1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқып, тапсырмаларды орындаңыз./ Прочитай текст и выполни задания которые даны ниже.
Қазақстан климаты.
Қазақстан климаты қуаң континентті: қысы өте суық, ал жазы ыстық.
Қазақстанның кең байтақ аумағына байланысты, мемлекеттің түрлі аймақтарында ауа райы айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Мысалға, оңтүстікте егін егу басталып жатқан кезде, солтүстік жерінде әлі қар жатып, боран соғып тұруы ғажап емес.
Бүкіл мемлекетке температураның күрт ауытқулары тән, бұл тәуліктік ауытқуларға да, жылдық ауытқуларға да қатысты.
Солтүстікте қысқы орташа температура қаңтар айында -18,70С, ал оңтүстікте -1,50С. Ауаның құрғақ болуынан және күннің шуақтылығынан -150С температура кейде ылғалды ауадағы -50С -00С тәрізді сезіледі. Қазақстанның қысы тауларда, мысалы, шаңғы базаларында қысқы спорт түрлерімен айналысуға ыңғайлы.
Жазда мемлекеттің солтүстігінде шілде айының орташа температурасы +18,80С, оңтүстікте +28,80С. Ыстық жаздың күні қазақстандықтар теңіз-көлдерге барып жағажайда, демалыс базаларында демалғанды ұнатады.
1. «Уақыт- өмір» тақырып бойынша 5 сөйлем көлемінде өз ойыңды жаз./ «Время жизнь » Напиши на данную тему свои мысли , 5 предложений.
2. Қазақстанның солтүстік климаты туралы диаграмма құрастырыңыз./ Опираясь на текст выпиши северный климат Казахстана.
3-тапсырма Климат түрлері мен олардың ерекшеліктерін шартты белгілер арқылы
сәйкестендіріңіз./ Опираясь на текст выполни на соответствие.
Қазақстан климаты
Ерекшеліктері
Қазақстан климаты
қаңтар айында -1,50С.
Солтүстікте қысқы орташа температура
теңіз-көлдерге барып жағажайда, демалыс базаларында демалғанды ұнатады.
Оңтүстікте қысқы орташа температура
қысы өте суық, ал жазы ыстық
Ыстық жаздың күні қазақстандықтар
қаңтар айында -18,0С
Жұмбақ айтыс.
Жұмбақ айтыс– айтыс жанрының бір түрі. Онда табиғат құбылыстары, адам, жан-жануар, қоғам тіршілігіндегі көріністерді жұмбақтау арқылы өнер бәсекесіне түскен әріптестер бір-бірінің ақыл-парасаты мен ой-түсінігін сынап, сөзден тосып, тізе бүктіруді көздейді. Жұмбақ айтыстың ең алғашқы түрі – қыз бен жігіт қайымдасуларында бір-біріне тосыннан сұрақ қойып, оған қолма-қол жауап қайыруды өзара мақсат еткендіктен, көбінесе олардың жауаптасулары барынша жинақы, терең мағыналы болып келеді. Қайым айтыстарының бір топ үлгілерінде (аты-жөні мәлімсіз көптеген қыз бен жігіт қайымдасулары, “Ұлбике мен Күдері қожа айтысы”, тағы басқа) қойылатын бір-екі ауыз жұмбақ айтыс тағдырын үзілді-кесілді шеше алмайды, көбінесе, қарсыласын оқыстан тосып тоқтатудың көп тәсілдерінің бірі ғана.
Қыз бен жігіт қайымдасуларының енді бір тобында айтыстың тоқтамды түйіні жұмбақ шешімдеріне келіп тіреледі. Мұнда жұмбақты қыз жағы бастап, жігіт шешуімен шектеледі де, ақыры қыздың дәстүрлі жол беруімен (жүзік, сақина, түйме, орамал – бір тоғыз) аяқталады. Жұмбақ арқылы айтысу ақындар айтысында кемелденіп, өзінің шырқау шыңына жеткен. Бұлардың бірсыпырасы ғылым-білім, өнердің пайдасын паш етсе, енді бір тобы деректі заттар мен өмірдегі жаңалықтарды жұмбақ етеді.