М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Rafaelnodat1
Rafaelnodat1
08.10.2020 19:05 •  Қазақ тiлi

Енлік Кебек шығармаға мәтін құрастыр

👇
Ответ:
lyis
lyis
08.10.2020

Еңлік-Кебек» – екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма. Еңлік пен Кебек туралы хикаялар оқиға болған 18 ғасырдан бастап ел арасына кең тараған. Алғашқы жазба дерек 1892 жылы «Дала уалаяты» газетінің отыз бірінші және отыз тоғызыншы сандарында жарияланған «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» деген мақалада келтіріледі. Бүгінгі күнде жыр түрінде жеткен «Еңлік – Кебек» дастанының екі нұсқасы белгілі. Оның біріншісі – 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» ба жеке кітап болып жарық көрген, Абай ұсынған тақырып бойынша Шәкәрім жазған «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деген шығарма да, екіншісі – Мағауия Абайұлы жазған «Еңлік – Кебек» дастаны. Шәкәрім нұсқасы 1988 жылы қайта жарық көрді. Бұл поэма 652 жолдан тұрады. Мұхтар Әуезовтің жеке кітапханасында сақталған Мағауия Абайұлы дастанын 1941 жылы Қайым Мұқаметханов баспаға әзірлеген. Бұл қолжазба тек 1960 жылы баспадан шығарылған «Дастандар» деген жинақта алғаш рет жарияланды. Жазушы Әуезов осы дастанның арқауымен осы аттас трагедия жазды. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дастан кейіпкерлері Еңлік пен Кебекке ескерткіш орнатылған. Құрылысқа жергілікті халық шеберлері өңдеген қызыл, күрең және ақшыл сұр түсті гранит, цемент, құм, алебастр, әк, жоса пайдаланылған. Ескерткіш қойылған тау басындағы ескі зираттың үсті тегістеліп, алаң айналасы жалпақ тақтатастармен көмкеріліп, ал оның үстіне әр жерден орнатылған аласа сынтастар арасына жуан шынжыр арқанды бостау кермелеп қоршау жасалған. Төрткіл алаңның ортасынан 4 қабырғалы күмбез-тұғыр соғылып, оның үстіне орнатқан биікт. 6 метрлік мұнара мен күмбез түйісетін дөдегені керегекөз өрнекпен әшекейлеген. Күмбездің 4 жағында шығыстық мәнермен ойып шығарылған 4 арка бар. Олардың маңдайшасында “Еңлік — Кебек” деген егіз есім әсемдеп жазылған. Ескерткіштен батысқа қарай 8 —9 км жерде 1917 жылы 7 маусымда М.Әуезовтің “Еңлік — Кебек пьесасы осы арада алғаш рет киіз үй сахнасында қойылды” деп жазылған тағы бір ескерткіш бар.[1]

4,4(73 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
vadimsivun3
vadimsivun3
08.10.2020
Ресей капиталының жерасты қалалық көлік ең жылдам және ең ыңғайлы қарау болып саналады. Күн сайын, оның қызметтері миллиондаған адамдар пайдаланылады. Әлемдегі ең әдемі бірі - Дегенмен, ол Мәскеу Метро атап өткен жөн. Мәскеуліктер мен қонақтары сұлулық ең қызықты мұражай түсіп, сәулет өнерінің көрнекті жұмыстарымен жерде кездеседі. Мәрмәр, гранит, түрлі-түсті металдар, тізімдемесін, әшекей, Кесетін тас және металл, мүсін, бүкіл сәулеттік ансамбльдер - бұл барлық астаналық метро бірегей әдемі мүмкіндіктеріне береді.
4,5(67 оценок)
Ответ:
MaryKat04
MaryKat04
08.10.2020

Біздің ел тәуелсіз.тәуелсіздікке біз ата- бабамыздың маңдай терімен жеттік.Сондықтан жерімізді қадірлейік,мақтанайық!Тәуелсіз ел деп ешқандай елге тәуелді емес елді айтады.Біз бейбітшілік,тәуелсіз елде тұрамыз.Демек бізден аса бақытты жандар жоқ.Тәуелсіздікті жырлап көңілге тигізуге болады,суретпен бейнелеп таңғалдыруға болады,әңгімелеп елестетуге болады.Бірақ,біз ешқашан майдандағы батырлардың басынан кешкендерін,жырлағандағы ащы сезімдерін,жүректегі жеңіске деген лаулаған ұмтылысты сезіне алмаймыз.Оны тек сол соғыстың қаһармандары ғана біледі.Тәуелсіздік жолындағы күресушілердің мақсаты жақсы дайындық,күш жігер.Қасық қаны қалғанша жауға тойтарыс берген батырларды ұмытпайық!Олар:Бауыржан Момышұлы,Әлия Молдағұлова,Мәншүк Мәметова тағы басқалары.Наверное достаточно.

4,6(51 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ