М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Alesha55551
Alesha55551
12.07.2020 10:38 •  Қазақ тiлi

5. Өз дәлелдеріңді келтіре отырып, «Егемен еліміздің мәдени өмірінде мұражайлардың атқаратын рөлі қандай?» деген сұрақ төңірегінде хабарламалық эссе жазыңдар. Тақырыбын өздерің қойыңдар

👇
Ответ:
dilyabasmanova
dilyabasmanova
12.07.2020

Объяснение:

Мұражай – жәдігерлер мекені, тұнып тұрған тарих. Ал тарих туған жерден басталады, сондықтан, менің ойымша, әрбір азамат өзінің туған жерінің тарихын білуі тиіс.

Мұражай – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.

Мұражайға саяхат жасау жалпы ой – өрістің кеңеюіне, тұлғаның үйлесімді дамып, қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, оқушыларды ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеп, шежірелі өлкенің тарихын біліп қана қоймай, оны сүйіп, құрметтеу әрбір азаматтың міндеті екендігін жете түсінуіне көмектеседі.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында еліміздің түкпір – түкпіріндегі оқушылар тарихи - өлкетану мұражайларына саяхат жасау өскелең ұрпаққа терең ой салады деп ойлаймын. Тіпті шетелге саяхатқа шыққанда мұражайға барсаң сол елдің өткені жайлы барлық мағлұматты алуға болады.

Қазіргі заман ағымымен мұражайға бару қалыс болып бара жатқанымен, Туған жерінің тарихы мен мәдениетін білу мақсатында жас ұрпақты мұражайға апарып, түрлі жәдігерлермен таныстыру керек деп есептеймін

4,8(62 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
perizatvip
perizatvip
12.07.2020
1 екі бөлмелі кеңсе уй салған.
2. оның ата-анасы сары баланың.
3.Сары бала куанды.
4.ол Торе баласы Шоқан.
5. мысык жатырқап қарсы алды.
6 ол ей мысык аманба? Мына ойыншықты кім істеді деп сұрады.
7. мысық ойыншыктарын өзіне қарай тартып өзімдікі озім істедім деді.
8. ол мысықты үйіне шақырды.
9.түйе ғып жасаған бір ойыншыгын берді.
10. ол быздын үйде кант көп, бауырсақ берем деп мактанды.
11.екеуі ауылға құна мініп келді.
12.ол мысықты өз үйіне алып келді.
13.ол мамасына коркытпа тиіспе ол мысық менің жолдасым деді.
14. мысык озын коркып зəресі үшкан сияқты ұстады.
15.корыкпа деп айта берді, сосын жур сены шығарып салам, сен маған түйе жасап қой деді.
4,5(12 оценок)
Ответ:
Рома151999
Рома151999
12.07.2020

Тасбақалар (лат. Testudines) – бауырымен жорғалаушылар отрядының бірі. Триас кезеңінен белгілі, котилозаврлардан шыққан деген пікір бар. Қазір тіршілік ететін Тасбақалардың 250-ге жуық түрін 12 тұқымдасқа, 2 кейде 5 отряд тармағына біріктіреді. Тасбақалар барлық құрлықтарда (тек Антарктидада кездеспейді), негізінен тропиктік және субтропиктік аймақтарда таралған, әр тұқымдастың өзінің таралу орталықтары мен көбірек кездесетін жерлері бар. Тасбақалар ыстық шөлді жерлерді, тропиктік ормандарды, тау беткейлерін, өзен, көл, батпақ, елді мекендер маңын, теңіз жағалауларын, мұхиттарды мекендейді. Суық және құрғақшылық кезде қысқы, кейде жаздық ұйқыға кетеді.

Тасбақалардың ерекшелігі денесі сүйекті-мүйізді не сүйекті-терілі сауытпен қапталған. Арқа сауытын карапакс, ал бауыр сауытын пластрон деп атайды. Сауытының ұзындығы 12 см-ден 2 м-ге дейін жетеді. Карапакс теріден дамыған сүйек тақташықтарынан тұрады; оның ішкі бетіне омыртқа қанаттары және қабырғалар бекиді. Пластронның тақташықтары бұғана мен құрсақ қабырғаларынан құралған. Екі сауыттың біріккен жері тарамыс сіңірмен қозғалмалы түрде не сүйектері кірігіп жалғасады. Екі сауыт арасынан Тасбақалардың басы, мойны, аяқтары шығып тұрады, қауіп төнгенде бұларды сауыт ішіне жиып алады. Көру, иіс сезу органдары жақсы дамыған, нашар естиді. Жақтарында тістері болмайды, иегінде тұмсық тәрізді мүйізді қабыршақтары бар. Құрлық Тасбақалары негізінен өсімдік қоректі; тұщы су Тасбақалары балықтармен, қосмекенділермен, омыртқасыз жануарлармен қоректенеді. Тіпті бірнеше айдай қоректенбеуі де мүмкін. Құрлықта шағылысады (бір немесе бірнеше жүз жұмыртқа салады). Жыныстық жағынан 2 – 3 жасында жетіледі. Кейбір түрлері жылына 3 рет, кейде одан да көп жұмыртқа салады. Шар немесе эллипс тәрізді жұмыртқаларының сырты әктасты қабыршақпен (құрлық тасбақаларында), не терілі жабынмен (тұщы су тасбақаларында) жабылған. Инкубация кезеңі көпшілік түрінде 2 – 3 ай (піл тасбақаларында 6 – 7 ай). Табиғи жағдайда 150 жылдай тіршілік етеді.

Тасбақалардың Қазақстанда 2 тұқымдасы: тұщы су тасбақалары және құрлық тасбақалары, олардың бір-бірден түрлері (батпақ тасбақасы) бар. Екінші тұқымдастың жалғыз түрі – дала тасбақасы республиканың оңтүстігінде таралған. 38 түрі мен түр тармағы қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.

4,6(29 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ