Зар Заман Ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет (1927) М.Әуезов енгізген термин, зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры.
Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, т.б. Әуезов Зар заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, Нарманбетпен аяқтайды. Зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алатынын атап көрсетеді
ІІІ Дәрістер
№ 1 дәріс. Морфологиялық талдаудың әдістемесі
Дәріс жоспары:
Кіріспе
Морфологиялық талдау әдістемесі:
1) Морфологиялық талдау барысында атқарылатын жұмыс түрлері
2) Морфологиялық талдау нысанын айқындау
3) Морфемдік талдау жасату
4) Морфологиялық (оның ішінде морфемдік) талдау кезінде есте ұстайтын кейбір грамматикалық заңдылықтар
5) Түрленуші мен түрлендіруші бөліктерді айқындау
6) Талдау сатыларының тапсырмалары
7) Сөз түрлендіруші морфологиялық тұлғалар туралы
Кіріспе. Дидактикалық материалдарға талдау жасатуда екі түрлі мақсат көзделетіні белгілі. Олар, біріншіден, белгілі бір тақырып бойынша өтілген, дәріс оқылған теориялық білімді бекіту, екіншіден, алынған білім бойынша оқушының іскерлік, дағдыларын тексеру. Тілдік материалға талдау жасатуда қандай мақсат көзделсе де, тілдік деңгейлердің (фонетикалық, лексикалық немесе грамматикалық деңгейлердің) қайсысы алынса да, талдау жұмысы кешенді түрде жүргізілгені орынды. Кешенді түрде жүргізілген талдаудан, алдымен, оқушының немесе студенттің қай тақырыптарды білмейтіні, дұрыс меңгермегені бірден анықталады, сондай-ақ кешенді талдауды тұрақты және жүйелі жасату шәкірт біліміндегі олқылықтарды толықтыруға септігін тигізеді.
Төменде ұсынылып отырған талдау әдістемесі мен талдау үлгілері – автордың ұзақ жылғы ұстаздық іс-тәжірибесінің нәтижесі.Талдау үлгілері сатылай талдау әдісімен жүзеге асырылады. Әр саты оқушының нақты бір мәселе бойынша белгілі бір көлемде теориялық білімін анықтау немесе меңгерту мақсатын көздейді. Әр саты дербес мәселеге арналғанмен, сатылардың жиынтығы білімнің кешенділігін қамтамасыз етеді.
Әдістемелік құралда тілдің грамматикалық құрылысы деңгейіне, морфология мен синтаксис мәселелеріне қатысты талдаулар қамтылып отыр. Морфология саласы бойынша алынған білім мен іскерлік-дағдылар синтаксис бойынша алынатын теориялық білімге негіз болады, қызмет етеді. Морфология саласы бойынша білімінде ақауы бар шәкірт синтаксистік талдау үлгілеріне толық талдау жасай алмайды. Сондықтан синтаксистік талдаулар жасатпас бұрын морфология бойынша білімді қажетті деңгейге жеткізіп тиянақтап алған дұрыс.
Морфологиялық талдау мен синтаксистік талдау жасатудың өзіндік айырмашылықтары бар. Морфологиялық талдауда сөйлем құрамындағы сөздер сөйлемдегі орны, қызметі, басқа сөздермен байланысы ескерілмей, түбір қалпында немесе синтетикалық, аналитикалық тұлғалардың бірінде келген тілдік бірлік ретінде қарастырылады. Синтаксистік талдауларда,
Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, т.б. Әуезов Зар заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, Нарманбетпен аяқтайды. Зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алатынын атап көрсетеді.