6-тапсырма. «Тапқырлар сандықшасы» сайысын өткізіңдер. Жұпта, топта талқылаңдар. Жаман ЭКСПО Сөздер халық- аралық көрме. туыстан жақсы Қоңсы артық. Ол қауашада мақтаны қалдыр- май терді. Тауық құсқа ұшу жоқ, там үйлерге көшу жоқ. Ыза суын төмендету үшін зауырларды тазалау қажет. Неологизм Термин сөз Кәсіби сөз Диалект сөз 6-3497 81
Құбылжыған сәнді табиғат.
Бүгін көрсең жөнді түр қалмаған,
Солған, өшке, өлген - бәрі жат.
Қатбар - қатбар қара жар бұлт,
Көкті қапта, жерге еңкейіп.
Тасты жарып, бейне тауды бұзып,
Түйдек - түйдек жүзген теңселіп.
Көк көркемі анау тұрған күннің,
Болар - болмас қана жаны бар.
Әжім басқан жарық нұрлы жүзін,
Нендей көрік, нендей сәні бар.
Шошынған ол, безген, бетін басқан,
Бір қарауға жерден жиіркеніп.
Қол жетпейтін биік алысқа асқан,
Бұлдырайды шақ - шақ көрініп.
Көкте ызғар, жерде ойнақ салып,
Ұйтқып ескен долы салқын жел,
Ойды - қырда түссіз тоңған қалып,
Тілсіз дала, үнсіз жатыр ел.
Қайда қаз, қу көкте қиқу салып,
Суылдатып қанат қағынған.
Тамылжыған жазғы таң сәріден,
Шуылдасып көлге жиылған.
Қош айтысқан, кеткен көңіл суып,
Туған, өскен жерге бауырлас.