аяна деп кой
Әрбір қазақ отбасында дүниеге сәби келгенде оған жарасымды, мағыналы, әрі әдемі есім беруге тырысады. Кейбір отбасылар заманауи ат қойса, енді кейбіреулері ата-бабаларының, ұлы тұлғалардың есімін қояды.
Әдетте бала есімін елге сыйлы, құрметті, беделді азаматы қояды. Сәбиді қолына алып, сәбидің аяғын құбылаға қаратып жатқызып немесе қолына алып, оң құлағына азан шақырып, сол құлағына қамат түсіріп, көпшіліктің көзінше сәбидің есімін екі құлағына үш мәрте қайталап айтады. Осы сәттен бастап, қазақта ата-ананың бала алдындағы міндеттері басталды деп есептеген. Нәрестеге есімді егер оның ата-әжесі тірі болса, міндетті түрде солар ұсынған ат қойылады. Осылайша менің есімімді әжем таңдап, «аяна » болсын деп шешіпті. аяна– есімі әдемі есім
«Мектептегі домбырашылар сайысы».
Өткен аптаның жұма күні мектебімізде домбырашылар сайысы өткізілді. Сайысқа 5-9 сынып окушыларынан 15 оқушы қатысты. Әділ қазы мүшелері мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі, К.Байсеитова атындағы музыка колледжінің оқытушысы және Мәдениет үйінің директоры болды. Сайыс екі кезеңнен тұрды, бірінші кезеңде үй тапсырмасы ретінде оқушылар қалаған шығармасын орындаса, екінші кезеңде тыңдалған күйді барынша жақсы қайталауға тырысты. Бірінші кезеңнен 8 оқушы сүрінбей өтті. 3 оқушы жүлделі орынға ие болды, олар: 1 орын - 8 "а" сынып оқушысы Ахметов А., 2 орын - 7 "в" сынып оқушысы Асанов Е. және 3 орын - 5 "г" сынып оқушысы Серікова М. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, қалалық музыкалық сайысқа жолдама алды. Барлық қатысушылар дипломмен марапатталды. Сайыс өте жоғары деңгейде өтті.