Ауыл дегенде айтылар әңгіме бөлек . Ондағы адамдар өте қонақжай . Бара қалсаң , бәрі мәз - мейрам болып , сені күтіп алады . Ауылдағы достарым да жаз келсе , бізді асыға күтетін . Әлі күнге дейін ауылға бара қалсам , алдымен достарымды іздеймін . Оларға деген махаббатым шексіз . Ауылдың бәрінен де табиғаты ұнайды . Көктің иісі сіңген таза ауа мені бір керемет күйге бөлейді . Үйлердің баулары бау емес , орман - тоғайдай . Жемістері қашан көрсең самсап пісіп , жерге домалайды да жатады . Оларға ешкім су құймаса да , арықтан келген судан құмарлана ішіп , жеміс беруін тоқтатпайды . Көкөністер де молынан піседі . Тіпті үйге арнайы азық - түлік алып келудің еш қажеті жоқ па деймін . Ауылдағы үйден құрт , май , ірімшік , айран , сүт үзілген емес . Үйдегі жеңгемнің пісірген ыстық нанын бір жесең қара кешке дейін тоқ жүресің . Ауылға бір бара қалсам анамның айтуынша үйге домаланып келемін . Менің ауылыма еш жер жетпейді
Объяснение:
лучший ответ и
Жеті жеңге бірігіп ана болмас.
Әке балаға қарыз,
Бала далаға қарыз.
Әке балаға сыншы.
Әкеден — ақыл, анадан — мейір.
Әкеден безген ұл болмас,
Анадан безген қыз болмас.
Әке жүрегі таудан үлкен,
Ана жүрегі теңізден терең.
Әкелі бала жаужүрек,
Әкесіз бала сұмжүрек