" Ақын Қадыр Мырзалиев кезінде қазақ халқының бүкіл ерекше қасиеттерін тізбелей келіп: «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра», – деген еді. Әрине, бұл – қазақтың өзімен бірге жасасып келе жатқан қасиетті қара домбыраға берілген үлкен баға. Десек те, сол домбыраның өзін өмірге әкеліп адамша сөйлетіп қойған қазақ емес пе?! Қазақ домбыраның иесі ғана емес, киесі де. Осынау ұлттық аспаптың қай заманда өмірге келгені белгісіз. Дегенмен оның ежелгі, мүлде көне аспап екені өзінен-өзі түсінікті. Адамзат металды игермей тұрғанда-ақ домбыра пайда болған сыңайлы.Нағыз қазақтың ұлттық болмысын насихаттаушы да, тамырының негізі де осы Домбыра! " --- сондықтан да "Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра" болмақ
Астана - мәдениет пен өнер ордасы . Астана - Еуразияның қақ ортасында орналасқан еліміздің бас қаласы . Бұрынғы аты - Ақмола , Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді . 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша " әлем қаласы " атағын алды . Жаңа қала Астана қарқынды дамып келеді . Небәрі жиырма жылдың , ішінде қалада қаншама зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді . Халық саны басында 270 мыңнан қазір миллион тұрғынға жетті . Елордада халықаралық , мемлекеттік ұйымдардың бас филиалдары орналасқан . 2011 жылы Астанада 7 - ші Азия ойындары өткізілген болатын , ал 2017 жылы Халықаралық EXPO 2017 көрмесі өткізілді.