М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
omusheg
omusheg
19.05.2023 00:20 •  Қазақ тiлi

Сочинение мой казахстант на казахском

👇
Ответ:
лтвтыьц
лтвтыьц
19.05.2023
Менің Қазақстаным! Бұл сөзді жайбарақат айта салу қиын. Тіпті, мүмкін емес десе де болады. Оны айтқанда бойыңды ерекше сезім билеп, санаңда әлдебір жарқын сәуле жалт еткендей әсерге бөленесің. 

Оны естігенде ел мен жерге деген махаббат, туған халқың мен туған топырағыңның алдындағы перзенттік парыз жайлы ойлар жадыңда оралады. Одан өміршеңдік пен өрлікке, оптимистік пен жасампаздыққа бастайтын айбынды азаматтық рух сезіледі. 

Менің қазақстаным! Бұл – жігеріңді жанып, жүрегіңді баурайтын аса әсерлі сөздер. Оны ауызға алғанда кіндік қаның тамған киелі жермен, оның өткенімен, бүгінімен және ертеңімен тәңірлік байланыстылығын, табиғи біртұтастығын еске түседі. 

Оны айтқанда арқаңды Алатауға тіреп тұрғандай тәкаппар да сенімді, алдыңда Сарарқаның сар жазирасындай шетсіз де шексіз ұлы жол жатқандай еркін, ару Ақжайықтың әбілхаят сумымен тазарғандай тұнық та сергек сезінесің.

Оны тыңдағанда құлағыңа киелі көк бөрінің тау мен тасты күңіренткен салқар сарынын, сағым қуып, самал желмен жарысқан сәйгүлік тұлпарлардың тұяғының дүбірін, қыран қанатының ғаламат суылын естігендей боласың. Қарлы шыңнан қияға көз салған қанатты барыстың тоятын таппай тоқтамас тегеурінді қимылы көз алдыңа келеді.

Менің Қазақстаным! Бұл – қазақ деген көнбіс те қайсар халықтың жүрек сөзі. Барша әлемге ашық, бар дүниесін тек қызығына шашу үшін жинайтын, қонағын құдайындай сыйлайтын, «көрші хақы – тәңірі хақы» деп есептейтін, аузын ашса – жүрегі көрінетін аңқылдаған ақ адал ұлттың жан тебіренісі.

«Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деген ізгі де асқақ афоризімді өмірлік кредосына айналдырған, «Еңкейгенге еңкей – ол атаңның құлы емес, шалқайғанға шалқай – ол құдайдың ұлы емес» дейтін
4,6(52 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Radmirka1337
Radmirka1337
19.05.2023

Берілген үзінді Міржақып Дулатұлының "Бақытсыз Жамал" деген романындағы Жамалға тән. Кейіпкердің мінезін айтар болсам,Жамал мейірімді,отбасын ойлайтын, батыл,мықты, қайсар,зерек,сұлу,келбетті қыз еді. Көркіне ақылы сай қыз.

2) бұл жерде ескі әдет-ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры,сүйгеніне қосылып,бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы туралы айтады. Жамалдың бақытсыз екені айтылады.

7 тапсырма

"Ұшқан ұядағы" жылы сезім,шуақты көңілдің нұрынан жаралған образ деп,Бауыржан Момышұлының әжесі Қызтумасты айтамыз. Бауыржанның әжесі айнала ортаның,ащы өмірдің,қатал тағдырдың азап-зардабының бәрін бастан кешсе де,соған төтеп берген ақылды,қайсар. Бауыржанның ер азамат болып өсуіне көмектескен адам.

Объяснение:

4,4(98 оценок)
Ответ:
abramchuk2
abramchuk2
19.05.2023

1)«Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа адамдармен қатынаса отырып әр адам өз мінезі танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды.

2)Мен үшін бәрі жақсы мен өзімді мінезімді жақсы болғаны дұрыс екенін білдім.

3)Әрине мен сыныптастарымның білімін бағалаймын. Олар мен үшін қымбат жәнеде қиындықта көмек береді. Менің оларға көңілім толды

4)Жақсы мінез қылуды үйренгім келеді. Сосын оны басқаларға үйреткім келеді.

Объяснение:

Дұрыс деп ойлайм

4,4(48 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ