М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Исбанка
Исбанка
04.12.2022 17:02 •  Қазақ тiлi

Зілді бұйрық өлеңіндегі халық күйзелісінің суреттелуін сипаттаңдар, өлеңді сюжеттік - композициялық құрылысына қарай талдаңдар.

👇
Ответ:
Olhast
Olhast
04.12.2022

Өлең тұтастай оқиға желісіне құрылған және тарихи деректермен берілген, осыған қарап нақты тарихи оқиғаның берілгендігін аңғару қиын емес. Бұл 1916 жылғы сар даланы сабылтқан сұрапыл жарлық болатын. Өлең мазмұнынан халықтың толқынысты хал-жағдайын, күпті көңіл-күйін нақты көруге болады. Жамбыл Жабаевтың өзі де бұл тарихи оқиғаның саналы куәгері болғандықтан, қалтқысыз жеткізе білген.

«Отыз бір – он тоғызды алад» деген

Суық хабар халықты бұлқындырды.

Жылады сорлы халық малын айтып,

«Кеткен соң қолдан шығып келмес қайтып», -

Дейді де, еңірейді, егіледі

Қайғының күндіз-түні күйін тартып. –

Міне, қарапайым халықтың күйі осы. Халық нақақтан баз кешуде. Ал басы бір, намысы нар азамат ерлер бір тудың астына ат байлай бастады. Алайда, атпалдай азаматтарды әскерге былай бір алып кетсе, арынды ерлерді тұтқынға салып, дарға асып жатты. Бұл қайғылы да қасіретті көрініс Жамбыл жыраудың жанын жаралап, боздақ күйін базыната берді. Жыраудың ендігі күйі – халықтың басына үйірілген қара бұлтты жырмен сейілту. Боздақтарынан айырылған халықтың есеңгіреген ымырт шағы шығармада жақсы көрсетілген. Тарихи тұтастықты теңдей ұстай отырып халық мақсат-мұратын жырлай білген дала жырауының жыр шумақтары үлкен бір тарихи жырды алып келе алды. Өлең көлемі тарихи жырдың көлем пішіміне еш келмесе де сипатталған сюжет пен жеткізілген оқиға сарыны тарихи жырдың күшін танытып тұр.

Жөнелді абақтығы соры қайнап.

Барады боздақтардың көзі жайнап.

Қамалды абақтыға қырғыз, қазақ

Білмеді не боларын сырттағы ел

Қамалғандарды тірідей тартты азап.

Жырда шытырман оқиғалар да біртіндеп беріліп отырады. Халықтың жасаған әскери қимылдары мен басшы батырлардың ту көтерген ұрыстарынан дерек беріліп, сипатталып отырады. Шығарманың бұл ерекшелігі – оқиға мен жыраудың жеткізгісі келген идеясының сіңісіп кеткендігінен болса керек.

Жырау толғап отырған жырдың идеялық қуаты жыр шумақтарының соңында кесіліп түседі:

... Аттандық ұлығының қонысына

Елді сорған борсықтай болысына.

Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып

Көксеген азаттықтың соғысында.

Азамат ердердің ардалы ісін жырына қосып, қос қолдап жырлай білген жыраудың мұраты да ерлердің ісін дәріптеу болатын. Қиямет заманда халқының мұң-қайғысы мен намыс арманы үшін жанын қиған Бекболаттай, Ботпайдай ерлердің батырлық болмысын келер ұрпаққа үлгі ету керек болды. Осылайша, қаһармандық жыр туа келді. Азаттықты аңсаған халықтың қаһармандық қасиетін танытқан осынау Жамбылдың жыры ұрпақ үшін жоғалмас қазына болмақ.

4,6(43 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
миха395
миха395
04.12.2022
- Як чудово, що сьогодні вже почалися зимні канікули. - Так, це дуже чудово. - Таню. Як ти будеш проводити зимні канікули? - Я буду гратися на дворі снігом. Ліпити снігову бабу. Кататися на лижах, санках і ковзанах. - Я теж. Завтра я їду в місто до бабусі на два дні. А через два дні приїду і буду розважатися. - Чудово. Я дуже люблю зиму. - Я також. - Тоді ходімо гратися. Зараз Петрик принесе сані і ми будемо кататися. - Ходімо. Але я також принесу свої сані і лижі. Якщо хочеш я дам тобі сані, або лиж
4,5(84 оценок)
Ответ:
svashalol
svashalol
04.12.2022
Ойынға қатысып, екі команда бойынша 12 адам. Ойын алаңында орналасқан 5 ойыншылардың әрбір команда. Шектеулер үшін ауыстыру жоқ. Мақсаты: гол сақина қарсыласын ең көп доп соққан, беруге болмайды, екінші команда басып доп гол соғуға өз ring. Қайсысы қайда ойыншы, бросающий сақина, түсуін есептеледі әртүрлі ұпай саны. Үшін лақтыру сәйкес айып сызығы есептеледі 1 ұпай, лақтыру, орта немесе жақын қашықтықта (жаргоне - бояу) - 2 ұпай 3 ұпай беріледі лақтыру үшін-3-көзілдірікті желісі, ол ара қашықтық 6 м 75 см (7 м 24 см НБА) Доппен ойнайды, тек қолмен. Тыйым салынады: қашуға допты қолында, ударяя оның жынысы, арнайы ұрып, оны жұдырықпен немесе аяқпен, оқшаулауға кез келген бөлігіне аяқ. Кездейсоқ жанасу стопой немесе аяқпен емес, бар бұзушылықтарға ойын ережесін. Басталуы ойындар болып саналады даулы лақтыру орталық шеңберде өріс, осы іс-әрекет қатысып, екі ойыншының бірі соперничающих команда.Матч бөлінген төрт кезең бойынша 10 мина
4,6(53 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ