М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации

"әлемге танылған Қазақстандық өнер адамы"эссе

👇
Ответ:
elvin38
elvin38
06.12.2021

Өнер адамға туа бітетін өте сирек қасиеттердің бірі. Жасынан қазақ ән-жырына құштар боп өскен азаматтардың бірі – Ғафу Қайырбеков. Қазақтың қай ақынын алсақ та Абайға еліктемей, одан бағдар, нәр алмай өтпеген. Сол

сияқты Ғафу ағамыз Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген. Осы да оның еліктеуіне жол сілтеген, үлгі берген деуге болады.

Ресей – әдебиет-мәдениеті ерте дамыған ел қатарында болғандықтан, біздің жанашыр жазушымыз, қазақ халқының мәдениеттілігіне үлес қосу үшін орыс жазушыларының өлеңдерінен аудармалар жасады. Көркем аударма теориясын зерттей отырып, түпнұсқа мен аударманың арасындағы ұқсастық мәселесіне тоқталмай кетуге болмайды. Мәдениеті мен әдебиет іәр-түрлі халықтардың санасы бір екенін ұмытпаған жөн. Сондықтан олардың қабылдануы, жүрекке қонымдылығы сол тылсым мазмұнда болып тұр. Аударма рухани құндылықты қайта жандыру болып табылады. Ғафу ағамыз аудармаларды бізге, яғни, жастарға жасап берді. Ол аудармалардың астарында қаншама сыр , ой жатқанын зерттеп, талдау арқылы жас ұрпаққа жол сілтеген. Ғафу ағамыз туралы, ақын Серік Тұрғынбекұлы былай деген:

“ Лирик ақын, сыршыл ақын, философ ақын дегендер болып жатады. Менің ұғымымда Ғафекең ең алдымен эпик ақын. Ол өзінің өлеңдері арқылы уақытқа үн қоса білді. Мысалы Ғафу Қайырбеков тың туралы дастандары үшін Мемлекеттік силықты алды. Ал сол тыңды Ғафекең басқалары секілді құр ұрандатып, желкілдетіп, керемет деп айқайлап кетіп, мақтаған жоқ. Тыңды айта отыра Ғафекең оның Қазақстанға тигізген қасіретін де жырлай білді” дей келе, көптеген ғалымдар, ақындар Ғафу ағамыздың артынан жылы сөздер айта кеткені жетерлік. Соның ішінде ғалым Жұмағали Ысмағұловтың қаламынан:

“ Ғафу Қайырбеков ақын ретінде, азамат ретінде қалың қазаққа кеңінен танылған азамат, әрі менің жан жолдасым. Ғафудың мол мұрасы ел жадында, оның шын бағасы енді беріледі. Қазақ поэзиясы жасап тұрғанда, қазақтың рухани байлығы бар кезде оның есімі еш уақытта ұмытылмайды. Қазақта талай дарын бар. Қазақ поэзиясы өте бай, талай дарындар келген, кеткен, әлі де келеді. Соның ішінде Ғафу орны ерекше. Қазақтың алтын тағында отыратын ерекше есім. Мен соны мақтан етем”,- деген екен.

Осы ойларды қорыта келе біз, яғни, жас ұрпақ, келешекке үлес қосуымыз керек. Біздің ата-бабаларымыздың рухын арттыра отырып, жаңа белестердің шыңына жетеріміз анық. Бүгінгі таңда Қазақстан деген ел барда жаңа заманның жаршысы ретінде әлемге танымалдық көрсетуге талпына түсіп “қазақ” атымызды өшпестей қыламыз. Ата-бабамыз салып берген сара жолды асқақтата, өрлете өркендетеміз. Елбасының сенімін ақтау үшін болашақтың бағдарламасына үлес қосуға талпынамыз, техника заманын меңгереміз. Сонда ғана болашаққа нық сеніммен қадам баса аламыз. Ғафу ағамыздың арманы да, биік шыңдары да осы, ер есімі ел есінде.

4,7(80 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
berezniki14
berezniki14
06.12.2021

Мен күзгі демалысымды қалай өткіздім?

Оқу жылының басталғаны енді ғана еді, бірінші тоқсан да аяқталып, күзгі демалыс уақыты та келіп жетті. Мен биылғы күзгі демалысымды отбасыммен шер шоқтығы атанған Көкшетау өңірі, атап өткенде Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен – Бурабайда өткіздім.

Бурабай – мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, бұл өңірді ел арасында «Қазақстандық Швейцария» деп те атайды. Оның бірнеше себебі бар, ең алдымен бұл мекеннің әсем табиғатын сөзбен суреттеп жеткізуге мүмкін емес. Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Жыл сайын бұл жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.

Біз отбасымызбен осындағы қонақ үйлердің біріне орналастық. Ауа райының салқындығына байланысты жаздағыдай  көлге шомыла алмасақ та,түрлі экскурсиялар мен мұражайларға бардық, солардың ішінде Абылай алаңы, Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр, Жұмбақтас ерекше әсер қалдырды. Күзгі демалысымды қызықты әрі денсаулыққа пайдалы өткіздім. Енді отбасымызбен қысқы мезгілде келіп демалсақ деп жоспарлап та қойдық. Себебі, жылдың қай мезгілі болмасын, Бурабайдың табиғаты ерекше!

4,8(65 оценок)
Ответ:
malia20092004
malia20092004
06.12.2021

«Менің арман мектебім» шағын шығарма.

«Білім кілті – мектепте» демекші, мектеп – біздің екінші үйіміз. Менің есімде алғаш ұстазымның үнемі айтып отыратын сөздері қалыпты: «Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» деп мектеп жайлы өте орынды айтылған деп ойлаймын. Мектеп – бізді есейіп, ер жеткенше білім нәрімен сусындататын білім ордасы, үлкен ғалым – академиктер, саясаткерлер, қаржыгерлер, табысты кәсіпкерлер және де тағы басқа мамандық иелерінің барлығы мектеп қабырғасында білім алып, оны ары қарай шыңдай білген.

Мен қаламыздағы іргелі оқу орындарының бірі - №8 қазақ гимназиясында оқитынымды мақтан етемін, елімізге белгілі тұлғалар осы мектепте білім алған, болашақта мен де сол кісілер сияқты білімімнің арқасында биік шыңдардан көрінгім келеді.

Енді бір сәт қиялға беріліп, армандап көрейікші? «Менің арман мектебім қандай болу керек?» деген сұраққа жауап беруге тырысып көрейін. Әрине, ең алдымен жаңадан салынған не болмаса күрделі жөндеуден өткізілген, толықтай жаңартылған мектепте оқығанды армандаймын. Одан кейін – мектеп толықтай цифрландырылып, соңғы техникалық оқу – құралдарымен, зертханалық кабинеттермен толықтай қамтамасыз етілсе деймін. Одан кейінгі тілегім, шетелдегідей қашықтықтан оқыту технолоиясы енгізілсе, тіптен керемет болар еді. Мысалға, ауырып қалған күндердің сабағын үйден отырып оқып, дайындалсаң, құрбыларыңнан еш қалмайсың.

Қазірге бұл арман болып көрінгенімен, жақын болашақта мүмкін болады деп сенемін.

4,7(54 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ