Қазіргі заман 7 кереметтері:
Торонтондағы Си-Эн мұнарасы
Алтын қақпа көпірі
Сент-Луистегі қақпа
Париждегі Лувр пирамидасы
Итайпу гидроэлектростанциясы
Жапония көпірі
Панама каналы
Сұрақтар:
Торонтондағы Си-Эн мұнарасы неліктен Гиннестің рекордтар кітабына кірген? Себебі ол 31 жыл әлемдегі ең биік ғимарат болып саналады.
Торонтондағы Си-Эн мұнарасы не үшін салынған? Ол негізгі аспан нүктесі айналаны шолуға және бақылауға арналып салынған.
Алтын қақпа көпірі қайда орналасқан? Алтын қақпа көпірі АҚШ- тың Сан-Франциско қаласында орналасқан.
Алтын қақпа көпірі салысымен қанша және қандай рекордтар орнатты? Ол 2 рекордтар орнатты. Бірі- ең ұзын, екіншісі- ең биік деген рекордтар.
Париждегі Лувр пирамидасын кім ойлап тапқан? Париждегі Лувр пирамидасын Қытайлық архитектор Бэй Юймин ойлап тапқан .
Итайпу гидроэлектростанциясы қандай елдерінің шекарасында орналасқан? Итайпу гидроэлектростанциясы Бразилия мен Парагвай елдерінің шекарасында орналасқан.
Итайпу гидроэлектростанциясы неше метрге созылады? Итайпу гидроэлектростанциясының ұзындығы 7235 метр.
Жапония көпірі қандай соқты? Жапония көпірі әлемдегі ең ұзын аспалы көпір ретінде 3911 метр ұзындығымен рекорд соқты.
Жапония көпірі неше жыл салынды? Жапония көпірі 12 жыл бойы салынған.
Панама каналының қандай маңызы зор еді? Панама каналының халықаралық маңызы зор жасанды су жолы болды.
Бұл канал жобалардың арасында қандай инженерлік жоба болып саналады? Бұл канал әлемдегі барлық жобалар арасындағы ең қиын инженерлік жоба болып саналады.
Объяснение:
(11 сұрақ, қазіргі заман әлем кереметтері)
Денсаулық—зор байлық.
Әрбір адам денінің сау болуы үшін, қолдан келген нәрсені жасау қажет. Денсаулықтың басты мәселесі, ол тазалық. Тазалық барда, артық аурудан аман боламыз.
“Денсаулықтың қадірін ауырған адам ғана біледі” деген сөз дұрыс айтылған. Себебі, суық күнде жеңіл киіну, дұрыс тамақтанбау, тазалық ұстанбау, спортпен шұғылданбау бізді сырқаттануға әкеліп соқтырады.
Денсаулықтың тағы бір кепілі, ол тамақтану және спорт. Дұрыс тамақтану адамның көңіл күйіне де әсер береді екен. Уақытылы тамақ ішу біздің күш—жігерімізді молайтып, кей ауру түріненде қорғайды. Ал спортқа келетін болсақ, оның орны тіптен бөлек. Спорт адам өмірін ұзартады, шыныққан адам әрқашанда төзімді әрі шымыр келеді, сондықтан көп ауыра бермейді.
“Бірінші байлық денсаулық” деп босқа айтылмаса керек. Деніміз сау болса, ол бізге қымбат жақұттан мың есе артық. Деніміздің саулығы өз қолымызда!
Біріншіден, шекара шебінің ішкі жағына уақытша өткен қазақтарға қойылатын талаптар тым қатайтыла түсті. Онда кез келген қазақты оның кездейсоқ басқа бір руласы жасаған құқық бұзушылық әрекеті үшін ұстап алып, айыптауға болатын еді.
Екіншіден, Орал казак әскерлері тарапынан бұрынғысынша дала төсіндегі «әскери іздестірулер» тоқтатылмады.
Үшіншіден, Нұралы ханның және оның төңірегіндегілердің беделі жыл өткен сайын төмендей берді. Ол бірте-бірте патша үкіметінің қолындағы қуыршақ қолшоқпарға айнала бастады.
Мәселен, Нұралы хан Орынбордан жыл сайын жалақы алып тұрды. Олардың тарапынан халықтың мұң-мұқтажына көңіл бөлінбеді. Ханның отбасындағылар мал жайылымдарын өздерінше және өз пайдаларына қалай қаласа, солай бөліске салды. Көтерілісті халыққа кеңінен танымал батыр Сырым Датұлы басқарды. Ол Кіші жүздің ішіндегі он екі ата Байұлы бірлестігінің байбақты руынан шыққан ірі тұлға болатын. (Датұлы Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің барысында өзін шебер дипломат, әскери қолбасшы әрі көрнекті ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Көтерілісшілердің жетекшісі әрі шешен, әрі би ретінде өз даңқын асырған еді. Асқан ақылдылығы мен тапқырлығы үшін бала кезінде-ақ «Бала би» атанған болатын.Сырым Датұлының дене күші де зор еді. Жеке өз басының ерлігі мен қайы қайсар батырлығы, ерекше ерік күші таңғалдыратын. Өз замандастарының арасында ат құлағында ойнайтын шабандоздығымен де ерекшеленетін. XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ағылшын журналисі Д.Ч. Бульжер былай деп жазды: «...Сырым батыр — жігерлі, терең ойлы, қайратты, батыл, тапқыр, айлалы ерекше тұлға. Ол халықтың сүйіспеншілігіне бөленген, халық оған табынған десе де болады». Көтеріліске қарапайым көшпелі қазақтардың едәуір бөлігі, старшындар, билер және батырлар белсене қатысты. Олардың бәрі де Кіші жүздегі барлық рулық бірлестіктердің, әсіресе Ресеймен шектес жерлердегі рулардың өкілдері болатын.