М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
PilkaPie
PilkaPie
08.06.2022 18:51 •  Қазақ тiлi

1.Мәтіндерді оқып, стилін, жанрын салыстырыңыз. 1-мәтін Бәтеңке, Ilржык, Балкаймак. Дүкенде тұрып ұрысты. Бәтеңке шықты айғайлап: Айту керек дұрысты! Сен екеуің кімсіңдер, Мені айтындар мүлік деп, Құр мақтанып жүрсіндер, Жұрт та сырттан күліп көп. ...Білмейсіндер, өмірге Кім пайдалы, кім мықты, Кәне, екеуің жеңіл де, Мойындаңдар шындықты. Таласты олар ұзақ түн, ...Кетті айтыс ұзап тым, Бір бітімге келмеді... Бақта оянды әнші құс, Ай да қалғып барады. Шымқай тартты күн шығыс, Алтын арай тарады. Бәтеңке, Шұкық, Балқаймақ, Жатыр әлі айғайлап... Бірін-бірі мінеді, Керкілдесті, керісті. Жүгінетін біреуді, Табалық деп, келісті. 2-мәтін Биігін қар көмкеріп алақанаттанып жататын Алатау - табиғаты әсем Қазақ жеріндегі ең ірі тау жоталарына жатады. Оның қазақ үшін орны бөлек. Алатауды ән-күйге қоспаған ақын- жазушы жоқ шығар, сірә... Жер жәннаты Жетісуға көрік беріп тұрған Алатаудың қойнауы құтты - ауасы таза, шипалы судың көзі, мұнда өсімдіктің түр-түрі өседі, жануардың да түрі көп. Шынды-құрды тау биігін қарлы шыңдар басып жатыр, қалың мұздақтар көп, тау етегінде орман, аңғарында шалғын. Қойнауы құпияға толы Алатау қазақ үшін биіктіктің, асқақтықтың символына айналған. Флора мен фаунаға аса бай сұлу табиғаттың Алатау аталатын гажайыбы осы жерді мекендеген халық үшін де, келген-кеткен қонақтар үшін де үнемі сағындырып тұратын ерекше күшке ие. Салыстыру аспектілері 2-мәтін 1-мәтін Стилі Жанры Мәтін түрі


1.Мәтіндерді оқып, стилін, жанрын салыстырыңыз. 1-мәтін Бәтеңке, Ilржык, Балкаймак. Дүкенде тұрып ұр

👇
Открыть все ответы
Ответ:
sonya0013
sonya0013
08.06.2022
Әр заман, тарихи әр кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім.Олар елдің мұң – мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына перзеттік махаббаттын арнаған, туған халқының
игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алып отырған. Мұндай азаматтардың игілікті дәстүрлері ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, елдің тарихи, мәдени өміріне елеулі ықпал етіп келген.
Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған сондай тұлғалардың бірі- Ыбырай Алтынсарин.Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес,халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу – маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен. Сүйтіп, өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат- мүдделеріннің кәдесіне, ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға.
Ал оның заманы тарихтың бір аумалы – төкпелі кезеңі болған еді. Өйткені ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан кейін- ақ енді қазақ жеріне Ресей патшалығының сұғы қадалып, жаулауы басталған-ды.Қазақ халқы небір зорлық- зомбылық, зобалаңды басынан өткізіп жатты.
Намысқа шапқан қазақ батырлары бастаған азаттық жолындағы күрестер біріне- бірі жалғасқан еді.
Исатай- Махамбет, Кенесары- Наурызбай, Сырым батыр, Едіге, Есет пен Бекет, Жанғожа, Сұраншы- Саурық тәрізді батырлардың есімі қазақ тарихында алтын әріппен жазулы...
Ауыр заманда білім алып,ат жалын тартып мінгесін- ақ Ыбырай Алтынсарин білім ұранын көтерді.Елді қорлықтан құтқаратын, игілікке бастайтын тек білім деп есептеді.Бұл ретте ол жалғыз болған жоқ. Байтақ Қазақстанның әр өңірінен ұлт басына төнген қауіпті терең сезініп, ұлттық құлдыраудан құтылудың жолдарын көрсеткендер болды.
Солардың ішінде ұлы Абайдың орны ерекше.
Абай мен Ыбырайдың ақындық,ағартушылық енбектері бірін –бірі толықтырып, үндесіп жатты.Олардың бұл үндестігін терең зерттеп дәлелдеген ғұлама жазушы Мұқтар Әуезов болды.
Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, тілашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып, өзі де ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды.Сол әдеби шығармалары арқылы тіршіліктің өзекті мәселерін көтеруге бет бұрды. Ол қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылрдың бірі болды.Әдебиетке тың тақырыптар әкеліп, озық ойлар негізді. Шиеленіскен тартыстар,соны бейнелер, бұрын болмаған жанрлар арқылы әдебиетті мазмұн жағынан ғана емес, түр жағынан да дамытты.
Оның мазмұнды да мағыналы әсем лирикалық өлеңдері, қысқа да әсерлі әңгімелері қазақ әдебиетінің тарихында өшпес орын алады.
Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы "Қазақ христоматиясы" (1879) ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылыды.Ақын бұл өлеңдерді өз кезінде "Сөз басы" деген атпен алған.Қазір бұл өлеңдер "Кел, балалар,оқылық", "Өнер-білім бар жұрттар" деген атаулармен мәлім. Ол халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындыларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды әдісінің қажеттігін көрсетті.Оқу білімнен кенже тұрған халық үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттай алатын қысқа көлемдегі поэтикалық шығармалардың айрықша ұтымды екенін,әсерін терең сезінді, сенді.Қазақ жастарын білім алуға,мәдениеттің жаңа дәстүрлерінигеруге,бойға сіңіруге шақырды.
"Кел, балалар,оқылық"өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып,білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды.
1) Істің болар қайыры
Бастасаңыз алдалап.
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.
2) Надандықтың белгісі-
Еш ақылға жарымас...
Жөн білмеген адамға
Қыдыр ата дарымас...
Бұл "өлеңнің айрықша құндылық қасиеттерінің бірі- оның халық дәстүрі,халықтың ұғым өлшемі негізінде жазылғандығында",- деп атап көрсетеді.ғалым Ә:дербісалин "Ы.Алтынсариннің әдеби мұралары" деген еңбегінде. Мысалы мал байлығын салыстыру,білмсіз,еңбексіз байлықтың баянсыздығы т.б.
Ал "өнер- білім бар жұрттар" өлеңінде сол тұстағы ғылым мен техниканың ең басты жаңалықтары толық қамтылып, өнер мен білімгеқолы жеткен халықтың экономикалық жағынан озықтығын әр салада көрсетеді.("Сарай салғызды", "Айшылық алыс жер", "Көзіңді ашып жұмғанша", "Құстай ұшу", "Балықтай жүзу", " Өнер- жігіт көркі", "Сіздерге бердім батамды" т.б.
4,7(35 оценок)
Ответ:
FaizTimYr
FaizTimYr
08.06.2022

Салауатты өмір салты.

Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Үлкен кісілер « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп бекер айтпаса керек, себебі дені сау адам – мемлекеттің ең басты капиталы.

Соңғы кездері салауатты өмір салтына аса мән беріліп, бұл мәселе қолға алынып келеді. Өсіп келе жатқан ұрпақтың жадына жастайынан денсаулықтың қадірін білуді, өз денсаулықтарына үлкен жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруымыз керек.

Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы, өмірдегі баға жетпес құндылық, ең басты байлық. Адам өмірінде денсаулықтың орны бөлек, әрі ерекше. Байлығымыз асып – тасып жатқанымен, денсаулығымыз жоқ болса, байлықтың не керегі бар?

Қазіргі кезде елімізде халықтың денсаулығын нығайту жолында біршама шаруалар атқарылып, үкімет осы салаға ерекше көңіл бөліп отыр.

Өз басым күнделікті спортпен айналысуды күн тәртібіме кірістіріп қойдым, таңертең бір мезгіл жүгіріп, кешке арнайы жаттығулар жасамақпын.

Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын.

Денсаулық баға жетпес құндылық болғандықтан, біз салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығымызды күтуіміз керек. Сонымен қатар, соңғы уақытта дұрыс тамақтану да өзекті болып отыр. Бұл да оң өзгеріс деп санаймын.

Сонымен мен өз-өзіме денсаулығымды күтіп, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтануға уәде бердім.

4,7(50 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ