Қазақ жері өте тәртіпті ел. Қазақ жерінің ұлттық тілі, өнері болғандай, әрине ұлттық дәстүрлері де толып жатыр. Әр дәстүрдің өзіндік мағынасы болады. Яғни, қазақ жерінің ең танымал да жиі қолданылатын "тұсау кесер" дәстүрі баланың жүргенінде жасалынатын дәстүр болса, "Беташар" дәстүрі келін түсірерде болатын дәстүр, ал "Тіләшар" дәстүрі баланың мектепке қадам басқандағы кезде болатын дәстүр. Осыдан басқа да дәстүрлер өте көп. Оны санау мүмкін еместе шығар. Осы дәстүрлердің бар екені бізге ата бабамыздан келе жатқан асыл мұра екендігін, әр жетістікке жеткен кезініңде туған туыстарың мен атап өткеннің бақыт емеспе? Қазақ жері салт дәстүрге өте бай халық
Баққожа романы XX ғасырдың 80-жылдардағы қазақ идеясы турасында. Мұнда ажалға қарсы шапқан азамат туралы жазылған. Басты кейіпкері – Аяған Қуатов. Зерделі тарихшы, жасы 35-ке жеткен, қалыптасқан азамат. Парасаты, кісілігі, мейірбандығы, бар мінезіне тәнті боламыз. Ең басты қасиеті – туған халқын сүйетіні. Намыс, жігері. Ақыр түбінде мінге айналған, басын құртып тынатын тағы бір мінезі – қызбалығы. Аяған әуел баста Совет үкіметінің қағазға жазылған заңына сенеді. Бұрмалаушылар беріде деп ойлайды. Ұстазы, профессор Алдияр Ақпанұлының жолын әрі қарай жалғастырып, ол Кенесары туралы еңбек жазса, бұл Сыздық төре туралы көлемді зерттеуін тәмамдайды. Бар шырғалаң содан басталған. Әуелі Алдияр ақсақал құлаған. Содан соң өз басына қатер төнеді, жұмыстан шығарады. Бірақ Аяған әділ заңның күшіне сенеді. Ақсақалдың да, өзінің де ешқандай жазығы жоқ. Аяған ең жоғары советтік мекемелерге, ең биік партиялық басшыларға арыз жазады. Жаздым, жаңылдым деп емес, ісім ақ, қазақ тарихына қиянат жасалып отыр деген сарында. Нәтижесінде әуелі түрмеге түседі, одан шығысымен жындыханаға қамайды, ақыр аяғында өлтіріп тынады.
Міне, озбырлық кезең – зобалаң заман шындығы. Романда күрес жолындағы азаматтың барлығы да шейіт болады. Сұмпайылар мен опасыздар ғана қалады. Бірақ халық рухының өлмегені, елінің әлдебір терең қойнауында жаңа ұрпақ өсіп келе жатқаны оймен аңдалып, көңілмен ұғылғандай. Роман-трагедияның ең басты мұраты – отарлық заманның қара түнек зұлматын айғақтау екен. Бұл мақсат өзінің үдесіне
Объяснение:
ку