Ерітінді — бір заттың екінші бір заттық ортада біркелкі таралуы аркылы әзірленген гомогендік жүйе[1]; кем дегенде екі компоненттерден, бірі еріткіш, екіншісі еритін зат болатын айнымалы құрамның химиялық тепе-теңдiк күйі болатын жүйе. Ерітінділер газ тәрізді, сұйық және қатты болуы мүмкін (сондай-ақ полимерлердің ерітінділері ерітінділердің үлкен тобын құрайды). Олардың ішінде жан-жақты зерттелгені және жиі қолданылатыны сұйық, әсіресе, сулы ерітінділер. Сондықтан тұрмыста ерітінділер деп, көбінесе, сұйық күйдегі молекула-дисперстік жүйелерді айтады.Ерітінділердің құрамы құрамдас бөліктердің концентрацияларымен сипатталады. Ерітінділер қаныққан, қанықпаған және аса қаныққан деп бөлінеді. Берілген температурада жақсы еритін заттардың ерігіштігінің де шегі бар. Еріген заттың концентрациясы белгілі бір мөлшерден асқанда, оның артығы ерімей, ерітіндінің түбіне шөгеді. Бұл кезде ерітінді мен еріген зат тепе-теңдік жағдайда болады. Мұндай ерітінділерді қаныққан ерітінділер, ал концентрациялары қаныққан ерітіндінің концентрациясына дейінгі барлық ерітінділерді қанықпаған ерітінділер деп атайды. Кейбір еріткіштің белгілі бір мөлшерінде еритін заттың ерігіштігіне сәйкес мөлшерінен де артық мөлшерін ерітуге болады.
Объяснение:
ответ:Дәрігер деген кең ұғым, қастерлі мамандық. Бұл мамандық иелерінің жауапкершілігі де мол, атқаратын жұмыстары да ауқымды. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін осынау маңызды салаға бүкіл өмірін арнап келе жатқан абзал жандар қаншама.
Коронавируспен күрескен қазақстандық дәрігерлер күн демей, түн демей кезекшілікте болып, отбасынан жырақта жүріп қызмет етті. Науқастарды қабылдаудан бастап, олардың көңіліне қаяу түсірмей, барынша қолдау білдіруге де тырысты. Вирустан сақтайтын арнайы қорғаныш киімін де тәулік бойы киіп жүруге мәжбүр болды. Ауа өткізбейтін формамен жүру, көздің астын қажайтын медициналық бетперде тағу әсте оңай емес. Карантин кезінде еңбек еткен ақ халаттылармен тілдескен едік.
Қапшағай өңірі Алматы облысының оңтүстік-орталық бөлігінде, Қапшағай су қоймасының жағасында, Алматыдан 70 км. жерде орналасқан.
Қапшағайда тұщы судың ірі қоймасының болуы себебінен ерекше микроклимат түзіледі, бұл осы өңірдің флорасы мен фаунасының дамуына жағымды әсерін тигізеді.
Қапшағай қаласының туристік әлеуеті Қапшағай су қоймасының ресурстарына негізделеді. Іле өзенінің оң жақ жағалауындағы жартастарға салынған суреттер және «Көшпенділер фильмінің» декорациялары туристердің қызығушылығын арттыруда.
Қапшағай су қоймасы Іле өзенінің орта ағысында орналасқан жасанды су қоймасы болып табылады, оның ұзындығы 100 км, ені 25 км. Табиғи-климаттық жағдайларына байланысты, бұл жер Алматы қаласы және облысының тұрғындары үшін жағажай демалысына таптырмайтын орын болды. Жазда бұл жердің ауа температурасы +40°С. Мамыр-маусым айларында су температурасы +18+20°С жетсе, шілде-тамыз айларында +22+28°С дейін жетеді.
Қапшағайдағы туристер ең жиі баратын жер – 1994 жылы арнайы итальяндық жоба бойынша салынған қалалық аквапарк. Бұл кешенде балаларға, сондай-ақ үлкен кісілерге арналған арнайы су аттракциондары бар.
Жасанды су қоймасының жағалауында 150-ден астам демалыс базалары орналасқан. Бұл орындар және олардың ұсыныстары туристердің қалауы және жағдайы бойынша алуан түрлі болып келеді.
Кейінгі жылдары Қапшағай су қоймасының демалыс базаларына әр түрлі іс-шаралар, би кештері, спорттық жарыстар, түрлі акциялар өткізу кеңінен таралып келеді.
Келешекте Қапшағай қаласының аумағында жобалық атауы «Жаңа Іле» болып келетін ірі туристік орталық және ойын-сауық қалашығының құрылысы жоспарлануда.
Қапшағай қаласы 1970 жылы құрылды.
Жалпы ауданы: 3,6 мың км.
Халық саны: 46,0 мың адам
Алматы қаласынан: 70 км жерде
Талдықорған қаласынан: 209 км жерде