М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
соникна
соникна
03.05.2023 09:22 •  Қазақ тiлi

1. Мәтінді оқып , құрылымы мен рәсімделуі , жанрлық және тілдік ерекшелiктерiн талдап , берілген кестені толтырыңыз . Мұнай - химия саласы - дүниежүзіндегі ең табысы мол әрі қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі . Дамыған елдерде соңғы 5 жылда мұнай - химия енеркәсiбiндегi өнiмдердiң есiмi 7 пайыздан асып түсiптi . Демек « қалауын тапса ... >> қыруар пайда әкелетiнi күмән тудырмайды деген сөз . Жалпы сарапшылардың пайымына салсақ , мұнай - газ ендiрiсiнiң күні батты деуге әлi ертерек . Аталған сектордың әлеуетi әлi де жеткiлiктi . Ол ушiн саладағы басымдықтың бағытын аздап бұрған жөн . Атап айтқанда , мұнай - химия саласын дамыту керек . Адам денсаулығына да , қоршаған ортаға да зиян келтірмейтін қуат кездерi табылып жатқан тұста құр қара майға қарап отырудың жәнi жок . по Мамандардың көпшiлiгiнiң пiкiрi осы теңіректе түйiседi . Рашид Жақсылықов , Мұнай - газ компаниялары одағының алқа терағасы : Қазіргі таңда отандық мұнай - газ өндірісінде Shell >> Chevron >> << Agip >> -га сынды әлемге әйгілі компаниялар жұмыс істеп жатыр . Осы компаниялардың шикiзат күйiнде өндiрiп , кейiн шетелдерде терең өңделiп , елiмiзге қайта келген тауарларын қолданбайтын қазақ кемде - кем . Қысқасы , өзіміздің шикізатты қара бақырға өткізіп , әлденеше есе қымбатқа қайта сатып алуды әдетке айналдырдық . Яғни импорт енiмдерi үшiн төленген қыруар қаражат шетелдердің экономикасына жұмсалып жатыр . дейдi . Рашид Жақсылықовтың айтуынша , мұнай - химия саласын жолға қоя алсақ , қыруар тауардың бәрiн өзiмiзде өндiремiз . Шикізат өзiмiзден шықса , оны өзiмiз терең өңдесек , елде тұтынып қана қоймай экспортқа шығарсақ , мұртымызды балта шаппайтыны түсінікті . Импорттан үнемделетiн қаржы мен экспорттан түсетiн табысыңыз көл - көсір пайданын көзi . Жұмыс орындары көбейетiнiн де eckepy kepek . Оған қоса мұнай - химия саласы ғылым саласымен қатар дамитынын да ұмытпаған жөн . Бүгінде әлем жұртшылығы ағаш қолданудан да калып барады , оның орнын түрлi пластиктер алмастыра бастады . Мұнайдың қалдығынан жасалатын басқа құрылыс материалдары да толып жатыр . Пластик құбырлар , жылу бергіш материалдар , eciк - тepe - зенiң бөлшектерi дейсіз бе , барлығына көмірсутегі шикізатын пайдалануға болады . Яғни мұнай - химия кешенін дамыту денсаулық сақтау , құрылыс және басқа да салаларға оң ықпалын тигiзедi деген сөз Мәтін кандай құрылымдық белiктерден тұрады ?
Мәтін қандай жанрда жазылған ? Неліктен ?
Мәтін кандай стильде жазылған ? Дәлелдеңіз .
Автордың ерекше тiлдiк қолданыстарын а мысал


1. Мәтінді оқып , құрылымы мен рәсімделуі , жанрлық және тілдік ерекшелiктерiн талдап , берілген кес

👇
Открыть все ответы
Ответ:
spikeeesz
spikeeesz
03.05.2023

Энергия[1] (гр. енергеіа – әсер, әрекет) – материя қозғалысының әртүрлі формасының жалпы өлшеуіші.

Материя қозғалысының әртүрлі формалары бір-біріне айналып (түрленіп) отырады. 19 ғасырдың орта шенінде осы қозғалыстың барлық формалары бір-біріне белгілі бір сандық мөлшерде ғана айтылатындығы анықталды; осы жағдай “энергия” ұғымын енгізуге, яғни қозғалыстың әртүрлі физикалық формаларын бірыңғай өлшеуішпен өлшеуге мүмкіндік берді. “ Энергия” ұғымы сақталу заңына бағынады (қ. Энергияның сақталу заңы, Термодинамика). Энергия туралы түсінік мәңгілік қозғалтқыш жасаудың мүмкін еместігін дәлелдеуге байланысты пайда болды. Жұмыстың қоршаған ортадағы немесе жүйедегі белгілі бір өзгерістің (отынның жануы, судың құлауы, т.б.) нәтижесінде ғана орындалатындығы анықталды; дененің бір күйден басқа бір күйге ауысуы кезіндегі белгілі бір жұмыс істеу қабілеті оның энергиясы деп аталды.

Қозғалыстың әртүрлі формасына сәйкес энергияның да бірнеше түрі бар (мысалы, механикалық энергия, химиялық энергия, электромагниттік энергия, гравитациялық энергия, ядролық энергия, т.б.) Физиканың даму процесінде энергия ұғымы нақтыланып әрі жалпыланып отырды. Энергия туралы ілімнің дамуындағы маңызды бір кезең үздіксіз ортадағы энергия қозғалысы мен “энергия ағыны” туралы ұғымның енгізілуі болды. Энергия ағыны деп энергия тығыздығы мен берілген ортадағы орын ауыстыру жылдамдығының көбейтіндісіне тең векторды айтады.

Кванттық физиканың дамуы энергия ның квантталатындығы жайлы, яғни кейбір жағдайда жүйенің энергиясы тек дискретті (үздікті) мәндерді ғана қабылдайды деген фактіні дәлелдеуге мүмкіндік берді. Мұндай жағдай мысалы, сәуле шығару энергиясына, микробөлшектердің тербеліс және айналу Энергиясына қатысты айтылады. Салыстырмалық теориясында Энергия (Е) мен масса (м) арасындағы байланыстың (Е=мс2, мұндағы с – вакуумдегі жарық жылдамдығы) ашылуы физика үшін зор маңызды болды. Бұл қатыс әмбебап қатыс болып есептеледі. Сондықтан ол тіпті өте кішкентай микробөлшектің өзінде де әрқашан қозғалыстың белгілі бір түрі болатындығын көрсетеді. Мұндай қозғалыстың өлшеуіші мс2 өрнегі болады. Әсіресе бұл қатыстың ядр. энергетиканың дамуына байланысты іс жүзіндегі маңызы арта түсті. Энергия бірліктердің халықаралық жүйесінде (СИ) джоульмен, бірліктердің СГС жүйесінде эргпен өлшенеді. Ал ядролық және атомдық физикада энергияның өлшеу бірлігі ретінде электронвольт алынады.[2]

4,5(36 оценок)
Ответ:
samsungtaba32
samsungtaba32
03.05.2023
Татулық немесе бейбітшілік дегенде бірлігі жарасқан жандар мен ынтымағы биік, алауыздығы жоқ ел еске түседі. Қай ұлт, қай ел болса да бейбітшілік пен ашық аспанды, бақытты елдер қатарында болуды аңсайды. Қабан (Қабылиса) жырау:

– Бақыт қайда барасың?

– Көршімен болған бірлігі,

Тағат, ғибадат тірлігі

Ұйымшыл елге барамын,– деп жырлапты. Бүгінгі қазақ мемлекетінен тағат, ғибадатты табамыз, тәубе. Көршілерін былай қойғанда, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басын бір үстелдің басына жинайтын да біздің мемлекет. Жаһандық маңызы бар Әлемдік және дәстүрлі діндер көш­басшыларының IV съезі жақында өткелі тұр. Бұл Қазақ елінің мәртебесі десек, екінші жағынан, қазаққа берілген бақыт деуге болады. Себебі, өзіміздің бақытты, ынтымағы жарасқан, бейбіт ел екендігімізді екінші тараптан осылай көрсете аламыз.

Мақсаты кең, нәтижесі биік бұл съездің алдыңғы кездесулердегі ауқымды талқы­ланған мәселелері өз жемісін беріп жатыр деп білеміз. Бірақ, биылғы IV Съезге қойылған тақырыптың маңыздылығы да ерекше. «Бейбітшілік және келісім – адамзат таңдауы» тақырыбының қарастырар талқысы мол. «Тұрақты дамуға қол жеткізудегі дін лидерлерінің рөлі», «Дін және мультикультурализм», «Дін және әйел: рухани құндылықтар мен қазіргі заманғы сын-тегеуріндер», «Дін және жастар» атты төрт секциялық отырыс жоспарланған.

Біздерді қызықтырып, тапқырлықпен таңдалған бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі – жастар мәселесі. Қай елде болса да діннің алар орны ерекше. Әрі халық өзі ұстанған дініне мейлінше берік болуға тырысып, дін басшыларына ерекше орын берері хақ. Олай болса, жастарды тәрбиелеу мәселесінде діндер көшбасшыларының алар орны өзгеше. Астана төріне дін басшылары жәйдан-жай жиналмақ емес. Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайының көк шаңырағының астында ұйымшылдықпен талқыланатын өзекті мәселелер әр елдің игілігі үшін болмақ. Міне, осыны татулық пен бейбітшіліктің нышаны деуге әбден негіз бар. Бұл съездің Қазақстанда өтуінің өзі тек беделімізді ғана емес, ата-тарихымызға сай қонақжайлылығымызды да айғақтайды.

Ауқымы кең, айтары мол, талқыланатын тақырыбы терең құрылтайдың алдында «Егемен Қазақстан» газетінің бетінде (№169-171, 20 сәуір 2012 ж.) басылым басшысы Сауытбек Абдрахмановтың Бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы хазрет Әбсаттар қажы Дербісәлімен «Ислам – адамзаттың асыл тәжі» атты сұхбаты жарияланған-тын. Оқып, ой түйіп, алған ерекше әсерімізбен бөлісу мақсатында қолға қалам алған едік.

Ғұламалардың «Тақырыпты дұрыс түсіну, оқығалы жатқан дүниенің жартысын түсінгенмен тең» дегеніндей, дінбасының сөзінен алынып, «Ислам – адамзаттың асыл тәжі» деп аталған бұл мағынасы терең сұхбаттың тақырыбының өзі маңыздылығы мен терең ой қалдыратынын айқындап тұрғандай.
4,4(39 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ