Бұрынғыдай ақындардың бір-бірінің намысына тиіп сөйлеудің жоқтығын қазіргі ақындардың моральдық тұрғыдан кемелденуі деп бағалайды. Әрине, қоғамның дамуы мәдениеттілікті талап етеді және қазіргі айтыс ру айтысы емес, бүгінде өз руына артықшылық беруді қай орта болса да, төмендік деп таниды. Ал, айтыста, қалайда, жеңу керек болған соң алдындағы адамның сарылығын немесе қаралығын айту, осы деңгейдегі түрлі теңеулерді құрал ету қазірде жас талап арасында жиі кездеседі. Адамның дене бітіміндегі кемшілікті тілге тиек ету бұрыннан бар, алайда, ол кезде тиісетін ақынның сөзі де, жауап берушінің де шешендікпен қайтарар сөзі дайын болған соң айтыстың ширақтығы сезіледі
Қазақстан - біздің Отанымыз.
Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.
Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Ұлан - байтақ далада төсін кеңге жайған, табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көпұлтты мемлекет. Әнұранымен әйгілі, Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі егемен елімізге қызыға қарамайтын ел жоқ шығар.
Мен өз елімді мақтан тұтамын. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын еліміз қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік картада өзіндік ерекше орны бар. Қазақстандай дархан елде қаншама ұлт өкілдері тату - тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр.
Туған жерін жырға қоспаған, туған жері жайлы толғанбаған ақын-жазушылар жер бетінде жоқ шығар.
Менің туып - өскен жерім егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және пайдалы қазбаларға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді.
Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген.