М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
hitman1790
hitman1790
28.08.2022 19:46 •  Қазақ тiлi

, Ыбырай Алтынсарин Жаз және Өзен өлеңіне эссе

👇
Ответ:
Mayburovmaks
Mayburovmaks
28.08.2022

Ыбырайдың адамгершілік жайында, оқу-ағарту тақырыбы төңірегіндегі шығармаларынан өзге табиғатты жырлаған «Жаз» және «Өзен» деген өлеңдері бар. Бұл шығармаларды Ыбырайдың ақындық қуатын танытатын өлеңдер деп атасақ қателеспегендік болар еді. «Жаз» өлеңінде ақын табиғат пен жан-жануар, адам өмірін өзара астастыра суреттейді. Ыбырайға дейінгі поэзияда дәл осындай бірыңғай табиғатты сипаттау болмаған десек, бұл туындының әдебиетімізден алар орны мен мәні айқындала түсетіні анық. Бұл салада Ыбырай тыңнан жол салып қана қоймай, көшпелі қазақ өмірінің тыныс-тіршілігі мен жанды көріністерін қаз-қалпында танытады. Өлеңнің «Сәуірде» деп басталуына қарағанда, бұл шығарма алты ай жаздың алғашқы кезеңдеріне арналғандай. Сол кездегі елдің жайлауға көшіп шыққан мезетін, қыстан қысылып шыққан жұрттың қуанышқа кенелген көңіл күйін, табиғатпен қайта табысып, мал төлдеп, ақ көбейіп, тойынатын уақытын табиғаттың маужыраған мейірімді сәтімен, әсем суреттерімен ұштастыра суреттейді. Табиғаттың төрт мезгілі жөнінде дәл осындай суретпен жыр жазған Абай мен Ыбырайдың осы тақырыптық бірлігі мен жазу ұқсастықтарын саралаған Мұхтар Әуезов: «Екеуінің қазақ ауылындағы көктем жайында жазғандарын оқып отырсаңыз, шынында бір ақындық мектептің, бір түрлі ақындық дәстүрдің үлгісін көресіз және екеуі де бұрын қазақ жазбаған өлеңді жазған» деп ой тұжырған.

4,5(32 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
bochinskaya06
bochinskaya06
28.08.2022

Мен күзгі демалысты өте асыға күттім,Себебі,менің ата-анам мені саябақтарға апарып,кинотеатралардың жаңа прьемераларына апарамыз деп уәде берді,Бірақ өкінішке орай ата-аналарымның қолы жұмыстан босамады, Ауа-райы демалыста қандай жарқырап тұрды,Көңілім өте көтеріңкі болды,, Келесі күні мен құрбыларыммен кездесіп,кішкентай сіңілімді кинотеатраға апардым,Кинотетрдаға адамдарды көрсеңдер,бәрі асыға билеттерін сатып алып киноға жөнелді,Біз де сіңілімнің сүйікті мультфильміне кірдік''Облачно возможно осадки,Месть ГМО2''.Бәрімзге ұнады,Тағы әжем мен атама барып,қуантып кеттім,сөйтіп жүргенде демалыстың біткенін де білмей қалдым! Күзгі демалыс ең қысқа демалыс екенің аңғардым,Сөйтіп барлық күшімді жинап келесі ,оқу  тоқсанына кірістім

Объяснение:

4,5(91 оценок)
Ответ:
Veteran1941
Veteran1941
28.08.2022

Ынтымактан пайда болад

Ырыс дегеніміз не? Ынтымақ деген не мағына? Ырыс сөзін – береке, ынтымақ сөзін – бірлік мағынасымен синонимдес етіп қарастыруға болады. Ырыс-ынтымақ, береке-бірлік ұғымдары тете қолданылатын егіз тіркестер.

«Бірлігі жарасқан ел», «Бірлік болмай, тірлік болмас», «Береке басы – бірлікте» деген қанатты сөздерді жиі қолданамыз. Бізге бірлік не үшін керек? Бірліктің белгісін қайдан көреміз?

Берекені бетке ұстаған басы бір ел болу үшін мемлекетке татулық қажет. Мемлекет отбасыдан құралады. Әр отбасы өз ішінде ынтымағы жарасқан татулық сақтаса, еліміз де байы кедейіне қарасқан дамыған мемлекетке айналары хақ.

«Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, барлық жетістіктерінің негізі» деп еліміздің көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, елді көркейтуге үлес қосамын, мемлекетті жетістікке жеткіземін деген әрбір жан өзінен бастап, қисынды қоғамды құруға қатысады.

Ертең жеке шаңырақ, бөлек отау болғанда араласатын адамдарымыз – қазір бір кеседен су ішіп жүрген бауырларымыз. Солар үшін жан беруге де әзірміз. Әрқайсысымыз өз сыңарымызды тапқанда, оларды естен шығармай, қарайласып тұру үшін қазірден бастап өзімізді жанашырлыққа, бауырмалдыққа баулуымыз керек.

Өз туған-туыстарымызға қырғи-қабақ көрсетіп, араласпай жүретін болсақ, өзге кісілермен тым жақын араласып, тату болғанымыздан пайда жоқ. Балапан ұясында мейірімділікпен, қамқорлықпен сусындап өссе, одан қатігез, қайырымсыз кісі шығуы мүмкін емес. «Дастарқан дарқанды болса, үй іші де шырайлы, бала-шаға да шат-шадыман» деген Бердібек Соқпақбаев.

Әр адам өз отбасындағы береке-бірлікті басшылыққа алса, мемлекет те ризықты, табысты болады. Мемлекетіміздің мықшегедей мықты, кемірілмес күшті болуы – жастардың қолында. Қазақстан жастары «Ырыс алды – ынтымақ» сөзін әрдайым жадында жаттап, Мағжан артқан сенімді ақтайды!

Объяснение:

4,6(15 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ