Халық даналығы дегенде ең алдымен біз мақал-мәтелдер мен айшықты сөздерді, бата-тілектерді, сондай-ақ, халықтың бай рухани құндылықтарындағы ұлттың ұлағатты сөздерін – ырым сөздерін, тыйым сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін, афоризмдерді еске аламыз. Мұның бәрін бір сөзбен «аталар сөзі», «халық даналығы» деп жинақтап айтқан жөн секілді. Расында да, егер даналық сөздерді жеке-дара мән бере талдап көрсек, олардың жайдан-жай айтылмағанына куә болып, ондай рухани-мәдени мұралардың әрбірінің тамыры тым тереңде жатқанын көреміз. Олар ел өмірінің әр кезеңдерінде пайда болып, әрқайсысының өзіне тән қалыптасқан тарихы бар екенін де сеземіз. Тіпті, кейбірінің тарихи тамырын болжап айту да қиын. Әйтеуір, атам заманнан бері халықпен бірге жасасып, қатар өмір сүріп келе жатқандай әсер етеді. Қалай дегенде де, қазақ халқы ғасырлар бойы әрбір жаңа буынды осынау байтақ мұра – нақыл сөздермен оқытып, солар арқылы жастарға тәрбие өнегесін беріп келгені даусыз. Бүгінгі күнде де, мақал мен мәтелдерді мектеп қабырғасында үйретудің тәлім-тәрбиелік маңызы орасан зор. Себебі, олар көңілдегі күрделі ойлардың мәнін дәл, қысқа да нұсқа жеткізудің, жинақты ойды көркемдеп танытудың таптырмас құралы.
Объяснение:
Әлеуметтік желілердің жағымды жақтары Өңдеу
компьютерлік сауаттылықтың жоғарылығына байланысты ақпарат алу, алмасу жылдамдығы артады;
халықтың билік органдары блогтарына хабарласуы арқылы кері және өзара байланыс орнатуға жол ашылады;
іздестіру жүйелері арқылы кез келген тақырыпта ақпарат алу және пайдалану; тиімді пайдаланған жағдайда білімін толықтыру;
сыныптастар мен курстастарын, ескі достарын табу және хабарласу;
тек компьютер арқылы ғана емес, ұялы телефондар арқылы да желіге ену;
өз мүддеңе сай келетін азаматпен виртуалды тілдесу.
Әлеуметтік желілердің жағымсыз жақтары Өңдеу
бос уақыттың жұмсалуы;
оппоненттің манипуляциялық тәсілдеріне мән бермей, алдауына түсу;
ақпараттың ақиқаты мен жалғандығын айыра алмау, кез келген ақпараттың ұсынылуы;
қоғам құндылықтарына жатпайтын лас сөздерді пайдалану, теріс пиғылды азаматтардың өз мүддесін жүзеге асыру үшін мүмкіндігінің болуы;
ақпаратты кез келген тұлғаның өз мүддесі үшін пайдалануы;
толықтай электронды бағыныштылық.