Жедел өткен шақ.
Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті жұрнағы жалғану арқылы жасалып, жіктеліп колданылады.
Мысалы: Асан концерттің ашылуында домбыра тарт-ты.
Мен мерекелік жиында өлең айт-ты-м.
Демалыста сен ауылға келме-ді-ң.
Бұрынғы өткен шақ.
Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда әлдеқайда бұрын болғандығын білдіреді.
Бұрынғы өткен шақ екі түрлі жолмен жасалады.
а) Бұрынғы өткен шақ -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады: (мен) бар-ған-мын, (сен) кел-ген-сің, (ол) айт-қан.
б) Бұрынғы өткен шақ -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшеге немесе -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшеге еді, екен көмекші етістігі тіркелуі арқылы да жасалады.
Мысалы: Сен мектепті бес жыл бұрын бітіргенсің.
Ол жұмыстан демалыс алып ауылга барыпты.
Кеше маған шетелден хат келген екен.
Ауыспалы өткен шақ.
Ауыспалы өткен шақ есімшенің -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында қолданылады. Сондықтан да оны ауыспалы өткен шақ деп атайды. Мысалы: Асан ауылға жиі баратын.
Сен кітапханаға қашан баратын едің?
Мектепте оқып жүргенде мен кітапханаға жиі баратынмын.
Су – тіршіліктің көзі. Онсыз а ң өмір сүруі мүмкін емес. Әлемнің жартысынан көп бөлігін су қоршап тұр. Ғарыш әлемінен қарасаңыз да, жердің көк түспен көмкеріліп жататыны сол себепті. Күнделікті қолданып жүрген суымыз қарапайым әрі қажетсіз болып көрінуі мүмкін, дегенмен оның да сұрауы бар.
Адам сусыз өмір сүре алмайды. Біздің денеміздің 60-70% судан тұратыны осыған дәлел. Ал балаларда – 80 %. Су тіршілік көзі ретінде ағзада алар орны ерекше. Себебі судың міндетіне жасушаларға құнарлы заттарды жеткізу, дәрумендер мен микроэлементтерді тасымалдау және тыныс алу қызметіне тікелей қатысу кіреді. Ғалымдар адам бойындағы судың мөлшерін 2%-ға азайтып жіберсе, адамның физикалық және ақыл күші 20 пайызға төмендеп кететінін дәлелдеді.