Ақиқатқа көзім жете жете, басында философ болғым келген, одан кейін ішімдегі толқындар тулап, ақындық қасиет дарып, ақын болам ба дегем. Одан политик, одан кейін әзірге белгісіз. Жалпы спортқа жақын баламын, футбол ойнасам бір желіп шығып қалады, әсіресе финт жасап гол салған. Жалпы футболист болғым келген. Бірақ күш білекте емес, білімде. Әсіресе бұл заманда білім деген сауытың болмаса, мен сол дінін уағыздап шала, мақау молданың, теледидардағы ұзынқұлақтардың арбауына түсетін едім. Жалпы ғылым атаулының бәрі де жақсы. Шүкір өмірге көзқарасым, философиям мықты. Саралап келгенде кім болғым келеді? Ұлт жанашыры, қазақтың атын әлемге паш етіп, Отан үшін отқа түсіп, көзісоқырлардың көзін ашатын ағартушы болсам болғаны
1) Диалог "Дәмханада":
– Даяшы!Тапсырыс қабылдап кетсеңіз.
– Саламатсыз ба?Неге тапсырыс бересіз?
– Саламатсыз,мен балық сорпасына тапсырыс берейін деп едім...
– Кешірерсіз,бірақ балық сорпасы таусылып қалды.
– Жарайды,онда бір мантының ішінде қаншасы болады?
– Бесеу болады.
– Олай болса бір мантыға тапсырыс беремін.
– Сусыннан не қалайсыз?
– Бір сүтпен шай.Және шайға бір бәліш.
– Жақсы,қазір тапсырысыңызды әкелетін боламыз.
– Жарайды.
– Мінекейіңіз,асыңыз дәмді болсын!
– Рахмет.
2) "Дәріханада" тақырыбында диалог.
– Сәлеметсіз бе?
– Сәлеметсіз,маған нурофен,тамақ ауруына және температура түсіретін дәрі бере аласыз ба?
– Өзіңізге ме?
– Ия,өзіме.
– Олай болса тамақ ауруына сізге Стрепсилс алуға кеңес беремін.Температура және тұмаудың алдын алатын дәрілерден Колдрекс,Тера-Флю,Фервексті тұтынуға болады.
– Маған онда Стрепсилс лимон дәмімен және Колдрекс берсеңіз.
– Жарайды,Нурофен... Стрепсилс,Колдрекс...Барлығы 2520 тг болады.
– Мінеки.
– Саудаңыз үшін рахмет.Сауығып кетіңіз.
– Рахмет.