінің дығы жоқ, кегі жоқ.
Сәл ғана өзгеріп қалпымнан,
Әділдік сөйлесем болғаны,
Біреуі алып қап алқымнан,
Союға әзір тұр қалғаны...
Тойған соң жататын пырылдап
Мен мысық емеспін, достарым,
Жан болып жүрген сон, шырылдап
Айтамын арымның қосканын