Мен Алматы қаласында тұрамын. Бұл менің сүйікті қалам. Мен осы өлкеде туып өстім. Осы қаламда көптеген достарым бар. Алматы қаласының ескерткіштері де барып көруге тұрарлық көрнекті орындардың біріне жатады. Ескерткіш жанында көптеген үлкен шаралар өткізіліп тұрады. Мереке күндері адамдар көптеп жиналады. Сонымен бірге қаламызда саябақтар көп. Балалар саябақта велосипедтер мен скейтбордтар теуіп ойнайды. Біздің қаланың көшелері кең,үлкен. Үлкен көшелерде субұрқақтар орналасқан. Қаламыздың әдемі болуы үшін көп ағаштар, гүлдер отырғызылған. Өзімнің қалам туралы мына өлеңді арнаймын. Менің қалам – Алматы Тамсанады бәріде Жайнай берді гүлдене Табиғаты ерекше Менің қаламның болашағы қандай жарқын болса, біздің болашағымыз да жақсы болады. Көркейе бер, Алматым!
Болашаққа саяхат
Бір күні, мен болашаққа саяхат жасау туралы ойладым. Болашаққа саяхат жасау үшін, бізге "уақыт мәшинесі" деген құрал керек. 30 минуттан соң, мен саяхатқа ұмтылдым.
Ең бірінші көргенім, таңғажайып өсімдіктер мен жануарлар. Олар Бір түрлі пішіндес болды, бірақ та көркем. Содан кейін - роботтар. Әрбір адамның қасында бір робот болған. Ол адамның барлық шаруасын істеген болатын. Адамдар маған әрине бейтаныс болған еді. Бұл менің қиялымдағы әлем сияқты. Балалар қызықты ойындар ойнап, жаңа техникаларды қолданды. Жұлдызды қала екен. Мен таң қалдым, көркем қала. Болашаққа саяхат екен солай.
я өйткені асьана қаласы қазақстан мемлекетінің бас қаласы