М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
emin77
emin77
20.12.2021 10:54 •  Қазақ тiлi

Осы тақырып бойынша алған білімдеріңді жинақтап, "Алаштың ардақты азаматы" атты дәлелдемелік эссе (сөз саны - 100) жазыңдар. даю

👇
Ответ:
анг26
анг26
20.12.2021

Биылғы жылдың рауандап атқан бір таңының шуағы қазақтың біртуар ұлы, қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан  Бөкейханның 150 жылдық мерейтойына түсті. Олай дейтін себебіміз, ұлы тарихи тұлғаның айтулы мерекесі ЮНЕСКО көлемінде тойланбақ. Халықаралық ұйымның кезекті 38-ші сессиясында қабылданған қаулыда осылай делінген. Көзі тірісінде: «Тірі болсам, хан баласында қазақтың қақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген сөзін ісімен дәлелдеп кеткен, есімі ел аузында аңызға айналған тұлға Әлихан Бөкейханның қым-қиғаш тағдырлы жолы өзі сүйген қазағының көз алдында сайрап жатыр. Ол жүріп өткен жолдардың шыр­ғалаңы – қазақтың азаттығын аңсау, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ елінің қиын уақыттарымен байланысты болатын. Маңдайына жазылған тағдыры болар, біліммен қаруланған ұлтжанды азаматтың өмір сүрген дәуірі – ел басына қиын-қыстау күн туған, алмағайып заманның аумалы-төкпелі тұстарымен сабақтас. Төре тұқымының төрінде туып, төренің есігінде жүрген құл-құтанның қамын ойлау-тек Әлихандай абзал азаматтың бойына қонған өзгеше қасиет тәрізді. Адам адамға ұқсағанымен, өзгеден айрықша көрінетін мінезімен не қылығымен ерекшеленеді. Бала Әлиханның да өзгелерден ерекшелігі, оның адалдығы, жалған сөйлемеуі, кісі қақысын жемеуі тәрізді жақсы қасиеттер. Ұлтын сүйген жүректің өз арнасынан ауытқымай, ұлтын сүйіп өмірден өтуі екінің бірінің басына қона бермейтін бақ. 

«Әлиханның  шешесі Бегім ханым кесте­ші, оюшы, сызушы, ол уақытта мәшине жоқ, қолмен істейді. Қайырымды, нашарлардың киімін істеп береді. Қолында жетім-жесір, нашар адамдар жүреді. Борамбайдың мылғауы Юсуф, Байғабылдың Мырзабегі сияқтылар. Жетім балаларға мұсылманша оқу оқытады, киімдерін жуып, жамап береді,…Әркімнің киімдерін тігеді, олар отын әкеп береді, тамақ әкеп береді. Жолдасы – Мықан төре қазақтың атқамінер пысығы, ит жүгіртіп, құс салады. 

…Әлихан оқудан келіп жүргенде жылқыға жау тиіп, төбелесіп, басын жарғызып, жылқыны  айырып алған. 15 жасында 1880-інші жылы «жеті аяз» деген суықта әке­сімен аңға барып, бүркіт суықтан жоғары ұша алмапты. Екі түлкі алғызып қайтыпты, Қараүңгір, Апақай деген жерден».

Міне, бұл – Әлиханның туған інісі Сма­хан­ның естелігі.

4,7(98 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Valensia59
Valensia59
20.12.2021

Объяснение:Туристік-рекреациялық ресурстар қатарына: курортты немесе емдік демалыс (минералды су, тау баурайы, орман іші, теңіз жағалауы), сауықтыру (ландшафты климат жағдайлары, қолайлы жыл мезгілдері, суға түсу маусымы), спорттық-альпинистік (тау тізбегі, қия жарлар, шатқалдар немесе шөлді-шөлейтті, халық сирек орналасқан жерлерге) және экскурссия-туристік (тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштер, табиғаттың көрікті орындары, этнографиялық нысандар, мұражайлар, бірегей таңқаларлық техникалық құрылыстар) нысандар жатады.[1]

4,8(47 оценок)
Ответ:
valeralera200
valeralera200
20.12.2021

Ана тілді қадірлеп ұстайтын ұлттың болашағы жарқын. Себебі, тіл қай елде, жерде болмасын ең қасиетті де қастерлі. Тіл-әрбір тәуелсіз елдің мақтанышы, абыройы. Ол атадан балаға сақталатын киелі мұра. Тіл-баға жетпес қазына. Демек, әр ұлт, әр азамат өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауы тиіс деп білемін.

Менің тілім-қазақ тілі. Мен оның шұбарлануына, аяққа тапталуына әрдайым қасқая қарсы тұруға қауқарлымын. Қазақ тілім байлығым, рухани жан дүниемнің айнасы, Отанымыздың өсіп-өнуіне бірден-бір септігін тигізер мәңгілік мұра. Еліміздің болашағы-оның ана тілі. Ол әрдайым бізбен өмір сүрері әсте белгілі. Тіл біздің бақытымыз болса, тілдің бақыты-оның болашағының жарқын болуы, ұлтының оны қадір тұта білуі деп білемін «Ана тілі-халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі»-деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, патриот азаматтың жүрегі қашанда тілі, діні болып соғуы тиіс. Себебі, қазақ тілі - Республикамыздың мемлекеттік тілі. Елімізде жүргізілетін іс-шаралар, құжаттар, қағаздар міндетті түрде мемлекеттік тілде болуы қажет. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де саналы ұрпақ пен көбейетіні бесенеден белгілі. Біздің мақсатымыз-әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің қатарында болу. Бұл көздеген мұратқа жету үшін,сауатты ұл мен қыз тәрбиелеу қажет. Ол дегеніміз - өз ана тілінде яғни қазақ тілінде еркін сөйлеп, оны тереңінен меңгере білген ұл мен қыз.

Әрбір адам өз ана тілінде сөйлеуге міндетті. Мен Отанымды,Тәуелсіз Қазақстанымды,қасиетті де қастерлі мекенімді, байлыққа, қазынаға толы жерімді, ең бастысы болашағы айқын, келешегі жарқын қазақ тілімді мақтан етемін.

4,6(31 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ