М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Ponomorev
Ponomorev
01.11.2022 16:09 •  Қазақ тiлi

1. Мәтінді түсініп оқып, тапсырмаларды орындаңдар. 1. Перифраза тәсілдерін қолданып, мәтін бойынша сұрақтар құрас- тырыңдар. 2. Әңгіменің табиғатқа қатысты екеніне 3 дәлел келтіріңдер. ...Жаймашуақ көктем еді. Табиғаттың өзге бояуларды менсінбей, өзінің бар бояуын жарқы- рата көрсетіп тұрған шағы болатын. Соның әсері ме, суретші досымның картиналары табиғат картинасы- ның алдында солғын тартып, кү- лімдеген күн көзінен «ұялғандай» сиықсыз көрінген. Анық бір кесімді пікірімді айта алмай, бірінен-біріне көзімді алып қашып, күмілжи бер- генмін. Ол көкпеңбек көк шалғынның үстінде аяқ-қолын тарбитып, тыр жалаңаш жатқан балпанақтай сәбидің бейнесі кескінделген карти- насын қолымен нұсқап: Міне, мына суреттен не көріп тұрсыз? — деді мен білмейтін бір құпия сырды ішіне бүгіп тұрғандай екі көзі ұшқын атып. – Бұл – ғарыш перзенті! Әне, оның әкесі... Әкесінің қос жанары сәбидің әр қимылынан көз жазбай, бақылап тұр! Ол картинадағы көгілдір аспан төсіндегі таңғы көштен қалып қойған қос жұлдыздай сығырайған қос таңбаны көр- сетті. Мен өзімнің кәсіпқой сыншы емес екенімді, сондықтан да көркемөнер сырларына тереңдеп үңіле алмайтынымды айтып, ақталғандай болдым. – Жоқ, - деді ол басын шайқап, үзілді-кесілді келіспей- тіндігін білдіріп, – түсінуге тиістісіз! Өйткені сіз де, мына мен де, жалпы, жер басып жүрген пенделердің барлығы да ғарыш перзенттері! -

👇
Открыть все ответы
Ответ:
lolka143
lolka143
01.11.2022

ответ:Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Ауыз әдебиетінде “төрт түлік малды құрадың” деген тіркес жиі кездеседі. Бұл дәулетіне сәулеті сай адамдарға арналып айтылған. Мысалы, “Байбөрі деген бар екен, Байбөрі малға бай екен, Төрт түлігі сай екен...” (“Алпамыс батыр” жырынан). Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп (аша, айыр) тұяқ, тақ (тік) тұяқ деп те атайды. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел осының айғағы. “Ат – ердің қанаты”, “Мінсең – көлік, жесең – ет” деп жылқы малын да аса жоғары бағалаған. Сондай-ақ қой мен ешкі, сиыр малының да өзіне тән ерекше қасиеттері болатынын ұмытпаған.

Көшпелілердің, оның ішінде қазақтың төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны – жылқы. Жылқы көшіп-қонуға төзімді әрі ыңғайлы, қысы-жазы жем-шөп тілемей жайылады.Оның азығы (жемі, шөбі) өзге малдан әлдеқайда асыл.Сол себепті де оның еті де,сүті де денсаулыққа шипалы екендігі ерте кезден – ақ белгілі. Жылқы бетегелі, көделі, селеулі, қауданды жерде жақсы өскен.Қазақ даласының батысында Мұғалжар тауынан басталып, Сарыарқаны қуалай отырып, аяғы Батыс Сібірге тірелетін кең өлкесінде жылқы малы көп өсірілген. Қазақтың жылқымен қатар ұстаған малы – түйе.Қазақта «Түйелі бай қонады сортаңды алып» деп басталатын өлең бар.Бұлай деудің себебі, ертедегі түйелер байлар суы тұзды көлдердің, теңіздердің, өзендердің бойларына, өсімдігі ащы, сортаң жерлерге қонатын болған. Түйе-жүк көлігі.Көшпелілердің, солардың ішінде қазақтың, ғасырлар бойы көбінесе жүгін көтерген мал-түйе.Оның ішінде ең төзімдісі әрі мықтысы – жалғыз өркешті нар.қазақтың «Нар жолында жүк қалмайды»деуі содан.Түйе жолға да шыдамды.Оның жейтін ащыларының ішінде тұз да бар. Түйенің етін бұл түлікті бақпайтын ел ұнатпайды, ал бағытындары оған құмар.Түйенің түбіті мен шудасы қымбат саналады:түбіттен иіріп тоқыған киім ең жылы, ең төзімді болады;шудадан жіп, арқан еседі. Түйенің сүті де асыл. Одан ашытатын қышқылтым сусынды Батыс Қазақстанда «шұбат», Түркістан жағында «қымыран» деп атайды.Ғылымның дәлелдеуінше, шұбаттың дәрілік қасиеті қымыздан да артық саналады. Қой да көшпелі елдердің ерте заманнан малданған түлігінің бірі.Ол әрі киім, әрі тамақ.Киім дегенде, оның жүнінен гөрі ертедегі көшпелі халыққа терісі қымбат болған. Өйткені қыс, күз айларында жылы киім керек.Оған илеген қой терісінен тігілген ішік, тон, тұлыптан жылы киім табылмайды.Қазіргі кездегі «дубленка»аталатын сәнді тон да осы қой терісінен жасалады. Ал жүнінен неше түрлі асыл жүн маталар тоқылады.Ол үшін биязы жүнді қойлар өсіріледі.Қазақ қойының жүні киіз басуға, кілем тоқуға, байпақ, пима дайындауға жұмсалады.Негізінен қойдың азықтық және киімдік пайдасы жылқы мен түйе түліктерінен артық.Онымен бірге қой малы көшіп-қону кезінде ұзақ жол жүрістеріне шыдамды болып келеді.Жеп-шөпті онша талғамайды.Тіпті өсімдігі ащылы болып келетін құм мен шөлде де қойдың теріп жейтін азығы көп. Ешкі де сондай.Қой мен ешкі көне заманнан бері бірге жайылып, бірге жусап келеді.Қойды отты-сулы жерлерге ешкінің серкесі бастайды. Ешкі мен қойдың сүтінен ұйытқан айран да, қайнатқан құрт пен ірімшік те қазақтың сүйікті асы. Ешкінің түбітінен ең жақсы шәлі тоқылады,оның қылшығынан есілген жіп пен арқан жылқы қылынан соң ең берігі саналады. «Ангор ешкісі» деп аталатын асыл тұқымды ешкілердің жүні өте құнды. Мал шаруашылығындағы тағы бір түлік-сиыр.Ертедегі көшпелі қазақтар сиырды аз малданған.Өйткені сиыр малы қөшіп-қонудың талабына сай келмей, отырықшылыққа ауысқаннан кейін ғана көбейген... Сиыр малы айрықша бағуды тілемейді, өріске өзі кетіп,мезгілінде өзі қайтып келеді.Қыс айларында сиыр тек қорада ғана күтіледі.Сондықтан басқа малдарға қарағанда ол күтімді көбірек керек етеді.

4,6(18 оценок)
Ответ:
lenasinyikovich
lenasinyikovich
01.11.2022

1 Абай туралы не білесіңдер?

Объяснение:

Абай Құнанбайұлы – ұлы ақын, ойшыл, саяси қайраткер және  біздің еліміздің тарихында үлкен із қалдырған адам. Ол әдебиеттің дамуына ғана емес, сонымен бірге Қазақстан, Ресей және басқа да Еуропа елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға үлес қосқан. Абайдың өмірбаянынан алынған мәліметтерді ұсынамыз.

Тобықты руының отбасында дүниеге келген. Шын есімі – Ибраһим. «Абай» деген атты, оның анасы Ұлжан қойған. Ибраһимнің әкесінде (Құнанбайда) 4 әйел болған. Ал, ақынның өзінде 3 әйелден болды. Алғашқы әйелі Ділдә – атақты Қазыбек бидің шөбересі. Оны сөз өнеріне ерте баулыған адам – әжесі Зере. Ол немересінде білімге деген сүйіспеншілік пен құштарлықты оята алды. Зере ауызша баяндаудың керемет шебері болған және ертегі мен әңгімені қызықты айта білген. Сондықтан, Абай әжесін қатты жақсы көретін.

4,6(25 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ