Даңқты балуан, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы — Жақсылық Үшкемпіров 5 бірдей медалін жергілікті өлкетану мұражайына табыс етті. Әлем және
Мәскеу Олимпиадасының чемпионы — Жақсылық Үшкемпіров 1968 жылы Семейдегі
малдәрігерлік институтына оқуға түсіп, алғашқы жаттығуларын осында бастаған. 6
Жыл осы қалада тұрып, отбасылы болды. Айта кетейік, бір ғасырдан артық тарихы
бар бұл мұражайға кезінде хакім Абай да өз заттарын сыйға тартқан.
«Осы жерден өсіп-өніп, үлкен шыңға шыққаныма, Олимпиада деңгейінің алтын
медалін алуға киелі жерден шығып, соншама атақты жерге жеткеніме мен мың да
бір рақмет айтамын! Бүгінгі менің тапсырып отырған медальдарымның барлығы да
осы жерге, кейінгі ұрпаққа үлгі болса, осындай біз сияқты әлемнің, Олимпиаданың
чемпионы шығып, қазақ елінің кім екенін дүниежүзіне танытса, одан артық бақыт
жоқ!», – дейді Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров.
(«Қазақ үні» газетінен)
Мәтін бойынша 4 сөйлем тәсілін пайдаланып айт
Ел мен үшін не істей алады деп сұрама, қайта ел үшін өзім не істей аламын деп сұра?! Бабаларымыз елін, тілін қорғап, болашақ, яғни қазіргі Қазақстан үшін жанын қиды. Ол кездерде қиын кезең болып, отбасыларының еркектері соғысқа аттанып, әйелдері сол ауылдағы ауыр жұмыстарды істеді. Бірліктің, достықтың, ерліктің арқасында Ұлы Отан соғысында жеңіске жеттік. Қазақ халқы өздерінің ұлтшыл, намысшыл болуының әсерінен 1991жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекетке айналды. Бүгінде халқының саны 16 млн, 140 ұлт бар.Ұлы Отан соғысына дәл бүгін 66 жыл болды. Ал, соғысқа қатысқан адамдардың ішінде бүгінгі күнге жеткендері де, соғыста қаза тапқандары да бар. Сол қаза тапқандарды әрдайым еске алып тұрады. Сондықтан 9 мамыр Жеңіс күні деп белгіленген. Елімізді жаудан қорғаған батырларымызға айтар алғысымыз шексіз!