ответ:сұңқар жұптасып тіршілік етеді. Қыс айларында сұр шіл, кіші дүркептермен қоректенеді. Қазақстанда тіршілігі зерттелмеген. Құсбегілер саятшылық жасайтын аңшы құс ретінде қолда ұстайды. Ақ сұңқар өте сирек кездесетін құс болғандықтан, қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген (1966). Сирек кездесетін, бізде өнебойы қыстамайтын түр. Солтүстік Америка мен Евразияның арктикасында таралған, қыстау үшін оңтүстікке ұшып кетеді. Қазақстанда қыста Көкшетау, Өскемен, Алматының маңайынан кездестірілген, ондағы ашық қоймалардан кіші дүркептермен қоректенеді. Барлық жерде де жекелеген құс көзге түскен. Санының азаю себептері анықталмаған, қорғау шаралары белгіленбеген. Барлық, қырандарды қорғауды халық арасында кеңінен насихаттап, оларды қолдан өсіруді тездету қажет
Объяснение:
Ас атасы - нан.
Нан – қазақ халқы үшін киелі ас саналады. Дастарқан жайғанда міндетті түрде ең алдымен нан қойылады. «Ас атасы – нан» деген мақал осыдан шықса керек. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды. Нанға қатысты тыйым сөздер мен мақал – мәтелдер де өте көп айтылған. Мысалы, «нанды аяқ астына тастама», «Нан қатты екен», «шала піскен екен», «күйіп кеткен», «езіліп кеткен» т.б. сөздерді айтып, нанды сынамайды. Нанды, тамақты сынау –ашаршылықты шақыратын жаман ырым. «Нан— тамақтың атасы, ынтымақ — көптің батасы» деген халық ұғымында нанда кепиет, қасиет, құдірет, кие бар деп түсінген.