М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ЛераКлаф
ЛераКлаф
07.05.2022 23:18 •  Қазақ тiлi

2-магiн Биiгiн кар көмкеріп алаканаттанып жататын Алатау - табигаты әсем Казак жерiндегi ен iрi тау жоталарына жатады. Онын казак ушiн орны болек. Алатауды он куйте коспаган акын-жазушы жок шыгар, сiро... Жер жаннаты Жетісуға керiк берiп турган Алатаудын койнауы кұтты - ауасы таза, шипалы сулын кезi, мұнда есiмдiктiн түр-түрі еселі, жануардын да турi кеп. Шынды-кузлы тау биiгiн қарлы шындар басып жатыр, калын муздактар кеп, тау етегiнде - орман, ангарында - шалғын. Койнауы купияға толы Алатау казак үшiн биіктіктін. аскактыктын символына айналған. Флора мен фаунага аса бай сулу табигаттын Алатау аталатын гажайыбы осы жердi мекендеген халык ушiн де, келген-кеткен конактар үшiн де унемi сагындырып тұратын ерекше кушке ие. Салыстыру аспектілері 1-мотiн 2-мотiн Стилі Жанры Мәтін түр это сор


2-магiн Биiгiн кар көмкеріп алаканаттанып жататын Алатау - табигаты әсем Казак жерiндегi ен iрi тау

👇
Открыть все ответы
Ответ:
pop9999
pop9999
07.05.2022
«Қазақ солдаты» романы

Бүгін сіздерге ұсынғалы тұрған кітап  - «Қазақ солдаты».  Иә, құлаққа етене таныс: «Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай-қарай зытам… Зытып келе жатқаным, қашып келемін. Артыма қарай беретінім, қорқып келемін» - деген сөздерімен мәңгілік өлмес мұралардың бірі әрі бірегейі саналатын,  ұлы жазушының таудай талантының арқасында дүниеге келген үлкен романның дәл өзі.

Әрине, таудай талант иесі деп отырғанымыз – Ғабит Мүсірепов. Дәуірдің рухани – мәдени бел-белестерінде өшпес белгі қалдырған, әдебиетіміздің биік тұлғасы тұғырына көтерілген ұлы суреткер, ірі қоғам қайраткері, әдебиетіміздің «алыптар тобының» аса көрнекті өкілі.

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғын ала ол өзінің тұлғалы туындысы«Қазақ солдаты» романын жазды. Роман тың тақырыбымен, образдарының көркем бейнеленуімен, сюжет құру шеберлігімен, тартымды тамаша тілімен таңдаулы қазақ романдарының қатарына қосылады.

Шығармадағы бас кейіпкердің прототипі Кеңес Одағының Батыры, атыраулық ержүрек жауынгер Қайырғали Смағұлов. Бұны біреу білсе, біреулер біле бермейді. Оның есесіне, бір дәуірдің талай сыры шертіліп, талай рухани адамдық ізденіс-өзгеріс ақтарылған айтулы туындыда азынаған замана лебі айқын сезіледі.  Бас кейіпкердің арман-тілегі, өрісі мен өресі, көтерілген шыңы да, қинала кешкен ойы мен қыры да мен мұндалап тұр.

... Оқу іздеп ауылдан келген бала Қайроштың басынан кешкендері,оның жаңа достары Бораш пен Шенен, әңгімедегі абзал аналар, табиғат суреті, олардың кейіпкер сипатын ашудағы рөлі. әңгіменің баяндау түрі, тіл көркемдігі, мақал-мәтелдердің қолданысы, Қайроштың бір басындағы сезім арпалыстары шығарманы ширықтыра, оқырманды тарта түседі.  Неге десеңіздер, тарқатып айтайық...

Біріншіден, ауылдан сиыр бағып жүрген жерінен қашып қалаға келіп, табан тірейді. Екіншіден, жастық шағы  сұрапыл соғыспен тұспа-тұс келеді. Соншама  тартымды, көз алдына келтірген арманның бәрі жолда  қалып, жалғыз қолда қалған мүмкіндік болмаса да, ел елдындағы  борышын өтеу мақсатында соғысқа аттанып кете барады.

Содан өлім мен өмір жалғаса береді. Қазақ солдаты Новороссийскіні азат етуге, Элтиген биіктеріндегі қанды шайқаспен жеңіске жетуге, Керчьті қорғап қалудағы қиян-кескі ұрыстарға қатысады. Түрлі-түрлі жарақаттар алып, госпитальдарға да жатып шығады. Батырлығы үшін 1943 жылы Кеңес Одағының Батыры атанады.

...«Қашуымның да, қорқуымның да балаға лайық себептері бар».Бүкіл шығарманың арқауы осы бір-ақ ауыз сөзге тіреліп тұрған секілді. Себебі, батырлық та, батылдық та, даналық та балалықтан басталады. Оның қасында соғыс деген не тәйірі?! Қысқасы, әсем де әдемі тілмен кестеленіп жазылған шығарманың айтар ойы талайда жатыр.

4,6(27 оценок)
Ответ:
znaniya1402
znaniya1402
07.05.2022

Мағжан Жұмабаев (1893-1938)


Мағжан – қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі.Ол артына өшпес рухани мол мұра,өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кеткен.

Жарты ғасырдан аса оның есімін де,шығармаларын да атай алмай келген халқы көп жылдардан кейін ғана ұлы ақынымен сағына қауышқан.

Мағжанның туып өскен жері – Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Булаев ауданы.Әкесі Бекен – көзі ашық, өжет,қайратты, парасатты адам. Көп жылдар болыс болған. Мектеп ашып, мұғалім ұстап,өз балаларының оқуына қамқорлық жасайды.Бұл мектепте патша әскерінен қашып жүрген Ажиетдин Ақанов деген оқыған, білімді башқұрт жігіті мұғалім боп істеген.Зерек Мағжан төрт жасында осы мектеп есігін ашады, хат таниды, Шығыс әдебиетімен алғаш осы мектепте танысады. Қолына түскен қисса-дастандарды оқи бастайды. Ақын Шығыс әдебиеті даналары Фирдоуси, Сағди, Ғафиз,Омар Хаям дастандарын түпнұсқадан оқып-үйренеді.

Оқуға зерек, білімге, білмекке ынталы Мағжанды әкесі Қызылжардағы медресеге оқуға түсіреді.Мұнда ол шығыс тілдерін үйренеді, сол тілдердегі әдебиеттерге ден қояды.Тап осы кездерде ақындық талантының бүрі де ашылады.

Мағжан сол кездерде Абайдың 1909 жылы Петербургте жарық көрген өлеңдерін оқып, сонан сусындайды.

Ақын мұнан әрі білімін Уфадағы «Ғалия» медресесінде жалғастырады. Медреседе дәріс оқушылар ішінде татардың классик жазушысы Ғалымжан Ибрагимов бар еді.Бұл медреседе сол жылдары бірталай қазақ жастары да оқыған, солардың арасында халқымыздың біртуар жазушысы Бейімбет Майлин де болған.

Мағжан өлеңдерінің тұңғыш рет Қазанда Кәрімовтар баспаханасынан басылып шығуына қол ұшын берген – ұстазы Ғалымжан Ибрагимов.

Шәкіртінің алғырлығын да, зеректігін де таныған ол Мағжанның білімін әрі қарай жалғастыруына да ақыл-кеңес береді.

Мағжан орыс һәм Еуропа мәдениетінен сусындамақ болып, Омбыдағы оқытушылар семинариясына оқуға түседі. Осы оқу орнында ол Сәкен Сейфуллинмен алғаш танысады.Мағжан семинарияны алтын медальмен бітіреді.

Мағжан ана тілінің мол байлығын бойына барынша сіңірген, орыс тілін де жетік білген.Соның арқасында ол Пушкин, Лермонтов, Горкий, Байрон, Гете тағы да басқа орыс, Батыс ақын-жазушыларының шығармаларымен танысып, олардың таңдаулы туындыларын ана тілімізге аударып, халқымыздың игілігіне айналдырған.

Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында. Ақын ел ішіндегі әлеуметтік, қоғамдық өмірге белсене араласады. Соларға ақындық үн қосып отырады. Мағжан өлеңдері негізінен халқының, ел – жұртының тағдырына бағышталған.Мағжан – лирик ақын, сыршыл ақын. Ақын поэзиясының ең қомақты жағы осы лирикалары. Олары романтикалық асқақ сезіммен өрілген. Жан тербетеді, адамды нәзік сұлу сезімдерге бөлейді. Ақын лирикасының тақырыптары алуан: туған жер, ата мекен, халық тағдыры, ар – адамгершілік, шынайы махаббат, т.б.

Мағжан – эпик ақын. Оның қаламынан «Батыр Баян», «Қорқыт», «Жүсіпхан» сияқты поэмалар туған. «Батыр Баян» поэмасында өзінің халқына, Алашына деген суымас перзенттік жүрегінің ыстық сезімін өлең өрнегіне шынайылықпен түсірген. Халқымыздың сондай ер жүрек перзенттерінің бірі – батыр Баян. «Батыр Баян» поэмасы «алашым» деп еңіреп, «майданда жолбарыстай» ерлік көрсеткен осы аруақты көкжал батырға арналған.

4,6(24 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ