Сөйлемге фонетикалық талдау жасау:
Торы дөнен қос аяқтап шаба жөнелген.
(С.Мұратбеков).
Торы – 2 буын: то – ашық, ры – ашық.
Т - дауыссыз, қатаң;
О - дауысты, жуан, ашық, еріндік;
Р – дауыссыз, үнді;
Ы- дауысты, жуан, қысаң, езулік;
Сөзде 4 әріп, 4 дыбыс бар.
Дөнен – 2 буын: дө – ашық, нен – бітеу.
Д - дауыссыз, ұяң;
Ө - дауысты, жіңішке, ашық, еріндік;
Н - дауыссыз, үнді;
Е – дауысты, жіңішке, ашық, езулік;
Н - дауыссыз, үнді.
Сөзде 5 әріп, 5 дыбыс бар.
Қос – 1 буын: бітеу.
Қ - дауыссыз, қатаң;
О - дауысты, жуан, ашық, еріндік;
С - дауыссыз, қатаң.
Сөзде 3 әріп, 3 дыбыс бар.
Аяқтап – 3 буын: а – ашық, яқ – тұйық, тап – бітеу.
А - дауысты, жуан, ашық, езулік;
Я – қосарлы дыбыс:
- й - дауыссыз, үнді;
-а - дауысты, жуан, ашық, езулік;
А - дауысты, жуан, ашық, езулік;
Қ - дауыссыз, қатаң;
Т - дауыссыз, қатаң;
А - дауысты, жуан, ашық, езулік;
П - дауыссыз, қатаң.
Сөзде 6 әріп, 7 дыбыс бар.
Шаба – 2 буын: ша — ашық, ба – ашық.
Ш – дауыссыз, қатаң;
А - дауысты, жуан, ашық, езулік;
Б – дауыссыз, ұяң;
А - дауысты, жуан, ашық, езулік;
Сөзде 4 әріп, 4 дыбыс бар.
Жөнелген- 3 буын: жө – ашық, нел – бітеу, ген – бітеу.
Ж - дауыссыз, ұяң;
Ө - дауысты, жіңішке, ашық, еріндік;
Н - дауыссыз, үнді;
Е – дауысты, жіңішке, ашық, езулік;
Л - дауыссыз, үнді;
Г – дауыссыз, ұяң;
Е – дауысты, жіңішке, ашық, езулік;
Н - дауыссыз, үнді.
Сөзде 8 әріп, 8 дыбыс бар.
Сәлем,...!
Сәлем,…!
Сен осыдан бұрын зообаққа барғансың ба?
Жоқ, бармағанмын.
Неге? Ол жерде өте қызықты ғой. Мен анаммен барғанда көптеген жануарларды көрдім! Ол жерде жыландар, маймылдар және көптеген түрлі құстар бар!
Ол жерде арыстандар ба бар ма?
Әрине, ертең менің анаммен зообаққа барайық, қызық болады, көре де тұр!
Жарайды, ертең жолығайық онда, сау бол!
Сау бол, …!
Объяснение:
Big brain диалог ╮(. ❛ ᴗ ❛.)╭