М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
tatyanavartanyp06xy5
tatyanavartanyp06xy5
21.06.2020 16:52 •  Қазақ тiлi

1) Мәтінде қандай мәселе көтерілген? Себебін 1-2 сөйлеммен жазыңыз. [1]
2) «Болашақта экстремалды табиғи құбылыстар кобейеді,
жана
табиғи
аномалды құбылыстар пайда болады» деген автор пікірімен келісесіз бе? Ойыңызды
дәлелдеңіз.
[1]
3) Мәтінде климат өзгеруінің қандай себептері көрсетілген?

Сам текст
Климаттың ғаламдық жылынуы фантастика ретінде қабылданатын. Бүгінгі күні
ғаламдық денгейде болып жаткан климаттың өзгеруіне көптеген дәлелдер бар.
Қазақстанда ауаның орташа жылдык температурасы 1936 жылдан бастап 2005
жылдар арасында әрбір 10 жыл сайын 0,31 Сградусқа жоғарылап отырған. Соңғы 50 жылда
Іле Алатауының солтүстік бөктеріндегі мұздықтардың ауданы 41 пайызға қысқарған,
Үкіметаралық сарапшылар тобының (көҮСТ) болжамдары бойынша егер климаттың
өзгеруі мен күннің жылынуы осы қарқында өрбитін болса, ХХІ ғасырдың ортасында
орташа температура 6 градусқа жоғарылауы мүмкін.
Бұл өз кезегінде 2 градусқа жылынудың өзі кері салдарға әкеп соғатын күрт
континенталды Қазақстан үшін орасан зор апат болып табылады. Бүгінгі күннің өзінде
еліміздің территориясының 75% экологиялық тұрақсыздық тәуекеліне ұшырап отыр.
Алапат ыстық, құрғақшылық. Тіршіліксіз шөл даланың аумағы солтүстікке қарай 300-400
шақырымға жылжиды. Су ресурстарының жетіспеушілігі мал жайылымдарының азаюына
әкеліп соғады және ауыл шаруашылығына ауыр соққы болып табылады. «Қазақстанда
климаттық тәуекелдерді басқару» БҰҰЖЖ жобасы мамандарының пайымдауынша
табиғаттағы процестердің белгілі бір циклга бағынатынына қарамастан температураның
жаһандык жоғарылауы нақты дәйек болып табылады. Қазақстанда температураның
жоғарылауы жауын-шашын мөлшерінің артуымен өтеліп отырған жок, бұл белгілі бір
тәуекелдерге алып келеді. Бізді алда өзендердің ағысының өзгеруі күтіп тұр, экстрималды
табиғи құбылыстары кобейеді, жаңа табиғи аномалды құбылыстар пайда болады.
Инна Колтаевская
(

👇
Открыть все ответы
Ответ:
ghosthog
ghosthog
21.06.2020

Қазақстанның көрікті жерлері туралы досыма хат.

Сәлем, Алина! Қал – жағдайың қалай? Үйіңе аман – есен жеттің бе? Мен қазір саған ауылдан хат жазып отырмын. Екеуміздің халықаралық балалар орталығында танысқаныма өте қуаныштымын, енді осы хатымда мен саған Қазақстанның көрікті жерлері жайлы айтып кеткенді жөн көрдім.

Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Мен өз басым Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданында тұрамын. Ұлан байтақ еліміздің ірі қалаларын аралау - менің арманым, себебі Қазақстанда көрікті жерлер жетерлік. Әзірге осы арманымды ата - анамның арқасында ақырындап жүзеге асырып келемін. Жазғы демалыста отбасымызбен демалуға бір қаланы таңдап, сонда жол жүреміз. Әзірше біз киелі Түркістан, жер жәннаты Жетісудың орталығы - Талдықорған, оңтүстік астанамыз Алматы және еліміздің бас қаласы Нұр - сұлтанға сапар шектік. Әр қаланың өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Мысалы, Түркістанда біз киелі жерлерді аралап, аптап ыстықта жер асты құдығының суын ішіп, бұрынғы заманның сәулет өнері туындыларына тамсандық. Ал Жетісу өңірінде таудан сырқырап аққан Қаратал өзенінің бойында серуендеп, таза ауада демалып, табиғаттың сұлулығына тәнті болдық. Оңтүстік астанамыз аталып кеткен Алматыда серуендеп қыдыру мен аты әлемге әйгілі Алматы апортын татып көрудің өзі арман ғой, Алматыны тіпті өлең - жырға қосқан ақын - жазушылар қаншама десеңші... Алматыда серуендейтін жерлер өте көп. Солардың ішінде біз Көктебеге көтеріліп, әсем Алматыны жоғарыдан алақанымыздағыдай көріп таң қалдық. Аты әлемге әйгілі Медеу мұз айдынында коньки тептік, Абай атындағы ұлттық опера және балет теартының кезекті қойылымын тамашалап, Ә.Қастеев атындағы сурет галереясына да барып үлгердік. Еліміздің жүрегі – Нұр – сұлтан қаласының да көрікті жерлері аз емес, жыл сайын олардың қатары толықтырылып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның сәулеттік символына айналған «Бәйтерек» монументі, «Хан-шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы және «Думан» ойын-сауық кешені біздің отбасымыздың сүйікті демалу орындары.

Келешекте Қазақстанның Қостанай, Павлодар, қарт Каспийдің жағасында орналасқан Ақтау, Атырау, сонымен қатар шырайлы Шымкент қалаларын аралағым келеді.

Ал сен бұрын Қазақстанда болдың ба? Болмасаң, мен сені қонаққа шақырамын, жазғы демалыс уақытында келіп, қонақ болып кет.

Хат жазып, хабарласып тұр.

Сәлеммен, досың Амира.

4,5(86 оценок)
Ответ:
iratupikp00q9c
iratupikp00q9c
21.06.2020
Сәлем достым. Сіз Қазақстандағы әдемі жерлердің көп екенін білесіз бе? Мысалы: Іле Алатауы Тянь-Шаньның солтүстік-батысында орналасқан. Қазақстанның бұрынғы астанасы - Алматы қаласында орналасқан бір миллион қаласының солтүстік бөктерінде. Медеудің танымал спорт кешені, Ассы-Түрген обсерваториясы және Шымбұлақ шаңғы базасы. Немесе: «Қазақстанның Швейцариясы», емшілік оазисі, жарық шипалы ғажайып жаңа елорданың Астана және Көкшетау арасында орналасқан Қазақстанның солтүстік шекарасынан созылып сахналық алаңы, деп аталады. Оның есімі орыс тілінде де, жергілікті диалектілерде де бірдей - Боровое.
4,5(35 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ