М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Riyaa
Riyaa
29.12.2022 09:32 •  Қазақ тiлi

с сорам по Казахскому:

Берілген екі мәтінді мұқият оқып, көтерілген мәселені анықтаңыз.
1-мәтін
Жан досым
Iздегенде табылатын қасыңнан,
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.
Көрiспесек сағыныштан жүдейтiн,
Кiм бар екен бала күнгi досыңнан!
Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесiн!

Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,
Қатар жүріп сырымызды сан аштық.
Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық,
Адассақ та бiрге жүрiп адастық. (Т.Молдағалиев)

2-мәтін
Қазақстан халқы Ассамблеясы – татулықтың жарқын үлгісі. Әлем үлгі тұтқан айтулы институттың ізімен Сыр өңірінің Жаңақорған ауданында тағы бір бірлестік құрылды. Аудандағы 17 ұлттың 600-ге тарта өкілі «Сығанақ» этномәдени орталығына топтасып, ұрпаққа өнеге болар ұлағатты шараларға ұйытқы болуды көздейді. Ольга Шин: «Сығанақ» этномәдени орталығының мүшесі:
— Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің бірлігіміз бен достығымызды арттырды. Бейбітшіліктің қадірін ұғына білгеннің арқасында ел экономикасы нығайды, алауыздықтан аманбыз. Осынау жетістіктер Қазақстанды биік белестерге көтеріп, әлемге танытты. Байлық – байлық емес, бірлік – байлық. Бұл- «Сығанақ» этномәдени орталығының берік ұстанымы. («Сыр бойы» газеті сайтынан)

1.Екі мәтінді салыстырып, берілген тапсырмаларды орындаңыз.

1-мәтін
2-мәтін
Стилі

Құрылымы

Аудиториясы

Тілдік ерекшелігі

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Екі мәтінге ортақ тақырыпты табыңыз.
А) ауызбіршілік пен сыйластық
В)бейбітшілік пен келісім
С) бірлік пен байлық
Д)достық пен бірлік
Е) жолдастық пен достық

2.Мәтін мазмұнына қатысты мақал- мәтелді табыңыз.
А)Ауылы бірдің ауызы бір.
В) Байлық байлық емес,бірлік — байлық.
С)Досты сынамай, сырыңды айтпа.
Д)Сенімсіз жолдас- қауіпті жау.
Е)Шын дос қиыншылықта білінеді.

3. Сыр өңірінің Жаңақорған ауданында құрылған бірлестікің мақсаты
А) байлыққа кенелу
В) бейбітшіліктің қадірін ұғыну.
С) ел экономикасына үлес қосу
Д) биік белестерге ұмтылу
Е) шараларға ұйытқы болу

3.Тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасыңызды білдіріп, дискуссивті эссе жазыңыз. (150 сөз).
Өмірге деген көзқарасы ортақ, дүниетанымы деңгейлес, әрі бір-бірін оңай түсінетін жандар бір-бірімен дос бола алады. Ал оның сақтаушысы адалдық пен шынайылық. Дос деген сенің басыңдағы кез келген жағдайды басқалардан артық түсінетін, яғни өзің сезгендей сезе алатын сенің екінші сыңарың. Дос биікке жетелейтін, қуанышыңа ортақ, қиындықта демеу болатын жан...
Сауал:
Сіз бүгінгі таңдағы достық қарым-қатынасқа қандай баға бересіз?

👇
Ответ:
daniltarakano13
daniltarakano13
29.12.2022

1.Достық туралы.Жан дос туралы.Әрбір адамда дос бар гой сол туралы.Сеніңде досың бар болар.

2.Ассамблея туралы.

1.

4,5(79 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
hamidullinelnar
hamidullinelnar
29.12.2022
1.Қазақ наурыз күні жаңа шыққан күннің жүзіне қарап, бетін сипайды. Онысы жаңа күннен басыма бақыт дарысын дегені.

2.Қазақ наурыз күні алғаш жауған жаңбырға басын тосады. Аспаннан нұр жауады деп біледі. Осылай істесе жылдар бойы басым ауырмайды, жолым жеңіл болады деп сенеді.

3. Қазақ наурыз күні үйіне қарлығаш ұшып кірсе, ерекше қуанады. Жыл құсы келді, шаңырағыма құт кірді деп ырымдайды.

4. Қазақ наурыз күні тырнақ алмайды, шаш қиғызбайды. Олай етсе, бас кесіледі, жол тысылады деп ырым етеді.

5. Қазақ наурыз күні көңілді жүреді. Біреумен ренжісіп қалудан қорқады. Себебі, жыл басында ренжісе, жыл соңына дейін ісім оңбайды деп ырымдайды.

6. Қазақ наурыз күнгі жауған қарды күремейді, сыпырмайды. Сыпырса, құрғақшылық болады деп сенеді.

7. Қазақ наурыз күні баласын ұрмайды, оған зекімейді, тек еркелетіп жүреді. Ұрса, зекісе бала меселі қайтады, яғни бақ байланады деп ырымдайды.

8. Қазақ наурыз күні ыдыс аяғын сылдырлатпайды, құт қазанда тұрады деп ырым етеді. Ыдыс-аяқ сылдырласа, құт үркеді.

9. Қазақ наурыз күні отқа сүйек тастап, күйдірмейді. Олай етсе, ата-баба әруағы шамырқанады.

10. Қазақ наурыз күні үйіне қыдырып келген баланы құр қол қайтармайды. Бала – бақыт, бала – бал, онымен бірге үйге бақыт кіреді. Бала үйден өкпелеп шықса, бақыт баламен бірге ілесіп кетіп қалады деп ырымдайды.
4,8(9 оценок)
Ответ:
vecronika54
vecronika54
29.12.2022

ответ: Бақытты әркім әртүрлі түсінеді. Көбіне адамдар өзінің бақытты екенін уақытында сезбейді, бақыт басынан ұшып кеткенде ғана өкінеді. Бірінші бақыт адам үшін деннің саулығы. Денсаулықты ауырмай тұрып бағалай білу керек, оны ешқандай байлыққа сатып, ия айырбастап ала алмайсың. Ата-ана, бауырларың, отбасың таптырмайтын, іздесең қол жеткізбейтін бақыт, мұны да ешқашан ақшаға айырбастап ала алмайсың. Біздің дүниеге келгеніміздің өзі бақыт, айнала көре аламыз, аяғымызды тең басып жүре аламыз, ойымызды айта аламыз. Міне, осының бәрі бақыт. Қалғанының бәрін еңбектенсең ерінбесең, білім алсаң, адал болсаң тауып аласың. Бақытымызды қолда барда бағалайық.

Объяснение: сделай лучшим

4,4(10 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ